Жер – шар тәріздес дене

306

 

 Тақырыбы:  Жер – шар тәріздес дене

Білімділік мақсаты:  «Жер – шар тәріздес дене»екенін оқушыларға  ұғындыру.

Жердің шар тәріздес екенін мысалдар арқылы түсіндіріп

білімдерін кеңейту. Саналы түсіну машығын жетілдіру

Тәрбиелік мақсаты:  Оқушылардың аспан әлемі, Жер планетасын сүюге,

құрметтеуге, қамқор болуға, экологиялық апаттардан

қорғауға тәрбиелеу.

Дамытушылық мақсаты: Өз ойларын толық жүйелі түрде жеткізе білуге

сөздік қорын тіл байлығын шығармашылық

қиялын дамыту.

 

 

Сабақтың типі: жаңа білім беру

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың ұйымдастыру формасы: жекелей, жұптық және ұжымдық оқу

Көрнекіліктері: интерактивный тақта, карта , глобус, планетаның макеті, тест тапсырмалары

Әдіс-тәсілдері: ойын, сұрақ-жауап, талдау, түсіндіру,  жұптық жұмыс, ой қозғау

                                Сабақтың барысы:

І.  Ұйымдастыру кезеңі

II Үй тапсырмасы

I   топ. Күн жүйесі деген не?  Күннің басқа жұлдыздарға ұқсастығы неде?

II  топ.    Күн  бетіндегі және қойнауындағы температура қандай?

III  топ.  Жер бетіндегі тіршілік үшін Күннің қандай маңызы бар?

IV топ.  Күн қуаты қалай пайдаланылады?

Үй тапсырмасы бойынша бекіту сұрақтары.

1.Күн жүйесі неше  ірі планетадан тұрады?

Меркурий,Шолпан,Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран ,Нептун,Плутон.

2.Жерді қоршаған бүкіл дүние

Әлем(Ғарыш)

3Күнге жақын планета?

Меркурий,Шолпан ,Жер

  1. Осы планеталардың ішіндегі ең танымал, өзімізге жақын қай планета?

-Жер

-Онда біз қазір Жер туралы әңгіме жүріземіз. Жер туралы не білесіңдер , соны ортаға салайық

Ой қозғау

 

 

                                               жасыл                          дөңгелек

 

Жер

 

                                                         мекеніміз       тіршілік көзі 

Енді осы Жер планетасын зерттеп көрейік

-Пішіні қандай

-Кімдер зеріктеген?

IIIЖаңа сабақ

Жасыл желек жамылған,

Жер дөңгеле бір әлем

Асқар-асқар таулары,

Сылдырап аққан сулары.

Сан алуан гүлдері

Жан –жануар бәрі бар

Бұндай планета қайда бар?

Теориялық білім беру

Балалар , жаңа сендер Жердің пішіні шар тәрізді дедіңдер , оны неге сүйеніп айттыңдар?

Олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Жер – шар тәріздес дене». Жер – біздің сүйікті планетамыз. Жер- тіршілік көзі. Жер басқа планеталарға қарағанда жақсы зерттелген, Жердің шар тәрізді екендігі анық.

Дегенмен ерте заманда біздің арқы ата- бабаларымыздың Жердің пішіні туралы басқаша болған, өйткені ол кезде Жерді зертейтін телескоптар болмаған Содан келіп адамдар Жер тегіс және оны үлкен бірнеше өгіздер көтеріп тұр , олардың аяқтары шаршап, қозғалтқан кезде жер сілкінеді деп ойлаған .Сөйтіп келе-келе орта ғасырдаГрек ғалымдары әр түрлі белгілерге қарап жердің шар тәрізді екенін дәлелдеген.  1519-1522 жылдар аралығында Жер шарын айналу саяхатын жасаған поругалдық теңізші Фернан  Магеллан тұңғыш рет Жердің пішіні шар тәріздес екендігін дәлдеген. Сонымен жердің шар тәріздес екеніне көз жеткіздік.Жердің барынша кішірейтіліп жасалган дәл үлгісі глобус деп аталады Глобус –латынша шар деген сөз.

Картада да, глобустада да жер беті түрлі түсті бояулармен кескінделген.Онда бүкіл жер шарында құрлық пен судың таралуы айқын көрсетілген Глобусты қолымызға алып айналдырып қарасақ бетінің ¾көгілдір түске боялған. Ол мұхиттар мен теңіздер . Мұхит дегеніміз- жан-жағынан материктермен шектелген орасан су алыбы. Мұхиттар және олардың бөліктері бір – бірімен үздіксіз байланысып, Дүниежүзілік мұхит құрайды. Жер шарында 4мұхит бар. Олар – Тынық , Атлант, Үнді және Солтүстік Мұзды мұхиттары. Мұздің ішіндегі ең үлкен мұхит- Тынық мұхиты.  Құрлықтың жан-жағынан қоршалған ірі бөліктері материктер деп аталады. Материк алтау. Олар – Еуразия, Африка, Аустралия, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка және Антактида . Біздің мемлекетіміз- Қазақстан Республикасы Еуразия материгіне орналасқан.

Материктердердің ішінде тек қана Антрактидада адама қоныстанбайды. Өйткені оны түгелдей дерлік мұз басып жатқан . Сондықтан оны Мұз құрсанған материк деп атайды.Балалар Жер толық зерттелді деп айта алмаймыз, әлі талай жаңалықтар болуы мүмкін Өйткені техникалар әлі даму үстінде.

Оқулықпен жұмыс

Оқулықтағы мәтінді оқушылар іштей оқиды.

Топ бойынша дауыстап бір оқып шығады.

Дәптерме жұмыс

Мұхит дегеніміз- жан-жағынан материктермен шектелген орасан су алыбы. Мұхиттар және олардың бөліктері бір – бірімен үздіксіз байланысып, Дүниежүзілік мұхит құрайды. Жер шарында 4мұхит бар. Олар – Тынық , Атлант, Үнді және Солтүстік Мұзды мұхиты. Материк– Еуразия, Африка, Аустралия, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка және Антактида .

Бекіту мақсатында сынптан өткен материалдар бойынша тест алынады

  1. Жерге жақын жұлдыз

А) Уран  Б)Юпитер   В)Күн   Д) Сатурн

2 . Күн меннен Жердің ара қашықтығы

А) 150 000 000  Б) 15 000 000    В)1 000 000    Д)1,5 000 000

  1. Күннің көлденең өлшем бірлігі

А)140 000 000   Б)14 000 000   В)1 40 000   Д)1 400 000

  1. Күннің беткі қабығының қызуы

А) 6 000º  Б) 60 000º   В) 600 000º   Д) 600º

5 . Ғарышқа жол қай жылы ашылды?

А)1954 ж Б)1957ж    В)1959ж    Д)1953ж

6 . Қай айда «Ғарышкерлер күні» аталып өтеді?

А)12наурыз   Б)12ақпан   В)12мамыр   Д)12сәуір

  1. Біздің мемлектіміз қай материкте орналасқан?

А) Оңтүстік Америка  Б) Еуразия   В)Аустралия   Д)Антарктида

8.Жер шарында неше мұхит бар?

А)4мұхит   Б)6мұхит   В)2мұхит   Д 8мұхит

  1. Мұз құрсанған материк

А)Африка   Б) Оңтүстік Америка    В) Антарктида  Д) Еуразия

  1. Ең үлкен мұхит

А) Солтүстік Мұзды   Б) Тынық   В) Атлант  Д) Үнді

Бағалау

Үйге тапсырма

  1. Мәтінді мазмұндау 105-108 беттер.
  2. «Жерді» әр түрлі апаттардан қоғау сурет саламыз.
  3. «Жер — Ана» тақырыбында шығарма жазып келу.

Қорытынды

«Табиғат »  өлеңімен  қорытындылау

Табиғат!

Тіршіліксің тұнып тұрған

Сен-күнсің көтерілген күліп қырдан.

Сен –көлсің

Сен-ормансың,

Сен-бұлбұлсың

Адамды сұлулыққа құнықтырған.

Сен –жарықсың,

Сен-жерсің

Сен-гүлсің,

Сен –адамсың,

Сен-аусың

Сен-анамсың

Бәрі менің өмірім сен сыйлаған.

Туған елім-Отаным-Қазақстан.