Қазақтың ұлттық «Асық» ойыны.

 

 

KATEV

Халықаралық қоғамдық қоры

КҮНДЕЛІКТІ САБАҚ ЖОСПАРЫАстана қаласы дарынды ер балаларға  арналған қазақ-түрік лицей-интернаты
Құжаттың коды:K-KTL-FR-031-KZРев. № / Күні:
Басылым күні: 30.01.2015Бет №: 2/2
Пән:Дене шынықтыру                                                                
Сынып: 7 Б                                                         Күні: 2015 жылғы 06 ақпан
Сағат:1X45
Тақырыбы:Қазақтың ұлттық «Асық» ойыны.
Мақсаты:

 

 

Міндеттері:

1) Ұлттық  «Асық» ойынын оқушылармен кеңінен талқылау

2) Оқушылардың асық ойынына деген қызығушылығын арттыру

3) Дені сау, білімді ұрпақ тәрбиелеу

 

1)асықтың атауларынмен және ойын түрлерімен таныстыру

2) асықты қолда ұстауды үйрету

3) ойын техникасын жетілдіру

Өтетін орныСпорт зал
ҚұралдарАсық, бор, гимнастикалық орындықтар, проектор, ноутбук, ақпараттық бейне таспалар, ақпараттық тақта.
Сабақтың мазмұныЖүктеме

мөлшері

Әдістемелік нұсқаулар
IДайындық бөлімі15минут
Сапқа тұру, рапорт беру, сәлемдесу.

 

 

Орнында және қозғалыста орындалатын

саптық жаттығулар.

 

 

 

Сергіту сәті: «Бүгін қандай күн?», деп сұрақ қойылады.

— оқушылардан әртүрлі жауаптар алынады,

Жауабы: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне бүгін  8 454 күн болған екен.

 

2 минут

 

 

3 минут

 

 

      

 

2 минут

 

 

 

 

 

       5 минут

 

3  минут

Оқушылардың киген киімдеріне мән беру, толық сапқа тұруын қадағалау. Тез, әрі нақты

орындау.

 

Зейін қойып

тыңдау.

 

 

 

 

Зейін қойып

тыңдау.

Оқушылар топтың атын өздері қояды.

Ұлттық асық ойынымен кеңінен танысу

 

Оқушыларды топтарға бөліп, гимнастикалық орындықтарға отырғызу.

— түрлі түсті асықтарды қолдану арқылы топтарға бөлу;

— арнайы дайындалған дорбаға оқушылар санына қарай түрлі түсті асықтар салынады.

Топтардың атын қою.

ІІНегізгі бөлім25минут
1)             Асық түрлерімен таныстыру

1.Кеней, кентай — асық ойынында ұпайға тігілетін асық. «Кішкентай» сөзі «кіші» және «кентай» сөздерінен шыққан.
2. Сақа — асықтың ең үлкені, ірісі.
3. Ешкімер — ешкінің асығы.
4. Қойлақ — қойдың асығы.
5. Құлжаз — құлжаның асығы.
6. Топай, сомпай — сиырдың асығы.
7. Шүкейт — киіктің асығы.
8. Пүш — тәйке түспесін деп алшы жағы жонылған асық. «Пұшайман болу» деген сөз осыдан шыққан.
Оңқай — малдың оң жақ аяғының асығы.
Солақай — малдың сол жақ аяғының асығы.

 

2)             Қолда асықты үстау техникасын үйрету:

— асықтың өзіндік болмысына және жату қалпына сай атаулары: алшы, тәйкі (тәуке, тәйке), бүк, шік. (омпа және томпа).

— асықтың ойын түрлеріне сай қолға ұстау әр түрлі:

көбіне асықпен ойналатын ойындар иіру арқылы ойналады. Асықтың тәйкі тұсы – басбармаққа, алшы жағы – сұқ саусаққа, бүк тұсы – алақанның ішкі жағына, шік жағы – сыртқа қарап тұрады. (Бұл оңқай асықтарды дұрыс ұстау). Ал солақай асықты ұстағанда: алшы тұсы – басбармаққа, тәйкі тұсы – сұқ саусаққа,  бүк тұсы – алақанның ішкі жағына, шік жағы – сыртқа қарап тұрады.

 

3)           Сұрақ жауап:

— асық ойынының түрлері?

1) үш табан немесе бес табан,

2) шеңбер немесе төртбұрыш,

3) хан талапай,

4) бес асық,

5) тәуекел

6) бүк пен шік,

7) асықты тігіп ойнау,

8) тас қала

9) омпа,

10) алшы,

11) құмар және топай ойыны;

 

3) Арнайы дайындалған бейне таспа

4) Қойылған міндетті орындау үшін қолданатын жаттығулары:

— арнайы дайындалған шеңбер (төртбұрыш) ойынын ережеге сай оқушыларға ойнату.

 

2 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 минут

 

 

15 минут

Оқушылардың зейін қойып тыңдауларына мән беру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылардың зейін қойып тыңдап, қолдарындағы асықтарымен көргендерін қайталап отыруларын қадағалау.

 

 

 

 

 

 

Оқушылардың асық ойынының түрлерін дұрыс айтуын қадағалап, ар дұрыс жауапқа ұпай беру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұқият зер салып тыңдауларын қадағалау.

Кезекпен, ойын ережесіне сай ойнату.

ІІІҚорытынды бөлімі 5 минут
1)       Сабақты қорытындылау.

 

2)       Топтардың алған ұпайларына сәйкес бағалау.

 

3)       Асық ойынының болашағы туралы бейне таспа.

 

1 минут

 

2 минут

 

2минут

Түгел тыңдауын қадағалау.

Сабаққа қатысуына байланысты бағалау.

Мұқият қарауларын бақылау.

Пайдаланған әдебиеттер. 
1. Базарбек Төтентаев «Қазақтың ұлттық ойындары» Алматы, 1994, 27 бет.
2. Е.Сағындықов «Қазақтың ұлттық ойындары» Алматы, 1994, 58 – 61 бет.
3. Б.Төтенаев «Қазақтың ұлттық ойындары» Алматы, 1994, 19 – 24 бет.
4. М.Балғымбаев «Қазақтың ұлттық спорт ойыны түрлері» Алматы, 1985, 86 бет.
5. Ә.Бүркітбаевтың авторлығымен 1985 жылы жазылған «Спорттық ұлттық ойын түрлері және оның тәрбиелік мәні» (Алматы, 1998). 16–21 бет.