Сабақтың тақырыбы: Аққала

Батыс Қазақстан облысы

Ақжайық ауданы

Атамекен ауылы  Жангалиева Конырша Амангелдиевна

М.Өтемісов атындағы негізгі жалпы білім беретін мектебінің І санатты бастауыш сынып мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Аққала

Мақсаты:  өлеңнің мазмұнын түсініп оқуға, ой түйіндей  білуге үйрету. Өлең мазмұнын өмірмен  байланыстыра  түсінуге жағдай туғызу.

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, танымдық білімдерін арттыру. Табиғат- ананың кез- келген мезгілін жылы қабылдауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: әртүрлі материалдардан жасалған аққала бейнесі.

Сабақтың  түрі: танымдық сабақ

Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау әдістері

Сабақтың барысы:  Ұйымдастыру кезеңі: қысқы ойынның түріне қарай топқа бөлу.

Үй тапсырмасын қорытындылау.. Шана . Г Әлімбаева .  Берілген сөз және сөз тіркестерін мәтіннің мазмұнына қарай орналастыру.

Берілген  сөз тіркестері. бұртиды, оянып алды,  сыртқа үңілді, балаларға ілесті, терезе алдына келді,  сатып әкелді.

Жаңа сабақ       Аққала  М. Қайыңбаев

1.Қызығушылықты  ояту

Ойнайық біз аққала,

Домалатып ақ қарды.

Ойнайық біз топтана,

Салып ғажап бақтарды

-Суреттерге зер салып көр ( қағаздан, мақтадан, тәттіден, қардан, сүзбеден жасалған аққалалар) Қайсысы шын мәніндегі аққала? Ойыңды дәлелде.

«Аққала жасау» тәсілі дегенге топтастыру құру. Әрбір топ өз жұмыстарын қорғайды

Қарды домалақтау               мұрыны сәбіз                көзі көмір

Аққала

 

 

 

 

 

Басында шелек        қолына сыпырғыш                ауызы таяқ

Осы әдемі аққалаға арналған Мәди Қайыңбаевтың «Аққала» өлеңін  оқып, мағынасын түсініп көрелік.

Мағынаны тану.

а) автор туралы мәлімет

ә) Өлеңді «қабырғаға қарап оқу» өдісі арқылы оқу.Әр топқа арналған өлең шумақтарын бөлек- бһлек қабырғаға іліп қою.Топта бір оқушы орнында қалып, ақын рөлін атқарады. Әр топтағы оқушылар қабырғадағы ілулі тұрған өлең шумақтарын берілген уақыт ішінде оқып, топқа қайта оралып,

ақынға айтып береді. Ақын олардың сөзін мүлтіксіз жазып алып отырады.Барлық үш оқушы ақынға айтып болған соң, жазылған ауызша көшірме өлеңді ақын оқып береді.

в)өлең толықтырылып оқылады, сөздік жұмыс жүргізіледі.

— Топтастыру бойынша көрсеткен аққала жасау тәсілдері өлең мазмұнымен сәйкес келе ме? Сәйкес келетін жерлерінің астын сызу.

«Биопоэма» әдісін қолдану арқылы  сұхбат жүргізу.

Аты- аққала

Сипаттайтын 2-3 сөз- өдемі, суық

Жақсы көретін 2-3 заты- қыс, қар, аяз

Қорқатын 2-3 заты- көктем, күн, ыстық

Басынан өткізген сезімі- балалардың қуанышы

Болашақтан күтетіні- көктем шықпаса, күн ысымаса

Мекенжайы- қысқы дала

Тегі- қар

Сергіту сәті Қар жауып тұр.  Бетіміз су болды. Бетіміздегі суды сүртеміз.жерден қар аламыз, оны домалақтап оң қолымызбен лақтырамыз.

Жерден тағы қар алып, домалақтап сол қолымызбен лақтырамыз. Енді үстіміздегі қарды қағамыз.

Ойтолғау

«Аққала» ойынын ойнау.

Ойынның шарты:  әр топқа арналған жеке аққаланың сұлбасы салынады. Әр топтан бір- бір оқушы шығып, жұмулы көзбен жетіспейтін жерлерінің суретін салады.(мұрны, көзі, қолы, аузы ) қай топтың суреті дұрыс шыққанын оқушылардың өздері бағалайды.

 

Өлеңнің соңындағы сұрақ- тапсырмаларды орындау,

Сабақты қорытындылау, бағалау.

Үйге тапсырма .өлең жолдарына саз ойлап табу.