Тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Ұлт мақтанышы- Президент»

 

Тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан  Әбішұлы Назарбаев

 

 «Ұлт мақтанышы- Президент» 

Мақсаты: Тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан  Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы мен қызметі , ел басқару ісіндегі еңбегі жайлы оқырмандарға жеткізу.

Көрнекілігі:  Видио ролик, Ашық кітап көрмесі және шолу.

Сахна безендірілген Н.Ә.Назарбаевтың кітаптарынан көрме ұйымдастырылған.

 

1 жүргізуші.

Қайырлы күн құрметті ұстаздар және оқушылар Бүгін біз 1 желтоқсан Қ.Р- ның Тұңғыш Президенті күніне арналған  «Ұлт мақтанышы- Президент»

атты  Әдеби сазды қойылымды тамашалауға шақырамыз.

(Сахнада «Балалық шағымның аспаны» кино филімінен  үзінді  көрініс. Әсем безендірілген киіз үй, Үшқоңыр әні баяу ойнап тұрады ,Киіз төрінде төрінде бала Нұрсұлтан, Әлжан әже, Әбіш ата отырады.)

(Сахна сыртынан дауыс )

Анасы түсінде буырқанып дөңбекшіп жатқан теңізді көреді. Теңізге түссе тұбінен қару тауып алады.  Иығына мылтықты асып алып, еш тұншықпастан, қиналмастан жағаға шығады. Анасы ағайындарына түсін жорытқанда: Алла  жар болсын, түсің жақсы екен, дүниеге шекесі торсықтай үл келеді деген екен. Міне, бұл 1940 жылдың 6 шілдесінде шыр етіп дүние есігін ашқан Нұрсұлтан Әбішұлы  Назарбаев еді.

Әже: бізді  жаратқан бабамыз адам жаратушы жұмақ бағынан, қуып жібергенде тыңдады балам.

Нұрсұлтан: Әже, содан кейін не болды?

Әже: содан кейін балам, жаратушы ием адам баласын жер бетіне жаратты.

Нұрсұлтан: Әже біз қалай пайда болдық?

Әже: Барлық адамдар адамнан пайда болды. Бірақ олар әр түрлі жерде тұрады. (Нұрсұлтан  дермен тартады)

Әже: О о о  менің балам жігіт болып қалыпты – ғой, қазақтың  әр бір баласы өзінің жеті атасын білуі керек. Әбіш сен өзің Сұлтанға түсіндірсеңші.

Әбіш:  Сұлтан зер салып тыңда балам, сенің жетінші атаңды Айдар деп атаған.

Нұрсұлтан: Айдар (Саусағын бүгіп)

Әбіш:  Айдардан кейін Мырзатай

Нұрсұлтан: Мырзатай

Әбіш: Одан кейінгі атаң, Кең баба

Нұрсұлтан: Кең баба

Әбіш : Кең бабадан соң, Еділ

Нұрсұлтан: Еділ

Әбіш: Еділден кейін Сапақбай

Нұрсұлтан: Сапақбай

Әбіш: Сапақбайдан кейін Назарбай

Нұрсұлтан : Назарбай

Әбіш: Назарбайдан……

Нұрсұлтан: Назарбайдан Әбіш

Әбіш: дұрыс айтасың балам.

Әже: Ия, Әбіштен тәңірім маған сені сыйлады. (Кенеттін самалет гүрілі естіледі) Нұрсұлтан аспанға қарап, орнынан тұрады.

Әже: Сұлтан қайда барасың? (Әжесі қоса тұрып), астапыралла, астапыралла бұл не шу, бұл не дыбыс?!

Нұрсұлтан: Әләқай,Әләқай  Самалет. Нұрсұлтан жүгіре жөнеледі. Әбіш пен Әлжан соңынан жүріп сағынадан шығып кетеді.

 

1 жүргізуші: Ия, сол бала Нұрсұлтан қазіргі таңда әлемді аузына қаратқан  Қазақ елінің маңдайын біткен дара тұлға. Қазақстан Республикасының   президенті  ұлт көшбасшысы.  Елін сүйген- елі сүйген елбасы.

Қазақ биі 

2 жүргізуші:

Біз бүгін ұлтымыздың абыройына айналған Президентіміз үшін мақтана аламыз. Қазақтың құлан жортса тұяғы тозатын  Қыран ұшса қанаты талатын  ұлан байтақ жері бар, сол жері мен елін  егемен ел етіп,  әлемге танытқан Елбасы.

1 жүргізуші: Кезекте  Нұрсұлтан Назарбаевтың балалаық шағынан үзінді.

Ежелден ел тұтқалар ел орнатқан.

Ұласқан ұрпағына  олар мақтан

Елбасы қасиетті аталы сөз

Мазмұны мағынасы терең жатқан.

 

Әр сөздің астарында осы арада,

Ағайын ой жіберіп жіті қара

Тәуелсіз Қазақстан тарихында,

Тұлғасы Елбасының жеке дара.

1оқушы:

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдесінде Алматы облысына қарасты Қарасай батыр ауданының Шамалған селосында туды. Шығыс күнтізбесі бойынша Нұрсұлтан аға Ұлу жылы дүниеге келген екен. Тағдыры күнмен тығыз байланысты. Бұл жылы туған ксілердің ерекше қуатқа ие екендігі олардың арасынан ерекше іскер мемлекет басшылары шығатыны айтылған. Енді президенттің туған күні 6 санына тоқталар болсақ тағы да бір қызық жағдайға кенелеміз  6 саны шындықты, ашықтықты және сенімділікті бейнелейді. Бұл күні дүниеге келген адамдар бейбітшілік пен тыныштықты сақтау жолында аянбай қызмет етіп, халықтың тұрмыс жағдайларын жақсартуға күш-жігерін жұмсайды екен.

2оқушы:

Нұрсұлтан аға орта бойлы, жазық маңдайлы, ақсары бала болатын. Сырттай момақани көрінгенімен көзінің оты бар ұстамды байсалды еді. Сабаққа алғыр, елгезек, дене бітімі қайратты, күшті, қағлез, сергек бала болатын. Сол кездің өзінде ұйымдастырушылық қабілет байқалып қалатын. Балаларды үйіріп, артынан ертіп жүретін.

Ән

1 жүргізуші:

Бұрынғыдан сірә сөз артылмаған

Сақта қазақ қайткенде салтыңды аман

Елбасы бірақ келген жер бетіне

Қазақ үшін найзағай жарқылдаған.

2 жүргізуші:

Артық туған кім қойар тектіге  мін

Берген шығар қазақтың көп тілегін

Қазақты тұңғыш рет теңестірген

Нұрсұлтан Назарбаев деп білемін.

1 жүргізуші:

Әр бір азаматы өзін тең сезінетін, татулығы жарасқан Қазақ елінің  қазақ халқының қарымды істері әлем жұртшылығы үшін  үлгі өнеге.

2 жүргізуші:

Олай болса Елбасының өмір жолдарына қысқаша деректерге тоқталсақ.

Комсомолдық жолдамамен Теміртау қаласына аттанды. Теміртауда қаласына аттанды. Теміртауда болашақ металлугртер дайындайтын фабрика-зауыт училищесіне оқуға түседі.

Елбасының мамандық таңдауы, еңбек жолы осыдан басталды. Украйнадағы Днепродзержинск техникалық училищесіне 1960 жылы бітіріп шығып, Теміртау қаласындағ қазақ металлург құрылысына қарасты «Домесктрой» тресінде 1960-1969 жылдары жұмысы,кейіннен домна цехында шойын қорытушы, домна пешінде горновой, домна цехында диспетчер болып жұмыс істейді.Қарағанды металлургия комбинатының домна пешінде газшы қызметтерін атқарды. 1969 жылы Теміртау қалалық партия комитетінің өнеркәсіп- транспорт бөлімінің меңгерушісі. 1969-1971

жылдары Теміртау қалалық комсомол комитетінің бірінші хатшысы 1971-1973 жылдары Теміртау қалалық партия комитетінің екіншісі хатшысы болды.

1 жүргізуші:

Қазақстан жүртым деп

Езілген ел ұлтым деп

Жатса тұрса қайғы жеп

Қасқайа  жүріп жол тапқан –

Батырым сенсің  Нұрсұлтан!

2 жүргізуші:

Саясатты меңгерген,

Барлық ұлтты тең көрген

Әділеттің ақ жолын,

Шарлап талмай іздеген.

Қазақты көкке көтерген,

Елбасы сенсің Нұрсұлтан!

Ән

1 Жүргізуші:    Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев

 

1.Қазақстан Республикасының Президенті

  1. Дүниежүзілі Қазақтары қауымдастығының Төрағасы
  2. Қазақстан Республикасының бас Қолбасшысы

4.Жоғары сот кеңесінің төрағасы

  1. Әнұранның авторы
  2. Мейірімді ата, ұлағатты әке.

7.Ұлтжанды азамат.

2 жүргізуші:  Осымен 1 желтоқсан  ҚР-ның Президенті  күніне арналған  «Ұлт мақтанышы- Президент» атты

әдеби сазды қойылымды аяқтаймыз.

Бірлікті ту  татулықты тұғыр еткен  Қазақ елі жасасын!

Әнұраны асқақтап бірлігі жарасқан Қазақ елі жасасын!