«Оқушының бір күні» әңгімесі бойынша өткен кітап оқушылар конференциясы.

92

Қабыш Жәркеновтің «Оқушының бір күні» әңгімесі  бойынша  өткен  кітапоқушы-лар конференциясы.

Қатысқандар  6 -7 сынып оқушылары

 

Мақсаты:
Өскелең жас ұрпақтың әдеби кітапқа деген құштарлығын арттыру, өй –өрісін дамыту, оқыған кітаптарын талдай отырып, рухани тәлім –тәрбие беру.
Жоспары:
1. Қабыш Жәркеновтің  өмірімен, шығармашылығы таныстыру.
2. “Тапқыр болсаң, тауып көр” сұрақ –жауап бөлімі.
3. “Оқушының бір күні” әңгімесінің желісі бойынша оқушылар пікірі.

  1. Балалардың жанама ат қою әдетіне сенің көзқарасың.

Мұндай әдет сендерде бар ма?

  1. «Отағасы» атанған Отарбай қандай бала?
  2. «Адам болу бір басқа

Азамат болубір басқа»,- даналық сөзінің  әңгімеге қатысы бар ма?

  1. Отарбайдан өздеріңе қажет деген қандай жақсы қасиетті өнеге тұтар едіңдер?

 

Кітапханашы:

Қабыш  Жәркенов  1933  жылы  15  қыркүйекте  Шығыс  Түркістанда  дүниеге  келген. 1955  жылы  педагогикалық  училищені  бітіріп, Қазақстанға  оралады. 1956 – 1958  жылдары  Қарағанды  қаласында  шахтер  болып  жұмыс  істейді.  1963  жылы  С.М. Киров  атындағы  Қазақ  Мемлекеттік  университетін (қазіргі  Әл Фараби  атындағы  ҚазҰҰ)  филология  факултетін  бітірген. 1963 -1974  жылдары  Семей, Талдықорған  облыстарында  мектепте  ұстаздық  етіп, Қазақ  КСР –і  Мемлекеттік  Кітап  палатасында  қызмет  атқарған.

Қабыш  Жәркенов  әңгімелерінің  негізгі  арқауы –балалардың  өмірі  және  олардың  тәрбиесі. Автор  жасөспірімдер  өміріндегі  қызықты  және  танымдық  оқиғаларды  олардың  мінездері  мен  әрекеттерін  суреттей  отырып  баяндайды.

Қабыш  Жаркенов  балаларға  арнап  «Жол  айрығы», «Мінезді  аға», «Айналайын», «Ақ  серке», «Тауда» (1976), «Тентек» (1979), «Жылқышы  бала» (1982), «Туыстар», «Көңілді  жаз» (1985), Бесбұлақтың  балалары» (1989), «Оқушының  бір  күні»  және  т.б.  көптеген  повестер  мен  әңгімелер  жазған.

Қабыш  Жәркенов  шығармаларында  сабақ  үлгерімі  нашар  оқушылардың  ылғи  осылайша  күлкілі  жағдайға  душар  бола  бермей, ұстаздарының, сыныптас  достарының  көмегімен  қатар –құрбыларына  теңелуі, озаттар  қатарына  қосылуы  да  көңіл  ұйытарлықтай  суреттеледі. Мұндай  әңгімелерді  оқи  отырып, мектептің  балалар  өміріндегі  аса  елеулі  әлеуметтік –адамгершілік  күш  екенін  байыптайсыз.

Жазушының  ересектер  үшін  жазған  романы  «Мұғалімдер» (1990) -қиындығы  мен  қызығы  қатар  жүретін  ұстаз  мамандығына  арналған.

Жазушының  студенттік  өміріндегі  қызық  оқиғаны  курстас  досы  Өтеген  Күмісбаев         «Қабыш  Жәркенов  деген  Қытайдан  келген  жігіт  бар  еді, орысшасы  мүлдем  жоқтын. Фролованың  сабағында  араб  харпімен  әңгіме  жазып  отыратын. Лекция  жазып  отыр  деп  мұғалім  мәз  болатын. Шет  ел  әдебиетінен  емтихан  тапсырғанда  мен  Қабышқа  аудармашы  болдым, оған  «Шекспирдің  Отеллосы»  келді. Қытайдан  бері  қарап  қалай  қашқаныңды  айта  бер, тек  арасына  Отелло, Яго, Дездемона, Шекспир  деп  қосып  қой  дедім. Қабыш  қызып  кетіп, өз  әңгімесіне  кірісіп  кетіп, Шекспир  кейіпкерлерін  сыртқа  шығарып  жібереді. Онда  мен  тізесінен  түртіп  қалып, есін  жиғызам. Арасында  Фролованың  итіне  пирожкі  тастаймын. «Иә, әлгі  Әтел  ме, Яқа  ма, Шекспир  ме  кім  еді  деп, тақырыптың  арнасына  түседі. Фролова  басын  шайқап, таңқалады. Жаркенов  қалай  тыңғылықты  дайындалған  дейді. Риза  боп  бес  қойды.», деп  еске  алады

Қабыш  Жаркенов  1997  жылы  қайтыс  болды.

 

«Тапқыр болсаң, тауып көр»
1. «Оның басқаларға ұқсай бермейтін қызық мінездері көп. Жазбай –жаңылмай, қате жібермей істейтін алуан түрлі жақсы әдеттері баршылық. Соның бірі таңертең сағат жетіде тұру.» – Кім туралы айтылып тұр?
2. Отарбай дене шынықтырудан кейін қандай жұмыс істеді?
3.. Қоңырау соғылғанша әлі он минуттай уақыт бар … Тездетіп түсіндіріп жіберсең қайтеді? –Кімнің сөзі?
4. Дәптерден гөрі, шамаң келсе, басыңа, мидың өзіне көшірген тиімді болар!

  1. Мұқажан ағай арқылы мұғалімнің еңбегін суреттеген эпизодын айтып бер.
    6. Соңғы сабақтың қоңырауында бүкіл мектеп оқушыларына қандай жұмыс тапсырылды?
  2. Егіс даласын суретте.
  3. Сабаққа бірге дайындалуға сынып жетекші қосып берген сыныптасы.

9.- Үйрене бер, балам, жинай бер. Тіл –анаңның тілі, бабаңның тілі. Тілге жетер өнер жоқ тіліңді білсең –халқыңды білгенің. Кімнің сөзі?
10.- Білу, білгенді айта жүру жақсы. Ал айтқанды іске асыра жүру оңай емес, балам… Кімнің сөзі?

Кімнің айтқан мақалы? Мағынасы туралы  өз ойыңды айтып бер.

1.“Кімнің басы жақсы десе,
Тасбақа мойнын созыпты”

2.“Құлық болса, құрық түседі”

3.“Кеңесіп кескен бармақ ауырмайды”

Қорытынды:

Жақсы  қатысқан  6 сынып оқушылары: Жанжігітова Ақерке, Мақтымқұлов Ерболат,

7 –сынып оқушылары: Қалыбаева Ұлжан, Сағынғали Әділет  алғыс хатпен марапатталды.