«Талантты және дарынды балаларды анықтау» тақырыбы бойынша қысқа мерзімді коучинг жоспары

62

 

«Талантты және дарынды балаларды анықтау» тақырыбы бойынша қысқа мерзімді коучинг  жоспары

Апта Күні  19.01.2015
Коучинг тақырыбы: «Талантты және дарынды балаларды анықтау жолдары»
Сілтеме: Мұғалімге арналған нұсқаулық ІІІ басылым – 50 бет. Мектептегі тәжірибе кезіндегі орындауға арналған тапсырмалар ІІІ басылым — 14 бет
Мақсаты: Талантты және дарынды балаларды оқыту модулі туралы мағлұмат беріп, әртүрлі жағдаяттар туғызу арқылы  іс тәжірибеде жүзеге асырылуға бағыттау.
Оқыту нәтижесі: Талантты және дарынды балаларды анықтау жайлы біледі, оның іс — тәжірибеде дұрыс қолдануды анықтайды.
Негізгі идеялар: Флипчарттар, маркерлер, стикерлер (әр түсті), тапсырмаларға арналған ақ беттер, видеоролик
Психологиялық тренинг «саяхатқа дайындық»
Топқа бөлу Кеме түрлерін таңдау арқылы 5 мин
Тапсырмалардың түрлері: Тапсырманы орындау барысында қолданылатын тәсілдер.( постер жасау, пікірлесу, ой бөлісу) Уақыт
№1 тапсырма Дарынды баланың бойында қандай қасиеттер болу керек? 5 минут
Бағалау Әр пікір құнды 2 минут
№2 тапсырма Балалардың дарындылығын анықтау үшін қандай жұмыстар жасар едіңіз? /2 слайд/ 5 мин
Бағалау Жоспар мазмұнына сай сағат тілінің бағытымен бағалау 2 мин
№ 3 тапсырма

Менің атым Қожа

  «Осы бейнесюжет  жайында не айтасыздар?»       «Қожа қандай бала деп ойлайсыздар?»  5 минут
№ 4 тапсырма Дарындылығын анықтайтын бақылау сұрақтарына балл қоя отырып Қожаның кім екенін анықтаңыздар. 5 мин
Бағалау Әр топтың пікірі құнды 5 минут
Сергіту сәті Би қимылдарын қайталау 2 минут
№ 5 тапсырма  Өз сыныбыңызда бір оқушыны алып зерттеңіз 5 минут
Бағалау Сіз оқушыңыздың жаңа бір қырын аштыңыз!  1 минут
Презентация Дарындылық
№6 тапсырма

Бейнежазба

Бейнежазба «Үнді фильмінен үзінді» 10 минут
Бағалау Талқылау 2 минут
Рефлексия Ойлаудың алты қалпағы 5 минут