«Оқушылардың сөйлеу мәдениеті мен ой-өрісін дамыту» (Баяндама)

105

«Оқушылардың сөйлеу мәдениеті мен ой-өрісін дамыту»

(Баяндама)

Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде оқыту жалпыға міндетті білім стандарты,базистік оқу жоспары,тілді оқыту тұжырымдамасы және мемлекеттік оқу бағдарламалары негізінде жүзеге асырылады.

Осыған  байланысты оқу бағдарламаларында қазақ тілінен берілетін білім мазмұны мынадай ұстанымдар негізінде құрастырылған:                                                                                                                 1. Тақырыптық ұстаным.                                                                                                                         2. Жүйелік ұстаным.                                                                                                                                                             3. Қызметтік ұстаным.                                                                                                                                                                                         Осы  ұстанымдарды  басшылыққа ала отырып, бағдарламада оқушы сөйлеп үйрену үшін қандай грамматикалық меңгеруге тиіс және оған қажетті лексикалық, грамматикалық жүйесін жасату т.б. мәселелер ескеріліп, әр топта оқылатын материалдар оқушының сөйлеу, ойлау қабілеті мен тілін дамытуға бағытталады.                                                                                                                           Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың тіл-ойлау қабілетін дамыту  жұмысына байланысты  жағдайлар : 1. Мәтінмен жұмыс.  2.Мәселемен жұмыс. 3.Ойын, сергіту жұмысы немесе сұрақ-жауап, тест түрлерін қолдануға болады. Бұл жағдайлар оқушының сабаққа қызығушылығын арттырумен қатар, сабақты  түрлендіріп өткізсе зеріктірмейді деп ойлаймын.                                                                                                                           Сонымен қатар, коммуникативтік оқыту арқылы да тілдік әрекеттің барлық түрін де- тыңдау, сөйлеу, жазу да оның іске асуын қамтамасыз етеді. Оқу, сөйлеу, тыңдау,жазу – ауызша өзара қатынас, жазбаша өзара қатынас екеуі де бірдей уақытта дамып отырады.  Осы арқылы оқушылардың танымдық қабілеттері дамып, сөздік қорлары молаяды. Осылар дамығаннан кейін оқушының қиялы мен ойлауы, есі мен қабылдауы, зейіні дамып қалыптасады.

Сөздік қордың дамуы көбіне мәтінмен жұмыс жасағанда, белгілі бір мәселені шешкенде  дамиды. Сабақ –  оқытудың барлық кезеңінде оқушы мен мұғалімнің бірлесіп істейтін тиімді әдістерінің жүйесі екендігі бәрімізге белгілі, сондықтан да менің ойымша пәнге  қызықтыру арқылы сабаққа  ынтасын арттырып, оны бірте-бірте  тұрақтандырып, қалыптастыру қажет.

Менің оқыту тәжірибемдегі мақсатым – баланы субьект ретінде оқуға өзінше қызықтыратын, қабілетін арттыратын жағдай туғызу. Оқушыларды оқуға іс-әрекеті арқылы ойлау, сөйлеу дағдыларын жетілдіру арқылы бірлесе әрекет ету. Нәтижесінде іс жүзінде күнделікті тұрмыс-тіршілікте ауызекі сөйлеуге икемді болады.

  1. Сабақ жөніндгі, кәсіптік саламен байланысты сөздікпен жұмыстанамын. Бұнда – ой сергіту және қатесіз жазу үшін «Сөзжұмбақ» шешкізу ретінде жұмыс жүргіземін.
  2. Жаттығуларды талдату арқылы «Өзіңді тексер» бағытындағы тапсырмалар оқушының ауызекі сөйлеуінің түрі, негізі болып табылады деп ойлаймын.
  3. Кесте құру арқылы сөйлете отырып, әңгімелету де оқушының ойын жеткізе білуіне ықпал жасайтын жұмыс түрін пайдаланамын.
  4. Үй тапсырмасы ретінде – фразеологиялық сөздікпен жұмыстануды тапсырамын. Бұнда оқушы қолданыста  жоқ, әдеби сөздер мен көнерген сөздердің мағынасын ашып, сөйлем құрап келеді. Бұл әдіс — оқушыны шешендікке баулудың тиімді жолдарының бірі деп есептеймін.
  5. Проблемалық тақырыбымды жетілдіру бағытында – шешендікке баулудың тағы бір сатысы — әр сабақта ортаға бір мәселені тастап, талдаттырамын. Ол ойталқы, сөзталас, пікірталас, диспут т.б. болуы мүмкін. Бұл арқылы да оқушылар таласып, қызу  пікірталас үстінде өз ойларын  қорғап, дәлелдейді.Сөйлеп үйренеді, өз ортасында пікірін жеткізуге дағдыланады.

Осылайша оқушы сөйлеу әрекетінде өз көзқарасын дәлелдеп, алған білімін ауызекі сөйлеу түрінде  пысықтайды.  Монологті және диалогті сөйлеуге дағдыланады. Яғни, «дұрыс па?» деген сұраққа жауап беруге дағдыланады.                                                                                                                                    Қорыта айтқанда, қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда оқушыға өз ойын басқа біреуге дұрыс жеткізе алу үшін ауызекі сөйлесу, коммуникативтік дағды мен білікті меңгеріп, тіл үйретіледі. Кәсіптік біліммен қаруланған оқушы болашақта өз ісінің шебері, білгірі болумен қатар,  сөйлей білу де қажет. Сол үшін әр оқушының өз ойын еркін жеткізе білуі бағытында  жүйелі жұмыстынып, үш тілдің қажеттілігінің артуына мән беріп, жағдай жасау – қазіргі заман талабы.