Р дыбысын буын, сөз ішінде бекіту.

162

Р дыбысын  буын, сөз ішінде  бекіту.

Сабақтың  мақсаты:  Р дыбысын  буын, сөз  ішінде  дұрыс, анық

айтуға  машықтандыру. Суреттердің  атын  атату.

Бейнелі  сурет  бойынша  сөз  құрап  айтуға  үйрету.

Түзетушілік  мақсаты: Есту зейіндерін  көре отырып, есте  сақтау

қабілетін, қиялдарын елестету  қабілетін, ақыл – ой  және  фонематикалық  естулерін  дамыту.

Тәрбиелік мақсаты:    Балалардың  еңбекке  деген  сүйіспеншіліктерін                                            дамыту, сыныпта  тыныш отыруға, үлкенді  сыйлау

және  қадірлеуге  тәрбиелеу.

Сабақтың  көрнекілігі: Р  фонемаларының артикуляциялық  кескіні,

тілге арналған  артикуляциялық жаттығулардың

суреттері. Әріптердің кесіндісі, айна, түрлі – түсті

қағаздар.

Сабақтың  барысы:  

1.Ұйымдастыру  кезеңі.

Психологиялық  кезеңі.

Армысың  досым,

Кел маған қосыл.

Алақанға   салып  алақан,

Шеңберге  бірге  тұрайық.

Қолымызды  көтеріп,

Күннің  нұрын  алайық.

Ортамызда күн  нұры,

Құшаққа  оны  алайық.

  • Ал, қандай жылы  лебіздеріңді білдіресіңдер?

Аяздай  мықты  бол!

Қардай  аппақ  бол!

Судай таза бол!

Мұғалім:

Мұздай  мөлдір  бол!

 

  1. Тыныс алуға арналған жаттығулар

а) Алғашқы  қалпы (аяқ  қосулы): орыннан тұрып, иықтар  ашық;  басын  түзу  ұстау; бір қолын  диафрагмаға қойып, екіншісін  қабырғаға   қояды. «Бір»  дегенде терең  дем  алып, тынысын  ұстап  қалады;  1,2,3,4,5 дегенде  бірқалыпты  дем  шығару  (санап  тұрып).

ә) А. қ. 1 – ші жаттығудағыдай. 1,2 дегенде  терең  тыныс  алып;  1,2,3  дегенде  демін  ұстап  қалу; 1,2,3,4,5  дегенде  бірқалыпты  дем  шығару.

 

  1. Мимикалық жаттығулар мен  беттің бұлшық  еттеріне  массаж.

а)Лимон жегенде. (3 – 4 рет)

ә) Қуанғанда. (3 – 4 рет)

б) Таңғалғанда. (4 – 5 рет)

в) Ренжігенде. (4 – 5 рет)

 

4.Ерінге  арналған  жаттығу

а) Екі  ерінді  ауыз ішіне  тарту. (1-4 рет)

ә) Үстіңгі  және  астыңғы ерінді  уқалау. (1-4 рет) 

б)  Ерінді алдыға  созуын  үйрету.

Түйіскен  еріндерді  алдыға  түтікше  тәрізді созу. ( 1-5 рет)

в) Жоғарғы  және  астыңғы  тістерді  көрсетіп  қиналмай  жымию (балаға     дұрыс  істеуді  үйрету  үшін  іштен  «и»  дыбысын  айту  керек). (1-5 рет)

 

  1. Артикуляциялық жаттығулар.

Р дыбысына  байланысты  жаттығулар  жасаймыз.  

                               «Кімнің  тісі  таза?»

Ауызды  аздап  ашып  тілді  оңға – солға  жылжытып, тілдің  ұшымен  жоғарғы  тістерін  іш  жағынан  «тазалау»  керек.

«Сылақшы»

Жымиып, аузын ашып, тілді  алға – артқа  жылжыта  отырып, тілдің  ұшымен  қатты таңдайды «сылау»  керек.

«Дәмді  тосап»

Жалпақ  тілмен  жоғарғы  ерінді  жалап, ауыз  қуысына  кіргізу.

                                «Дабылшылар»

Жымиып, аузын  ашып,  тіл  ұшымен  жағарғы  иістер  артында  «д»  дыбысын  анық  және  бірнеше  рет  қайталап  «тоқылдату» керек: д – д – д. Алғашқыда «д»   дыбысын  ақырын (баяу), бірте – бірте  жылдамдатып  айтқызу  керек.

 

  1. Дыбысты айтуын машықтандыру.

Ойын « Жануарларға айналамыз ».

Бір, екі, үш, жануарларға  айланамыз.

Итті бейнелеңдер, ол  қалай  ырылдайды (рррр).

Тоқылдақ  ағашты қалай тоқылдатады (тр – р – р, тр – р – р).

Мысық қалай дауыстайды (мур – р – р – р).

Қарғаның баласы  қарны  ашып анасын дауыстап  шақырады (кар – р – р – р).

 

  1. Буындарды қайтала (оқы).

Ра – ра – ра – ара                       Ар – ар – ар – қар

Ро – ро – ро – ром                     Ор – ор – ор – тор

Ру – ру – ру – керу                    Ур – ур –ур – ура

Ры – ры – ры – рыс                   Ыр – ыр – ыр – отыр

 

  1. Сергіту сәті.

— Р  дыбысының  қөңілі  қөтеріліп, өлеңдете  бастады. Бізде  оған  қосылып оның  өлеңін айтайық (Ра – ра – ра  ұшып  келді  ара. Ар – ар – ар  тауға  жауды  қар. Ыр – ыр – ыр шаршап  қалсаң  отыр.

 

  1. Дыбыстың талдау мен жинақтау   дағдыларын  дамыту.

Тапсырмалар:

Аңның  атауы Ж дыбысынан басталып,С дыбысымен аяқталады.

Бұл не? (жолбарыс). Неше  дауысты дыбыс бар? Неше  буыннан тұрады? «Р» дыбысының орнын  анықтаңдар. Бұл сөз  неше  дыбыс бар?

  • Шашылып қалған дыбыстарды  жинап, сөз  құрастырыңдар: «к», «і», «р», «к»,«е».
  • Буындары шатасып  кеткен  сөздерден жануарлардың  аттрын  құрастырыңдар:  ра-зеб,   қыр-қас,  лы- ғаш-қар.

 

9.Балаларды  мақтап, мадақтау.

 

  1. Қорытынды.

— Біз  бүгін  сабақта  не  істедік?

Қандай  дыбысты  дұрыс  айтуға  үйрендік?

  1. Үйге тапсырма беру.