«Шахмат» факультатив сағатының оқу – тақырыптық жоспары

 

«Шахмат»

факультатив сағатының оқу – тақырыптық жоспары

Түсінік хат

Қазіргі ақпараттандыру технологиясының кең дамыған кезінде оқушылар үлкен ауқымды ақпараттарды тез қабылдап, сараптап, логикалық қорытындылар жасай білулері керек. Логикалық және жүйелі ойлауды қалыптастыруда шахматтың алатын орны  зор. Ол оқушылардың аз уақытта ойлдарын шоғырландыруына, туған жағдаятты сараптауға және шешім шығаруға үйретеді және алдына қойған мақсатына жетуге, төзімділікке тәрбиелейді.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Астанада өткен тез шахмат пен блиц чемпионатының ашылу салтанатында «Шахмат адамдарды тез ойлатады, шешім қабылдатады және қадам жасатады.  Мен бүгінгі таңда Қазақстанның көптеген балаларының спорттың осы түрімен айналысатынына қуаныштымын» деген болатын.  Сонымен қатар мектептердің оқу жоспарларына шахмат сабақтары енгізіліп отыр.

Шахмат – екі тұлғаның көрнекі түрде сайысу түрі. Ол бізге адамның шығармашылық дәрежесін анықтауға қажет. Шахмат ойнаушының үнемі жетілуінен, жүйелі түрде дайындық сағаттарын жүргізуден кейін нәтиже күтуге  болады.  Сонымен қатар шахматты үйретудегі жаттықтырушының шығармашылық деңгейінің жоғары болуы қажет.

    Бағдарлама 7-14 жас аралығындағы  балаларға арналған. Оқыту мерзімі 2 жыл. 

Бағдарламаның тиімділігі – уақыт талабымен сәйкес. Жеке тұлғаны жетілдіру қиын мәселе болғандықтан, шахматты үйретудің құрылымы мен мазмұны мақсатқа бағытталған мінез қалыптастыруға тәрбиелейді. Сабақтан тыс білім беру жүйесінде шахматты үйрету жүйесі оқушылардың жеке қабілеттіліктерін айқындап, жетілдіре отырып оның тұлға ретінде жалпы жетілуі мен тәрбиесіне бағытталады

     Бағдарламаның ерекшелігі балаға даралап білім беруге бағытталғандығында. Ол бағдарламаға енгізілген және екі негізгі бағыт алады. Алдымен әр шахмат ойнаушының тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып тәрбиелеуде, екіншіден әр тәрбиеленушінің өмірге көзқарасы, жағдаяттарды шеше білуі есепке алынады.  Баланың жеке қасиеттерін табиғи, физикалық және психологиялық қасиеттерін білуді талап етеді.

Бағдарламаның жаңалығы мұғалімнің сабақтарда қолданатын, балалардың жеке және жалпы логикалық ерекшеліктерін жетілдіретін дидактикалық материалдарын (карточкалар, шахматтық этюдтар және тапсырмалар) әзірлеуінде,   зерттеу әдісін қолдануында (шахматтың шығу тарихы туралы рефераттар мен баяндамалар жазуында), мектептің материалдық жағдайын ескере отырып оқу-тақырыптық жоспарын құруда.

 

 

 

 

Бағдарламаның мақсаты : шахмат сабағы арқылы шығармашыл, дарынды жеке тұлға жетілдіруге жағдай жасау.

Бағдарламаның міндеттері:

Білім беру:

  • Шахматтың шығу тарихымен таныстыру;
  • Ойын ережелерін үйрету;
  • Оқушыларға шахмат ойыны туралы теориялық білім беру, сайыстар өткізу ережелерімен таныстыру.

Жетілдіру:

  • Тұлғаның логикалық ойлауын, есте сақтауын, орнықтылығын жаңа басқа да жағымды қасиеттерін жетілдіру;
  • Төзімділігін, өз өзіне және қарсыласына сынмен қарауын;
  • Логикалық ойлау әлемі мен бейнелеп ойлаудың сұлулығын бойлатып, қоршаған орта туралы елесін кеңейту;

Тәрбиелік:

  • Айналасына ұқыптылықпен қарау, жеке қасиеттерін жетілдіруге ұмтылдыру; ·          Өзін тәртіпке салуға тәрбиелеу;
  • Еріктілік қасиеттерін жетілдіруге және өзін өзі бағалай білуге.

Бұл бағдарламаны игеру барысында оқушылардың пәнді игеруімен қатар ұжымда жұмыстана білуі қалыптасады.

 

Оқушылардың пәндік құзырлылығы:

  1. Техникалық,оқушылардың
  • Жаттығу ойындарында, мектепішілік, аудандық шахмат сайыстарына қатысуында;
  • Ойын барысында шахматтық есептер мен этюдтарды шешу барысында қалыптасатын іс әрекеттері.
  1. Интеллектуалдық,оқушылардың
  • Ойынға сараптама жасауымен;
  • Арнайы әдебиеттерді оқуымен;
  • Үздік ойыншылардың ойындарын қарап талдауымен қалыптасатын іс әрекеттері.

 

Апталық жүктеме бірінші жылы аптасына  1 сағаттан /34 сағат.

Оқу тобында 10-15 оқушы болады.

 

 

 

 

 

 

Оқыту  бағдарламасы

Оқушылардың білім біліктілігіне қойылатын талаптар. 

Бірінші жылды аяқтағаннан кейін оқушы білу керек:

  • шахматы ойнау ережесін;
  • ойнаушының құқы мен міндеттерін;
  • шахматтың шығу тарихын:
  • ойын тактикасы туралы негізгі түсінік.

Орындай білуі керек:

  • алған білімдерін практикада қолдана білу;
  • назарларын, ойларын шоғырландырып, уақытты үнемдеу;
  • шахматы құштарлықпен ойнау.

 

Оқу жоспары

Оқу тақырыптары мен іс әрекеттеріСағат саны
теорияпрактикабарлығы
1Кіріспе. Ұйымдастыру сағаты.11
2Шахмат- спорт, ғылым, өнер.11
3Шахмат ойнау ережелері, шахмат күресінің ерекшеліктері.145
4Мат қоюдың қарапайым схемасы.156
5Тактика167
6Эндшпиль123
7Дебют123
8Этюдтер мен есептерді шешу сайыстары.11
9Бір уақыттағы ойындар11
10Сайыстар  (турнирлер)22
11Жеке оқытулар33
12Қорытынды сағат11
  Барлығы:82634