Қорқыт ата тағылымдарының мәдени – тарихи маңызы

34

Қорқыт ата  тағылымдарының  мәдени – тарихи  маңызы

Бала кезден білетініміз, Қорқыт ата — өмірде болған адам. Дей тұрғанмен, жырдағы Қорқыт — аңыз-әңгімеге толы мифтік бейне. «Қорқыт ата былай деген екен…» деп басталатын нақыл сөздер көбіне-көп халық арасындағы мақал-мәтел мен қанатты сөздерге тым ұқсас келеді. Осының өзі-ақ дана бабаның атынан қарапайым халықтың өз арман-мұңдарын, ой-тілектерін қағазға түсіріп отырғанын аңғартады. Сөзіміз дәлелді болуы үшін «Жазушы» баспасынан         1986 жылы жарық көрген «Қорқыт ата кітабы» атты жинақтағы «Қорқыттың нақыл сөздері» деген кіріспесіне назар бұрсақ:

«Тәңірісі құрамаса,  ешкімнің  бірі екеу болмайды»,
«Тәңірі  бәндесінің  пешенесіне не жазса, сол болады»,
Оның жазуынсыз  адам жамандық  көрмейді,  ажал келіп,  өлмейді»,
«Жігіт  тірісінде  Қаратаудай  қылып,  бір  күн тыным  көрмей  дүние  жияды, байыйды.  Бір- ақ  соның  ішінен  ол  өзіне  тиісті  үлесін  ғана  жейді»,
 немесе

«Менмен,  тәкаппар  адамды  Тәңірі  сүймейді»,

«Басқалардан  өзін  жоғары  ұстаған  адамға  Тәңірі  бақ  бермейді»,
«Күлді  қаншама  үйгенмен  төбе болмас»,
«Қара  есектің  басына  жүген  таққанмен – тұлпар  болмас»…
Міне осылайша, бүгінгі қолданысымыздағы  мақал-мәтелдерге төркіндес нақыл сөздерді «Китаби дедем Қорқуттан» көптеп табуға болады.