Эстафеталық ойындар

76

 

Сабақтың тақырыбы: Эстафеталық ойындар

Өтетін жері: Мектеп алаңы

Сабақтың мақсаты:

1.Эстафеталық ойын түрлерін үйрету.

2.Оқушылардың қимыл-іс әрекеттерімен дағдыларын жетілдіру.
3.Ойын арқылы бала организімін шынықтыру.

Сабақтың көрнеклігі: ысқырық, доп, шар, эстафеталық таяқша, секіртпе

жіп, қалың кітап т\б.

Сабақ барысы:

I.Ұйымдастыру бөлімі.

II.Негізгі бөлім.

III.Қорытынды бөлім.

  1. Ұйымдастыру бөлімі. Сапқа тұрғызу. Сәлемдесу. Кезекші рапортын тыңдау. Сабақтың тақырыбымен таныстыру.

Дайындық жаттығулары.

1.Басқа арналған жаттығулар. Алдымен басымызды оңға,содан кейін солға бұрамыз (4рет). Белімізге қолмызды қойып,сағат тілімен басымызды айналдырамыз.

2.Иыққа арналған жаттығулар. Белімізге қолымызды қойып, иығымызды алға 2 рет, артқа 2 рет қозғаймыз. Содан кейін иығымызды жоғары көтереміз (4рет).

3.Қолға арналған жаттығулар.

Қолымызды 1дегенде алға созамыз, 2 дегенде жоғары көтереміз,3дегенде екі жаққа созамыз,4дегенде қолымызды түсіреміз.(2рет қайталаймыз).

4.Белге арналған жаттығулар. Қолымызды белге қойып оңға(2рет), солға(2рет) иеміз. Белімізді сағат тілімен айналдырамыз(2рет).

  1. Аяқ жаттығулары. Қолымызды екі жаққа созып аяқ өкшесімен тұрамыз (4рет). Орнымызда тұрып жәй секіреміз (4рет). Тепе-теңдікті сақтап жоғары көтеріліп,қайта түсеміз(4рет).

 

II.Негізгі бөлім. Оқушыларды бірінші-екіншіге санатып екі топқа бөлеміз. Топқа тез арада ат қойдыртамын. Ойын шартымен түсіндіремін.

 

  1. Эстафеталық таяқшамен өткізілетін ойын.

Екі топ алдына бірдей сызық сызылады. Сызықтан 10-20м жерге бір зат немесе жалауша шаншып қойылады. Әр команданың бірінші ойыншысы алдымен оң қолна таяқшаны ұстап, жалаушаны айналған кезде, таяқшаны сол қолына ауыстырып келесі ойыншының оң қолына ұстатады. Ойын шартын бұрын орындаған топ, жеңіске жеткен болып (10ұпай) қосылады. Келесі топқа (5ұпай) беріледі.

  1. Шегіртке. (қос аяқтап секіру).

Команда сөре сызығына келіп тұрады. Белгі бойынша командалардың бірінші ойыншыларды, белгілеген жалаушаға дейін, қос аяқтап секіріп барып, секріп келеді. Келесі ойыншыға қол беру арқылы секіруді жалғастырады. Бірінші болып келген команда жеңіске жеткен болып (10ұпай) алады. Келесі команда(5ұпай) алады.

3.Секіртпе жіппен серіру.(скакалка)

Сөре сызығының бойында тұрған 2 команда ойыншылары белгіленген жалаушаға дейін секіртпе жіппен секіріп барып,секіріп қайтады. Келесі ойыншыға секіртпе жіпті жылдам тапсыруы керек. Ойын осылай жалғасады.Қай команда жылдам секіріп келсе,сол командаға(10ұпай), келесі командаға(5ұпай).

4.Доп ұру.

Командалардың бірінші ойыншылары ойынды бастайды. Белгіленген жалаушаға барғанша,оң қолымен допты жерге соғып,ал келгенде допты сол қолымен жерге соғып алып келеміз. Ойыншылар бір-біріне доп беру арқылы ойынды жалғастырады.Қай команда бірінші келеді, сол командаға(10ұпай). Екінші командаға(5ұпай).

5.Кім жылдам,әрі епті.

Төреші белгісі бойынша командалар жеңіл шарды жоғары әуеге лақтырып,қайта қағып алып белгіленген жерге дейін барып қайтады. Қай команда бірінші келеді сол командаға (10ұпай),екінші командаға (5ұпай) беріледі.

6.Секір де,жүгіре жөнел.

Командалар сап түзеп тұрады. Әр командадан екі ойыншы топ алдына секіртпе жіпті айналдырып тұрады. Берілген белгі бойынша ойыншылар кезекпен кезек тез-тез шығып,айналып тұрған секіртпені ілмей секіріп өтеді де,ары қарай жүгіре жөнеледі.

7.Тепе-теңдікті сақтау.

Қалың кітапты басымызға қойып тікемізден тік жүріп,белгіленген жалаушаға дейін барып келеміз. Келесі ойыншыға қол беру арқылы ойынды

жалғастырамыз. Қай команда тез келеді, сол командаға(10ұпай), екінші командаға (5ұпай) беріледі.

 

III.Қорытынды бөлім.

Оқушыларды сапқа тұрғызамын. Тыныс алу жаттығуларын жасатамын. Қай команда жеңіске жеткенін хабарлаймын.

ІV Үйге тапсырма беру.

Эстафеталық ойын түрлерін өз бетімен ізденіп,қалай ойнау керектігін біліп,үйреніп келу.

ІV Бағалау. Ойынға жақсы қатысқан оқушыларды бағалау.

Сабақ аяқталды. Сау болыңдар!