«Отбасы күніне» арналған көңілді эстафета жарысының жоспары:

105

«Отбасы күніне» арналған  көңілді эстафета жарысының

 жоспары:

Мақсаты:

  1. Оқушыларды салауатты  өмір салтына бейімдеу және  дене шынықтыру сабағына  қызығушылығын арттыру.
  2. Ата – ана мен мектептің тығыз қарым – қатынасқа болуға шақыру.
  3. Шапшаң қимылдауды, жарыса жүгіруді дамыту.

Міндеттері:

1.Жарысқа қатысушылар.

  • 8-9 сынып оқушылары мен ата-аналары.
  • Команда құрамы: 6 ойыншы:(2 әке, 2 ана, 2 оқушы).
  • Қатысушы ата-ана болуы шарт.

2.Эстафеталық жарыс түрлері:

  • Доппен жүгіру🙁Ойыншы допты еденге ұру арқылы жүгіріп барып, қайтып келу.)
  • Допты аяқпен қысып жүгіру:(Ойыншы допты екі аяқ арасына қысу арқылы, секіріп барып, секіріп келу.)
  • Допты бастарымен ұстау арқылы жүгіру: (екі ойыншы допты бастарының арасында ұстау арқылы, допты түсірмей жүгіріп барып, келу.)
  • Ракеткадағы шар:(Ойыншы ракеткамен шарды ұру арқылы шарды жерге түсірмей, жүгіріп барып және қайтып келу.)
  • Арбалар сайысы:(әкелер балалардың аяқтарынан көтере ұстап, алдыға қарай жүгіріп барып, қайта келу. Аналар жіппен (cкакалка) мен секіріп барып, секіріп келу. )
  • Мергендер сайысы: (Ойыншы жүгіріп барып, ілулі тұрған шарды найзаша мен атып жару, әрбір жарылған шар 1 ұпай.)
  • Гр көтеру сайысы: (бұл сайыста әкелер 10 реттен гр көтереді, аналар 10 реттен жіппен (cкакалка) секіреді)
  • Арқан тартысу: (бұл сайыста команда бойынша қатысады.)

 

3.Марапаттау:Жеңімпаз командаларды мақтау қағаздары және сыйлықтармен марапаттау.