ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДІНИ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

79

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДІНИ САУАТТЫЛЫҒЫН

ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де білікті, алғыр әрі жалынды жастар қолында екені даусыз. Қай заманда да қоғамның негізгі қозғаушы күші – кейінгі ұрпақ. Бүгінде тәуелсіз еліміздің іргесін нығайту жолында жас ұрпақты заман көшіне сай қалыптастыру, рухани және адами қасиеттерді орнықтыру басты мәселелердің бірі болып отыр. Бүгін жұртшылық арасында діннің беделі артуда, діни нанымдар мен діни б­ірлес­тіктердің саны өсуде. Біз конфессиялық сан алуанды­ғымен ерекшеле­не­тін әлемдегі санаулы елдің біріміз. Сондықтан, азаматтарымыздың діни сауатты болғаны қоғамның тұтастығы мен тұрақты дамуының кепілі болып табылады.

Діни сауаттылықтың негізі мектептен қалануы тиіс.  Себебі, бүгінгі оқушы ертеңгі азамат, ел ертеңінің кемелді келешегі.  Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер-бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады» деген еді. Сондықтан да, мектептегі тәрбие жүйесінің құрамдас маңызды бір бөлшегі ретінде оқушылардың діни сауаттылығын қалыптастыру міндетін бөліп көрсетуге болады. Бүгінгі оқушылардың діни сауаттылығы – ертеңгі қоғамның қауіпсіздігінің кепілі болады. Біз діни сауаттылық деңгейін көтеру арқылы жастарымыздың діни идеологиялар мен деструктивті ағымдардың шырмауына түсіп қалудан сақтай аламыз. Діни сауаттылықтың төмендігі және оның болмауының салдары жастардың діни экстремистік қауымдарға қосылу үрдісіне кеңірек жол ашады. Жастардың діни санасы мен діни білімін қалып­тас­тыру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі ретінде қалып отыр. Діни сауаттылықты қалыптастыру үдерісінде 2009 жылдан бастап орта мектептердің 9 сыныптарына енгізілген «Дінтану негіз­дері» факультативтік сабағының орны ерекше. Пәннің енгізілуінің біршама жағымды жақтарын айқындауға болады. Алайда, «Дінтану негіздері» курсы 6,7,8 сыныптардан бастап енгізілсе оқушылардың діни сауаттылығының қалыптасуына едәуір пәрменді ықпал беретіні ақиқат. Оқушылар курстың соңында әлем халықтары арасында діни сенімдер мен діндердің пайда болуы, орнығуы мен дамуы, діннің мәнін, оның адам өмірі мен қоғамдағы алатын орнын, мақсаты мен мұратын түсіне, ажырата алу, өзін және жақындарын деструктивті және радикалды діни ағымдардың ықпалынан қорғай алу, өзгенің діни танымына құрмет сезімі мен өз сеніміне құндылық қатынасы және жоғары адамгершілік қасиеттер мен ізгілікті дүниетанымға ие тұлға болып қалыптасып шығуы тиіс. Орта білім беру мекемелерінде, құқық қорғау, медицина орталықтарымен жылдық бірлескен іс-шаралар жоспарлары әзірленетіні белгілі, сол сияқты облыстық Дін істері департаментімен әр мектептің бірлескен жылдық іс-шаралар жоспарлары құрастырылса мәселенің түйінді проблемаларының тікелей шешілуіне ықпал етеді.

Бүгiнде Қазақстандағы жалған дiни ұйымдар балалар мен жастарды шетел тiлiн үйрету курстарына, экологиялық форумдарға, «қарым-қатынас мектебi» деп аталатынға, психологиялық семинарларға, қайырымдылық және сауықтыру курстарына, жастар конференцияларына, демалыс  лагерлерiне шақыру және тағы басқалар арқылы өз қатарларына қосып алу әрекетіне көшкен. Имандылыққа бет бұрған жас­тарды мешіттер­ден де жиі кездестіреміз. Жас азамат­тары­мыздың діни санасы мен діни білімдерінің қалыптасуына бүгінгі мешіт имамдарының біліктілік деңгейі сай келуі тиіс. Соңғы кездері кейбір  мектептерге оқушылар діни киіммен (хиджаб) келіп жүргені жасырын емес. Білім беру мекемелеріне діни киіммен келу жағдайлары орын алып алып жатқан мектептер бар екенін де жоққа шығаруға болмас. Орта мектепте оқушылардың діни киіммен (хиджаб) келуіне жол беруге болмайды, себебі, Қазақстандағы 40 конфессияның өкілдері мектепте өзінің діни атрибутикасымен айқындалуға ұмтылады. Оған қоса Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасы зайырлы мемлекет, Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі зайырлы сипатқа ие. 2011 жылы 11 қазанда қабылданған «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының 3 бабы, 4 тармағында «діни білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасында бiлiм беру мен тәрбиелеу жүйесі дін мен діни бірлестіктерден бөлiнген және зайырлы сипатта болады» деп көрсетілген. «Білім туралы» Заңының 3 бабы 1-4 тармағында «білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерінің бірі білім берудің зайырлы сипаты болып табылады» деп нақтыланған. Біз, яғни білім беру мекемелері ешқандайда діни ұйымдардың ішкі ісіне араласпаймыз, ал діни ұйымдар неге зайырлы болып табылатын білім ошақтарының ішкі ісіне араласып, өздерінің діни атрибуикасын қолдануды

Жастар бойындағы жаман қылықтарға қарсы күресетін иммунитет – діни, рухани-адамгершілік және моральдық ұғымдар. Діни тәрбие адам бойындағы ар-намыс, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін оятады. Мектеп қабырғасынан оқушыларымызды діни, саяси сауатты, толыққанды жетілген тұлға етіп тәрбиелеп шығарған жағдайда ғана діни фанатизмнің қауіпінен арашалауға болады. Діни сауаттылықты қалыптастыру – заман талабы екендігін естен шығармағанымыз абзал.