«Өнерге қанат қаққандар» атты жылдық қорытынды есеп беру концертінің сценарийі

 

«Өнерге қанат қаққандар» атты жылдық қорытынды есеп беру концертінің сценарийі

 

(Сахна безендірілген. Ортада би падишасы мен уәзір).

 

 

Уәзір: Уа, падишам, датым бар.

Би падишасы: Айт датыңды.

Уәзір: Уа, падишам, сізден аудандық балалар Әуез мектебінің хореография бөлімінің «Өнерге қанат қаққандар» атты жылдық қорытынды есеп беру концертін бастауға рұқсат сұрап отыр.

Би падишасы: Қашан?

Уәзір: Дәл қазір, қонақтар жиналып қалыпты.

Би падишасы:  Қанша бала қатысқалы отыр?

Уәзір: 36 бала.

Би падишасы: Қандай жетістіктері бар?

Уәзір: 1. Аудандық «Сыр сұлуы» бишілер  байқауының 1 орын иегері.

  1. Аудандық «Бозторғай» байқауында облыстық жолдамаға ие болды.
  2. Облыстық «Бозторғай» байқауында дипломант атанды.

Би падишасы: Олай болса балаларды шақыр ортаға, өнерлерін тамашалайық.

Уәзір: Құп болады, падишам.

 

«ҚАЗАҚ БИІ» (ашылуы).

1 жүргізуші:Қайырлы күн көрермен баршаңызға,

Шымылдығын концерттің ашамыз ба?

Бүгінгі кеш өздеріңізге арналады,

Көрсетуге өнерді қашамыз ба?

2 жүргізуші:

 

Құрметті ұстаздар мен ата-аналар! Бүгінгі өткелі отырған Ақмарал қыздарыңыздың «Өнерге қанат қаққандар» атты есеп беру концертіне қош келіпсіздер! Үкілеген үміттің жемісі мен жеңісін көретін бұл күн сіздер мен біздер үшін нағыз мереке.  Олай болса, мерекелеріңіз құтты болсын.
1 жүргізуші:Хореография (грек. choreіa — би, grapho — жазамын) —шартты белгілер жүйесі арқылы би қимылдарын жазу. Би қимылдарын жазып алу тарихы ежелгі дәуірден басталды. 15 ғасырдың аяғы мен 18 ғасырдың басында Еуропада би қимылдарын жазуға алғашқы талпыныстар жасалды. Алғаш рет “Хореография” терминін француз би үйретушісі Р.О. Фейе  енгізді. 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында хореография термині би өнеріне қолданылатын болды.
2 жүргізуші:

 

Шара – үлкен өнер шебері. Ол – күрескер өнерпаз. Әлі енші алып, отау тігіп кете қоймаған өнердің ордаланып, шаңырақ көтеруі қажымай, талмай  еңбектенуіді қажет етеді. Ол тек әншейін шеберлердің емес, күрескер шеберлердің ғана қолынан келеді. Шара – алғашқы қазақ би өнерінің ізін салушы, би еркесі, би падишасы.
1 жүргізуші:Қимыл шіркін келіссе,

Барлық қимыл би болар.

Бүгінгі бишілердің билерін,

Тамашалаған жөн болар –дей отыра, Шара апамыздың бүгінгі із басарларына, жолын жалғастырушыларына кезек берсек.

2 жүргізуші:

 

 

 

 

 

 

 

 

Орыс ұлттық биі Ежелгі Ресейде кеңінен-ақ танымал болған. Көңілді де, шатты билер тойларда, Ежелгі Ресейдің мерекелерінде кеңінен қолданылады. Орыс ұлттық билері – жақсы көңіл-күй, қуанышты би, той-думан, күлкі және әдемі ұлттық киімдер. Би, негізінен, кадрильден, қол ұстасып айналудан, жігерлі билерден тұрады.

 

«ОРЫС ХАЛҚЫНЫҢ БИІ»

орындайтындар 2-класс оқушылары.

1 жүргізуші:Тағдырдың талмаусырап тасыр күзі,

Бар мұңын келеді оның жасырғысы,

Қимылы қияметтің жұмбағындай

Пейіштің мың бұралса татар қызы!!!

2 жүргізуші:

 

 

Ендеше, ортада

 

«ТАТАР ХАЛҚЫНЫҢ БИІ»

орындайтындар 1-класс оқушылары.

1 жүргізуші:Бұл жанр елімізде енді қанат жайып келе жатқанымен, көпшілікке танымал. Ең бастысы, бидің бұл жанрында еркіндік бар. Яғни, бидің ортасында әндетіп жіберсең де өз еркің. Модернмен қойылған кез келген би – кішігірім спектакль іспеттес.
2 жүргізуші:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әр елде оны әр түрлі атайды — қазіргі күннің биі, тәуелсіз би, көркем би, ырғақты би, тағы басқа. Бірақ бәріне ортақ нәрсе — ол классикалық бидің ескі және қазіргі заман тақырыбы мен бейнелерін аша алмайды деп жоққа шығару.

Хореографиядағы бұл бағыттың аса көрнекті өкілдері: Айседора Дункан, Франсуа Дельсарт, Эмиль-Жак-Далькроз болды.

Тамашалайық ортада

«МОДЕРН  БИІ»

орындайтындар 3-класс оқушылары.

 

1 жүргізуші:

Бұл би – қай заманда да өз өміршеңдігін жоймайтын дүние. Себебі үлкеннің де, кішінің де көңілінен шығатын жанр.
2 жүргізуші:

 

 

 

Иә, дұрыс айтасың, біздің Шәмшінің әніндей ескі болса, жаңа және мәңгілік десеңші. Тамашалайық! Ортада

 

«РЕТРО БИІ»

орындайтындар 2-класс оқушылары.

1 жүргізуші:Үнді билерінің шығу тарихын шолып қарасақ, бұл үлкен шеберлікті талап ететін үлкен өнер. Үнді биі б.з.д 400 жылдары бастау алып, ең алғаш бұл биді Шива құдайы билеген деген аңыз бар.
2 жүргізуші:

 

 

 

 

 

Үнді билері — театр өнерін жан-жақты түсіндіріп, қойылымдарды бөлшектеп қарастыратын 36 томнан тұратын Натья-шастра шығармасы бойынша қалыптасқан екен.

Бәріміз бірге үнді еліне саяхат жасап қайтайық.

«ҮНДІ БИІ» орындайтындар 1-класс оқушылары.

1 жүргізуші:Қазақ билерi — көбiне-көп нақты белгiлi бiр тұрмыс — тiршiлiкке құрылады да халықтың бейне болмысының айнасына айналады..
2 жүргізуші:

 

 

 

 

 

 

 

 

Ол елдiң сән — салтанатын, жастардың махаббатын, ерлiгiн, елдiгiн, қайғы — мұңын, әл-қуатын дәлме-дәл сан мыңдаған қимылмен, қозғалыспен баяндап тұратын болғандықтан бишi сахнада оны бар шеберлiгiмен, бар жан тәнiмен жеткiзуге тырысатыны хақ.  Олай болса, «Көктем гүлі» деп аталатын қазақ биін тамашалайық

 

«ҚАЗАҚ БИІ»

орындайтындар 3-класс оқушылары.

1 жүргізуші:Бойынан байқалады ұлылық тым,

Бишінің жұмбақ жанын қалай ұқтың?

Қадалған қайсар көзі бар жүзімен

Уызын жұтып барады сұлулықтың!

2 жүргізуші:

 

 

 

Әрбір қимылы жүрекке ұрған қанжардай, есімізге қызыл түсті елестететін би – бұл әрине испан биі, сахнада

 

«ИСПАН БИІ»

орындайтындар 2-класс оқушылары.

1 жүргізуші:«Өнер – адам бойындағы құдіреттіліктің ең асқақ көрінісі» — деп Л.Толстой айтқандай, асқақ көріністі аса бір құдіреттілікпен жеткізетін, еркіңді баурап алатын өзбек биі.
2 жүргізуші:

 

 

Биде туысқан өзбек халқының мақтанышы – Тамара!

Біздің мақтанашымыз – Шара!

 

«ӨЗБЕК БИІ»

орындайтындар 1-класс оқушылары.

1 жүргізуші:Жыласыншы тамызып айдай жырын,

Бастады екен тағдыры қандай ырым?

Төгілтіп мүсіндейді кавбой биін,

Татырып тұрған кезде балдай шырын.

2 жүргізуші:

 

 

 

 

 

 

Жер тарпып, сезім-тұлпар кісінеді,

Таза қанды жүйріктей мүсіндері.

Тағылық табиғаты тасығандай,

Бишінің баурап алар  қимыл-ебі!

 

«КАВБОЙ БИІ»

орындайтындар 3-класс оқушылары.

1 жүргізуші:Ламба́да (порт. Lambada) — музыкалық стиль және би, бразилияның солтүсітігіндегі Пара штатында пайда болған. Француздың Kaoma тобының әні  арқылы 1980 жылдардың басы 1990 жылдардың аяғында бүкіл әлемге танылды,соның ішінде Ресейде.
2 жүргізуші:

 

Көңілді күймен ортада

 

Латын биі «ЛАМБАДА»

орындайтындар 2-класс оқушылары.

1 жүргізуші:Жалпы лезгинка дегеніміз не?
2 жүргізуші:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Би арқылы белгілі бір күшті, жігерді, икемді қажет ететін жастар арасындағы сайыс. Атақты лезгинка биі ежелгі халықтың наным-сенімімен, салтын көрсетеді. Бидің ең басты элементі — бұл бүркіттің бейнесі болып саналады. Бұл бейне, әсіресе, биші аяғының ұшына тұрып, екі қолын қанат сияқты жайып, бүркіттің ұшуы анық байқалады.

Келесі тамашалайтындарыңыз

Грузин биі «ЛЕЗГИНКА»

орындайтындар 3-класс оқушылары.

1 жүргізуші:Биде тіл жоқ, онда тек әдемі қимыл ғана бар.
2 жүргізуші:

 

 

Тамашалаймық, ортада

 

«ЖАСТАР БИІ»

орындайтындар 2-класс оқушылары.

1 жүргізуші:Катюша десе, сонау 1941-1945 жылдары алдыңғы шепте жауынгерлерге рух беріп, өнер көрсеткен жерлесіміз Роза Бағланова еріксіз көз алдымызға елестейді.
2 жүргізуші:

 

 

 Осы бір әннің шығу тарихы да соғыс жылдарымен тұспа-тұс келсе керек.

 

«КАТЮША»

орындайтындар 3-класс оқушылары.

1 жүргізуші:Бал биі — би кештерінде жұптасып немесе көп кісі болып билейтін би. Алғаш Италияда 14 ғасырда пайда болды. Кейін Бал биі Францияға тарады да, 16 — 17 ғасырларда Франция бұл бидің шын мәніндегі отанына айналды.
2 жүргізуші:

 

 

 

19 ғасырдың ортасында вальс — Бал биінің әйгілі түрі ретінде танылды.

 

Бал биі «ВАЛЬС»

орындайтындар барлығы бірге.

 

Соңы.

Уәзір: Уа, падишам, өзіңіз куә болған аудандық балалар Әуез мектебінің хореография бөлімінің «Өнерге қанат қаққандар» атты жылдық қорытынды есеп беру концерті өз мәресіне жетіп қалғандай. Олар сізді қандай баға берер екен деп күтіп отыр? Алдыңызға соны сұрағалы келдім.

Би падишасы: (ойланып отырады)

Жоқ, бұл сөздің жауабын берер мен емес. Мен ұстаз алдынан өттім. Ұстаздың арқасында осындай дәрежеге жеттім. «Алты Алаштың басы қосылса, төр ұстаздікі демей ме?!» бұл сөздің жауабын  мектеп басшысы ****** ағайдан сұрайық.

Уәзір: Құп болады, падишам, мұныңыз жөн екен.

1 жүргізуші:«Қош» демейміз, әлі талай кештер болар,

Өнерлерің шыңдалып бағың жанар.

Көрерменің көбейсін күннен – күнге,

Келе берсін қонақтар гүл ұсынар.

2 жүргізуші:

 

 

 

 

Демеңіз біз өнерді аяп қалды,

Уақытымыз біраз жерге таяп қалды.

Керісінше қош сау болып тұрыңыздар,

«Өнерге қанат қаққандар» атты концертіміз аяқталды.

 

Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет. Келесі кездескенше қош сау болып тұрыңыздар!