Тізбектелген сабақтар топтамасына бағдарламаның бір модулінің қолданылғаны жайлы рефлексивті есеп

112

А есебі

Тізбектелген сабақтар топтамасына бағдарламаның бір модулінің қолданылғаны жайлы рефлексивті есеп

 

Мектептегі тәжірибеге өтуге барған кезде алға қойған мақсатымның бірі құрылған орта мерзімдік жоспарды бағдарламада көрсетілгендей оқыту мен оқудағы жаңа әдіс — тәсілдер, модульдерді қолдану  арқылы сабақ өткізу болды. Жоспарланған мақсатыма қол жеткізу үшін мен 3 деңгейлік курстың бірінші бетпе бет кезеңінде оқып, біліп, үйренген бағдарламаның жеті модулін өз іс тәжірибемде қолдану барысында «Оқыту мен оқудағы  жаңа әдіс тәсілдер» модулі бойынша диалогтік оқыту  тәсілін таңдауда  оқушыларымның барлық жұмыстарында көрініс тапқан кезеңдерінің  куәсі болдым. Жұмыстар дегенім, оқушыларымның  тақырыпқа сай өзіндік идеялары, түйінді ойлары,бір-біріне деген көзқарастары, бір-бірлерінің пікірлерін тыңдап, сұхбаттасып, арнайы фактілермен дәлелдеп, ортақ шешімге келулері олардың өмірінде ерекше орын алатындығы айрықша көрініп тұрғандығын түсіндім. Түсіндім де осы «Диалог арқылы оқыту»тәсілін таңдағаныма еш өкінген жоқпын.Себебі  диалог сөйлеу арқылы, тілдік қатынас арқылы жүзеге асады.Тілдік қатынас құралы ретінде өз бетінше жалғыздан жалғыз, тіпті екеуара меңгеру қиындыққа әкеледі. Егер әр оқушы өзі тек оңаша,басқалардан бөлек өз бетімен жұмыс жүргізіп отырса,мысалы компьютермен жұмыс немесе мәтін аудару , онда қандай тілдесім яғни диалог болмақ?Сондықтан ағылшын тілін меңгертуде өздік жұмысқа бағытталған оқыту үрдісінде де өзара қарым-қатынасына негізделген,шынайы тілдік қарым-қатынас жағдаяттар жасау үшін оқытудың жаңа тәсілдерінің бірі диалог арқылы оқыту өте тиімді деп ойлаймын.Барнс сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың оқуына соншалықты әсер ететінін айтады (1971) [1]. Мен таңдаған модульдің мақсаты —  ағылшын тілі  сабағында оқушылардың ауызекі сөйлеуін ,ойлау қабілеттері мен тілін дамыту.Таңдалған модульдің өзектілігі  заман мен қоғамның  талабы,ағылшын тіліне деген қызығушылықтарын одан әрі дамыту, ой-пікірлерін ашық, еркін жеткізу,тілдің өмірде ерекше қажеттілігінің артуы салдарынан еліміздің «Үш тұғырлы» саясатының негізінде ағылшын тілі ерте жастан оқытылғандықтан болашақта оқушылардың ағылшын тілінде еркін қарым-қатынасқа түсуге дағдыландыру.Диалог арқылы оқытуда күтілетін нәтижем пәнге деген қызығушылықтары артады, жаңа тілдік құралдарды меңгереді, оқушылар диалогтік оқу арқылы бір-бірімен қарым-қатынас орнатуға бейімделеді, ауызекі сөйлеу дағдысы дамиды, алған білімдерін өз өмірінде еркін қолдана алуға үйренеді. Диалогтік оқытудың мен таңдаған сынып үшін  қаншалықты маңызды? Себебі, оқушылар сабақ процесінде сөйлесу арқылы өз пікірлерін еркін айтып дәлелдеу, өзгенің идеясына шыдамдылықпен қарау, пікірталасқа түсу, сол сияқты көшбасшылық қабілеттерінің даму мүмкіндіктерін ашады. Диалог барысында  оқушылар келісілген нәтижеге жету үшін күш-жігерін жұмсайтын және Мерсер сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болып табылады (2000) [2].Ал пікір алмасу оқушылармен тағы да диалог құру арқылы іске асады.Алғашқы сабағымның тақырыбы:“Having fun”.Мақсаты:Сыни тұрғысынан ойлай отырып, ағылшын тілінде оқушылардың сөздік қорын молайып диалог арқылы сөйлеуге үйрету. Сабақты бастамас бұрын оқушылар «Шаттық шеңберін» құрып, бір-біріне ағылшын тілінде жаңа сабаққа деген өз тілектерін білдірді. Бұл тренинг өткізудегі мақсатым сыныпта ынтымақстастық атмосферасын қалыптастыру болатын.Топқа бөлу кезінде шашылған әріптерді теріп , дұрыс сөз шығару да сөйлеу қатынасы арқылы жүзеге асты. Оқулықтағы мәтінмен  жұмыс барысында оқушылар жеке, жұппен, топпен талқылаған сәтте топтық әңгімелесу түрі жүріп жатты.Өз іс тәжірибемде тағы бір байқағаным, оқыту мен оқудағы жаңа әдіс -тәсілдердің бірі «диалогтік оқыту» бағдарламаның басқа да модульдерімен тығыз байланысты екеніне көзім жетті.Нақтырақ айтсам, оқулықтағы мәтінмен жұмыс барысында СТО модулінің Джиксо стратегиясы арқылы топаралық талқылау кезінде де тілдік қатынас жүрді. Мәтінді талдау, талқылау барысында оқушылардың жаңа материалды игеруі, бір бірлерін тыңдауы және сөйлеуі арасындағы коммуникативтік байланыс анықталды.Оқушылардың зейіні мен қабілеттерін ескере отырып «А» деңгейдегі оқушыларға оқулық бойынша Думан деген баланың «Мектеп экскурсиясына» байланысты сыныптастарына саяхат бойынша айтқан сөздерін диалог ретінде қолға киетін қуыршақтарды сөйлеттіріп, диалог құруға бердім.«В» деңгейдегі оқушыларға осы диалог ішінен болымды сөйлемдерден болымсыз және сұраулы сөйлем жасауға бердім.«С» деңгейдегі оқушыларға диалогты оқу арқылы түсініп, мазмұнын сурет салу арқылы көрсету тапсырмасын ұсындым. Оқушылардың бұл тапсырманы сәтті орындағандарына риза болдым. Тапсырманы уақытында дұрыс орындаған оқушыларға «Very nice», “Good”, “Great” сөздері және смайликтер арқылы формативті бағалауды жүргіздім. Тақырыпқа сай ағылшын тілінде «әуен ырғағына келтіріп ән айту» сергіту сәтінің өзі де диалог арқылы іске асты.Оқулықтағы 52 беттегі 8 жаттығуды оырндау кезде СТО модулінің «Ассосациялау» стратегиясын қолдандым. 1 және 2  топ мәтіндегі кейіпкер Кэйттің Париждегі саяхаты бойынша алған «жағымды әсерін», ал  3  және 4 топқа «жағымсыз әсерлерін» флипчартқа салу тапсырмасын бердім.Бұл тапсырманы берудегі мақсатым оқушылардың жаңа білімді қай дәрежеде меңгергендіктерін тексеру еді.Зерттеуге алған С деңгейдегі Ж оқушым флипчарт қорғау барысында жаңа тақырыптың сөздерін ауызекі сөйлеуде қолданығанына қарағанда  өз ойын ағылшын тілінде толық жеткізе алғанын байқадым.Сабақ соңында топ басшылары бағалау парақтарына қойған бағаларын айтты.Мен топ басшыларының пікірлерін ескере отырып жиынтық баға қойдым.Өз іс-тәжірибемде көргенімдей, диалогтық қатынас-сабақтың басынан бастап соңына дейін үздіксіз жүріп отыратын процесс екеніне көз жеткізгендей болдым.Екінші «Спорт және ойын» атты сабағымның мақсаты-  «Ұлыбританиядағы ойындар туралы сөйлеуге үйрету,ұлттық ойындармен салыстыра отырып, сөздік қорларын молайту.Диалогтік қарым-қатынасқа бейімделуге дағдыландыру.Спорт тақырыбына сай оқушыларды футбол, волейбол, баскетбол, пионербол деп 4  топқа бөлген кезде  диалогтік оқытудың «мұғалім — оқушы», «оқушы-оқушы» тәсілі арқылы жүзеге асқаны көрінеді. Әр топ өз топ басшыларын өз еріктерімен  сайлады да, сайлаған себептерін ауызша айтты.1 топтың Зейнелов Нұрсұлтанды сайлаған себебі: ол өте жылдам,топта бақылағыштық қасиеті жақсы оқушы.2 топтың Абылай Абдулланы сайлағаны: топты ұйымдастыра алады, тез тіл табысқыш,шыншыл оқушы.3 топтың Рамазан Әселді сайлағаны: әр тапсырманы уақытында тиянақты орындайтын, тобына жаны ашитын, қамқор, үздік оқушы. 4 топтың басшысын Қинаш Қуанышты сайлаудағы себеп: ағылшын тілін жақсы біледі, жауапкершілігі мол, 4 пен 5-ке оқитын оқушы.Үй тапсырмасын тексеру СТОмодулінің «Т кестесі» стратегиясы арқылы  жүзеге асты. Яғни «Спорт» тақырыбына байланысты жазып келген эсселерін жеке оқытып тексердім. Кейін жеке оқыған эсселерін жұппен,  топпен бірлесіп бір бірлерінің тапсырмаларын салыстырмалы түрде тексеріп, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажыратты.Бұл процесс диалогтың топтық әңгіме түрі арқылы өтті.Мен бақылаушы ретінде сабақ барысында оқушылардың іс — әрекеттеріне  бағыт — бағдар беріп отырдым. С типтегі Ж оқушының алғашқы сабаққа қарағанда бойында белсенділік қасиеті пайда болғанын байқадым.Әр тапсырма сайын формативті бағалауды жүргіздім. Оқушыларға What do you see in the picture? What kind of sport do you like? What kind of Kazakh sport do you know?  What kind of British sport do you know? деген сұрақтармен «Миға шабуыл» жасадым. Кейін 4 топқа оқулықтағы 4 түрлі мәтінді беріп, СТОмодулінің Джиксо стратегиясы арқылы  топаралық талқыға салдырдым.Осы кезде топтық әңгіме процесі жүрді.Мерсер мен Литлтон өз еңбектерінде «Диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын» деген теориялық идеясын өз практикамда іске асырдым деп айта аламын (2007) [3]. Дарынды балаларға жаңа сөздерді қолдану арқылы  диалог құрастыру  тапсырмасы қатты ұнағанын өз тәжірибемде байқадым және оқушылар тарапынан «Қол қуыршақтары маған ұнады», «Жұптасып диалог құрған күшті» деген жағымды ұсыныс түскеннен кейін  көбіне осы тапсырманы қол қуыршақтарын сөйлету арқылы беріп отырдым.Жас ерекшеліктеріне сай «А» деңгейге кестені аяқтау, диалог құру. «В» деңгейге сөйлемді аяқтау.Ал «С» деңгейде сөйлемдердің «Ақиқат немесе жалған» екенін анықау тапсырмасын бердім.Сабақ процесінде жүріп жатқан тапсырмалардың барлығы оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдердің бірі  «диалогтік  оқыту» тәсілі арқылы жүзеге асқанына көзім жетті.Мен бақылаушы болғандықтан зерттеуге алған оқушылар іс — әрекет барысында: сабаққа деген қызығушылығы,ауызша сөйлеу арқылы ойлау, лезде шешім қабылдау деңгейлерін қадағалап, бақылап жүріп өткен сабақпен салыстырғанда жақсы деген шешімге келдім.В деңгейдегі С оқушым, С деңгейдегі Ж оқушымның іс — әрекеттері жақсы нәтижеге жеткенін көрдім.Үшінші  «Films» тақырыбына жоспарланған мақсатым-оқушыларды шетелдік кино жұлдыздарымен таныстыру, қазақ кино жұлдыздарымен салыстыра отырып, шетелдік тілге деген қызығушылықтарын арттыру,ағылшын тілінде тыңдап — түсіну мен әңгімелесу іскерліктерін дамыту. Жаңа сабаққа кіріспес бұрын «Менің сүйікті спортым» тақырыбына эссе жазу, постер, буклет жасау берілген үй жұмысын «Жәрмеңке» ұйымдастыру арқылы тексердім.Үй тапсырмасын орындап  келген оқушылар тақтаға шығып, «А» типтегі К оқушым, «В» деңгейдегі С оқушым эсселерін оқыды, Ж оқушы постерін қорғады.Оқушылармен қарым -қатынасқа түсу арқылы балаларды фильм жанрларына байланысты  комедия, трагедия,  драма,  мелодрама деп 4 топқа бөлдім. 1 топ «a western» , 2 топ «a comedy», 3 топ «a drama»,4 топ «a thriller» осы сөздердің мағыналық анықтамаларын постерге жазып қорғады.Оқушылардың зейіні мен қабілеттеріне сай төмендегідей деңгейлік тапсырмалар бердім.«А» деңгейдегі оқушыларға Даниэль Радклив және Роберт Паттинсон туралы мәтінді оқып талқылау.«В» деңгейдегі оқушыларға мәтін бойынша диаграмманы аяқтау.«С» деңгейдегі оқушыларға оқулықтағы мәтін сөздерінің «Ақиқат, жалған» екенін анықтау тапсырмасын бердім. «БББ» парағын тараттым. Оқушылар фильм тақырыбына байланысты не білетіндерін жазды. Н оқушым «Білемін» деген бағанға «Фильм деген не екенін білемін» деп жазды.Деңгейлік тапсырманы берудегі мақсатым-жаңа білімді өз бетімен меңгеру болатын.Кейін  1-2 топ: «Сөйлемде етістіктердің дұрыс қойылғанын дәлелдеу»тапсырмасын, 3-4 топ «Сөйлемде өткен шақ пен созылыңқы өткен шақты дұрыс ажыратып қою» тапсырмасын бердім.Тапсырма орындалып болғаннан кейін, жұмыстарын тексеру үшін сыныпта топаралық талқылау процесін іске асырдым. Яғни, 1 топ  2 ші топтың жұмысын, 3 топ 4 ші топтың жұмысын тексерді.Оқушылардың сабақ процесінде тапсырма орындаудағы іс-әрекеттеріне қарай “Өткен сабаққа қарағанда бүгін тамашасыңдар»,«Ризамын сендерге»,«Өте жақсы»,«Бұдан да жақсы жұмыс жасай аласыңдар» деген сөздерді айту арқылы формативті бағалау жүргіздім. Сабақ соңына қарай оқушылар «БББ» парағының «Білдім» бағанына өз түсініктерін толықтырды. Нақты айтсам, Д оқушым «Білдім» бағанына «Фильм түрлерін, олардың айырмашылықтарын» білдім десе, БББ парағын жинап алғаннан кейін Ә оқушым «Білгім келеді» бағанына «Әр сабақта фильм жанрына байланысты шағын үзінді көріп талқыласақ» деген ұсыныстарын байқадым. Болашақта осы ұсынысты аудио — видео материалды қолдану арқылы іске асыруға тырысамын. Топ басшыларның ауызша бағалауын ескеріп,қорытынды баға қойдым. Бағдарламаның тиімді модульдері арқылы өткен сабақтарымда  оқушылардың  өз ойларын топ алдында еркін жеткізе алатын, ынталы, өз өздеріне сенімді, сыни көзқарастары дамып келе жатқанын, ағылшын тілінде еркін сұхбаттаса алуы, өз ойларын ашық жеткізуі  күннен күнге жақсарып келе жатқанын  байқадым.Төртінші «Music» тақырыбына алынған сабағымның мақсаты — музыка туралы сөйлеу арқылы оқушылардың лексикасын,ауызекі сөйлеу дағдысын одан әрі дамыту.Оқушыларды жылы шыраймен қарсы алып, ағылшынша амандасып,ынтымақтастық атмосферасын құрып алғаннан кейін,оқушылардың презентация түрінде жасап келген «Менің сүйікті фильмім мен актерім» атты тапсырмасын тексердім.Оны зерттеушілік әңгіме арқылы талдап, топ өз бағаларын берді. К, С, Ә оқушыларым презентациялрын қорғады.Қалған оқушылар еш сұрақ қоймай мұқият тыңдады. Н оқушым «Презентация қызықты» деп пікір айтты.Мерсердің айтуынша, ұжымдық түсіну мен білім беруге қол жеткізу аясындағы табысты талқылауларда әңгімелесудің зерттеушілік түрі арқылы басымдыққа ие болады[3].Оқушыларды  музыка жанрларына байланысты классика, джаз, рок — н ролл, хип – хоп деп 4 топқа бөлдім.Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту кезеңінде СТОмодулінің «Ассосациялау» стратегиясын қолдандым,оқулықта берілген сөздерді суретпен сәйкестендіру. 4 топ төмендегі тақырыптарды флипчартқа салып қорғады. 1 топқа: Өткен шақ;2 топқа: Топтастыру « Кинотеатр»;3 топқа: топтастыру «Музыка»;4 топқа: топтастыру  «Көңіл көтеру».Мен фонетикалық жаттығуға байланысты әріптердің дыбысталу жолдарын сурет ретінде көрсетіп, тақтаға іліп қойдым.Балалар тақтадағы суретті көріп, менің дыбыстандыруымды тыңдап, қайталап отырды.Осы аталған тапсырмалардың барлығы диалог арқылы іске асқаны анық. Сабақты бекіту кезеңінде 1 топқа: Ағылшын музыканттары жайлы жазылған мақаланы оқып топтастыру;2 топ: А.Жұбанов туралы текстті оқып класстер жасау; 3 топ: «Қандай музыкалық аспаптарды білесіз?» диалог құру; 4 топ:жұбыңмен тақырыпқа сай интервью алу тапсырмасын бердім.Бұл тапсырманы мен өтілген тақырыптар бойынша оқушылардың  алған білімдерін жинақтау мақсатында қолдандым.Тақырып бойынша кластер жасап, жобаларын қорғады. Мен үшін ең қуанышты жайт, ол, алғашқы сабақта тек дарынды балалар белсенділік танытса, енді олар тобындағы енжар оқушыларды реттеп,белсенділік танытуына ықпал етті. Осылайша С деңгейдегі Ж оқушым жоба қорғауда  соңғы сабақта жақсы белсенділік танытты. Жақсыбек өз тобының басшысы болды.Топтық жұмысқа бейімделгенін байқадым.Өз пікірін еркін айтып отырды.Сергіту сәтінде оқушылар “Hello, how are you?” әнін орындады.Бұл оқушыларға өте ұнады.Кей оқушы мәнерлеп ағылшын тілінде өлең айтса, мен таңдаған «А» деңгейдегі К оқушым ағылшын тілінде «Титаник» әнін орындап берді.Әр тапсырманы қаншалықты деңгейде түсінгендерін білу үшін сабақ соңындағы топ басшыларының бақылау және қорытындылау парақтарын сөйлеу әрекеті арқылы жүргіздім.Төменде С деңгейдегі Ж оқушымның бағалау парағы көрсетілген:

                                                                                               Бағалау парағы

Пән:  Ағылшын тілі

Сабақтың тақырыбы: Музыка

Топ: 4

Оқушының — аты жөні: Садыров Жақсыбек

Оқушының

аты -жөні

Сабақта жаңа идея білдіргені үшін Сабақта белсенді қатысып, жақсы жауап бергені үшін Тапсырмаларды орындауда басқаларға көмек көрсете білгені үшін Қорытынды бағасы
1 Қызыр Айым 5 5 5 5
2 Саликов Азат 3 4 3 3
3 Рамазан Әсел 5 5 5 5
4 Ермек Жасұлан 4 4 4 4
5 Иманбалинов Нұрмұхаммет 4 4 4 4

Үй тапсырмасына write a short text about the most famous modern composer from your country жаттығуын бердім. Оқушылар ортаға шығып, сиқырлы таяқша арқылы  бір бірлеріне тілектерін айтты. Оқушылар өтілген сабақтардан  қандай жақсы әсер алғандықтарын  сабақта  «Traffic lights» әдісі арқылы кері байланыс орнаттым.Олар бағдаршамның жасыл сигналдары арқылы сабақты толық түсінгендіктерін көрсетті.Топ басшыларының пікірлерін ескеріп қорытынды баға қойдым.Сабақ барысындағы кедергілер: әр тақырыптың жаңа сөздерін меңгергенімен, айтылым жағынан қателер жібереді;сабақ қазақ және ағылшын тілінде өтетіндіктен уақыттың жетпеуі; грамматика жағынан білімдері саяз болғандықтан өтілген тақырып сөздерін жаңа сөздермен байланыстырып айта алмайды.Қорыта келе,тізбектелген төрт сабақтарымда кездескен кедергілерді бақылау арқылы байқап бағдарламаның тиімді тәсілдерін меңгергендіктен, шығу амалын тауып күтілген нәтижеге жеттім деп ойлаймын. Бұл орта мерзімді жоспар арқылы өткізілген сабақтарым мен үшін ерекше болды.Тәжірибем барысында тағы бір байқағаным, диалогтік оқытудың ең басты ерекшелігі мұғалім мен оқушының өзара түсіністікке жетуі.Мен бағдарламаның жеті модулін өз сабақтарымда ықпалдастыра отырып, жаңа тілдік құралдарды меңгеруге, оқушылардың өз ойларын толық жеткізуге, өзін — өзі реттеуге, ағылшын тілінде ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға ,бір бірлерін мұқият тыңдап топ ішіндегі ұйымшылдыққа, оқушылар диалогтік оқу арқылы бір-бірімен қарым-қатынас орнатуға , тапсырмаларды сыни тұрғыдан ойлай отырып орындауға, өзін-өзі және сыныптастарын бағалауға, көшбасшылық таныту сияқты нәтижелерге жеттім.

                                 Сілтеме:

[1]   «Мұғалімге арналған нұсқаулық» — 39  бет

[2]   «Мұғалімге арналған нұсқаулық» —  40 бет

[3]   «Мұғалімге арналған нұсқаулық» — 40 бет