Баскетбол добын алып жүруді үйрету

96

Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы

Айдархан жалпы орта білім беретін мектебінің

дене шынықтыру пәні мұғалімі Ишанов Айбек Миразатұлы

Тақырыбы: Баскетбол добын алып жүруді үйрету

Сыныбы: 5 сынып

 

Мақсаты

Білімділік: Баскетбол добын алып жүру түрлерін үйрету

Дамытушылық: Спорттық ойындармен айналысуды жалғастыру, олардың ережесімен, түрлерімен танысуды, меңгертуді жалғастыру, баскетбол ойынын оқушылардың денесін шынықтыру мақсатында қолдануды арттыру

Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, бағыттылыққа, шапшаңдыққа, төзімділікке, достыққа тәрбиелеу.

 

Түрі: теория-практикалық сабақ
Типі: жаңа сабақ
Әдісі: түсіндірмелі, сұрақ-жауап, топтық жарыс
Көрнекі құралдар: слайд, баскетбол добы, плакат, үлестірмелі карточка

 

Сыныбы: 5 сынып

 

І. Кіріспе бөлім (15 мин)

1.1. Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа назарын аударту

1.2. Жаңа сабақ тақырыбымен, мақсатымен таныстыру

1.3. Жалпы дайындық жаттығулары (жүру жаттығулары)

Жүріп орындалатын жаттығулар

А) Қол жоғарыда, аяқтың ұшымен жүру

Ә) Қол жанда, аяқтың ұшымен жүру

Б) Қол белде, өкшемен жүру

В) Қол белде, аяқтың сыртымен жүру

Г) Қол белде, аяқтың ішімен жүру

Д) Қол алда, жартылай отырып жүр

Е) Қол тізеде қазша жүру

Ж)Жай жүгіру, шапшаң жүгіру, жеңіл жүгіру

Жалпы дамыту жаттығулары:
1) Аяқ иық деңгейінде, қол белде, мойынды 4есепке оңға, 4 есепке солға айналдыру

2) Аяқ иық деңгейінде, қол белде, мойынды 4есепке алға, 4 есепке артқа айналдыру

3) БҚ-қол иықта 1-2 алға айналдыру, 3-4 артқа айналдыру

4) Аяқ иық деңгейінде, оң қол жоғары, сол қол төменде 1-2 есепке артқа, 3-4 есепке келесі бағытқа сермеу

5)БҚ-қол кеуде алдында 1-2 бүгілген қолды артқа апару, 3- 4 дәл солай жазылған қолды артқа апару.
6)БҚ- аяқ қосылған, бір есепке қолымызды көтереміз, екі есепке қолымызды жерге тигізе еңкейеміз, үш есепке қолымызды алға созып, толық отырамыз, төртінші есепке БҚ
7)БҚ-аяқ иық деңгейінде, қол желкеде, екі есепке сол жаққа, екі есепке оң жаққа серпілеміз

8) Қос аяқпен сағат тілімен төрт есепке айналамыз
Демді қалпына келтіру.
ІІ.Негізгі бөлім (25 мин)

2.1. Слайд арқылы қысқаша баскетбол және баскетбол добын алып жүру туралы ақпарат беру

2.2. Плакаттар мен слайдта көрген жаттығуларды жасап көрсету

А) Оң қолмен кедергілер арқылы допты алып жүру

Ә) Сол қолмен кедергілер арқылы допты алып жүру

Б) Допты кедергілер арқылы алмакезек алып жүру

В) Тосқауыл арқылы допты алып жүру

Г) Қарсыласын алдап допты алып жүру

Д) Екі қадам аттап себетке допты лақтыру

Е) Себеттің түбінен доп лақтыру

 

ІІІ. Сабақты бекіту (3 мин)

3.1. Қысқаша сұрақтар қою арқылы, баскетбол туралы негізгі ұғымдарын бекіте түсу

Баскетбол дегеніміз не?

Баскетбола алаңы қандай болады?
Баскетбол ойынын қанша адам ойнайды?
Ойыншы допты қолында қанша секунд ұстап тұруға болады?

3.2. Допты алып жүрудің негізгі ережесі жазылған үлестірмелі карточканы оқушыларға тарату (карточка баскетбол добы үлгісімен жасалған)

 

  1. Қорытынды (2 мин)

Оқушыларды бағалау

Қоштасу