Абылай хан

Сабақтың тақырыбы: Абылай хан

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың Абылай хан туралы білетіндерін жаңа мағлұматтармен кеңейте отырып, тарихи әңгімені түсініп оқуға дағдыландыру. Оқушыларды батырлар өлеңімен таныстыра отырып,олардан үлгі алуды дәріптеу, өз елін, жерін сүюге, оны қорғауға , осы күнге жеткізген батырларға деген құрмет сезіміне тәрбиелеу.Тарихи сана қалыптастыру: оқушылардың сөздік қорын және ауызекі сөйлеу мәдениетін арттыру.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Әдіс- тәсілдері: Түсіндіру, баяндау, сұрақ- жауап.

Сабақтың көрнекілігі:  Батырлар суреті, билер буклет, бейнефильм, сөз жұмбақ,           Абылай ханның суреті.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі

  1. а) Оқушыларды түгендеу, сабаққа әзірлеу.

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Сәлем беріп сіздерге,

Бас иеміз біз.

ә) Психологиялық дайындық.

Балалар, бүгін біздің сабағымызға қонақтар келіпті. Демек, бұл сабағымыз жай сабақ емес, ерекше сабақ болып өткелі отыр.

—  Келгенше қонақ ұялады,

  • Келгеннен соң үй иесі ұялады- демекші біз ұятқа қалмауға тырысайық.
  1. Алдымызда қандай айтулы мереке келе жатыр?

— Тәуелсіздікке 20 жыл.

— Біздің Қазақстан республикасы егемендік алғанына аз уақыт болса да, бүкіл әлемге танылды. Еліміздің өзінің Елтаңбасы, Әнұраны, Туы асқақтап тұр.

— Еліміздің туының түсі қандай?

— Көк.

— Туды кез- келген адамға ұстата бермейді.

Мысалы : мектептің туын сыныптың үздік оқушылары ұстайды.

  1. Ойын:Туды ұстау құрметіне кім ие болады екен.

Ол үшін қойылған сұрақтарға дұрыс жауап беруіміз керек.

Үйде қандай мәтінді оқып келдік?

  1. Тергеуші Махамбетті не үшін іздеді?
  2. Махамбет тергеушімен қалай сөйлесті?
  3. Ауыл адамдары Махамбетті қалай сипаттады?
  4. Тергеуші неге қайтып кетті?
  5. Махамбет қай жылдар аралығында өмір сүрген?

(1804-1846 жылдар аралығында)

  1. Батырлар туралы мақалдар айту.

1.Мәтінді толықтай 3-4 оқушыға оқытып шығамын. Үй тапсырмасын түсінгенімізді сахыналық көрініс ретінде көрсетіп жіберейік.

Жарайсыңдар, рахмет!

  1. – Ал, балалар енді мына «Сөзжұмбақты» шешіп жіберейік.

 

— Абылай хан деген сөз шықты. Бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы шығады.

Абылай хан Әбілмансұр қазақ  халқының ұлы ханы, қолбасшы және дипломат.

1711 жылы дүниеге келіп, 1781 жылы мамырда қайтыс болған. Абылай – Жәңгір ханның бесінші ұрпағы. « Ақтабан шұбырынды» жылдарында жетім қалып, Төле бидің қолына келді. Оның түйесін, жылқысын бағады. Ол кезде шамамен он үш жаста болса керек. Шашына, алба – жұлба киіміне, жүдеу өңіне қарап, Төле би оған «Сабалақ»  деп ат қойыпты.

Бейне көрініс «Көшпенділер»

Абылай жиырма жасында хан майданда ерлігімен танылады. Сол кезеңде қалмақтың батыры Шарышты жекпе- жекте өлтіреді. 1730-1733 жылдар аралығында бір ұрыста үлкен әкесінің әруағын шақырып жауға  «Абылайлап» шапқан. Орта жүздің сұлтаны деп танылып, қазақ даласындағы әміршілердің біріне айналады. Әбілмансұр есімі ұмытылып, Абылай атанады.

Бейне көрініс:

Қаһарлы хан , ұлы қолбасшы Абылай дарынды күйші ретінде де тарихта белгілі.

Оның «Ақ толқын», « Ала байрақ», «Дүние қалды», « Жетім торы », «Қайран Елім», «Қара жорға» т.б. күйлері бар.

Өмір жолын ат үстінде өткізген Абылай хан Арыс өзенінің жағасында қайтыс болған.

Сүйегі Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне қойылған.

Абылай хан – Қазақ ордасының ханы, Қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері Абылай жарты  ғасырға жуық хандықты абыроймен атқарған. Оның көздеген мақсаты мемлекетті  нығайту еді. Ол сыртқы жаулардан қорғану үшін, үш жүздің күшін біріктіруді жүзеге асырған. Ол билік құрған кезде қазақ халқы қазақтардан елін, жерін азат етіп, тәуелсіздігін сақтады.

— Ал, балалар олай болса, оқулығымыздан Абылай хан туралы қандай деректер берілген екен.

Оқулықты оқып беремін.

Оқулықпен жұмыс.

1 Ілестей оқу.

  1. Тізбектей оқу.

Дәптермен оқу.

  1. Мәтіндегі хандарды және билерді, батырларды теріп жазу.

—  Бұл тапсырманы да орындадық, жарайсыңдар балалар.

—  Енді оқулықтағы 143- жаттығуға назар аударайық.

  1. Мақалды көшіріп жазу.

Батыр бір рет өледі,

Қорқақ мың рет өледі.

  1. Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қоямыз?
  2. Қимылды, іс- әрекетті білдіретін сөздер?
  3. Заттың сынын білдіретін сөздер?

— Ия балалар олай болса бүгінгі сабақты қаншалықты меңгердік екен

— Абылай хан туралы білгендерімізді мына сызбаға жазайық.( Сызбаны орындау.)

Сабақты бекіту:  1.  Абылай неше жасында қолбасшы болды?

  1. Абылайдың есімі? ( Әбілмансұр)
  2. Төле би Абылайды кім деп атады?
  3. Абылай кімдердің көмегіне сүйенді?
  4. Қандай қазақ батырларын білесіңдер?

Үйге тапсырма:  142- жаттығу. Көшіріп жазып, заттың санын білдіретін           сөздердің астын сыз. Мәтінді оқып түсініп келу. Абылай хан туралы деректер жинау. Мақалдар жаттау.

Бағалау:

Қорытынды:     — Балалар біз бүгінгі сабақта қалай жұмыс жасадық?

  • Бірігіп.
  • Яғни « Ынтымақсыз іс бітпес» мақалын басшылыққа ала отырып шапшаң, ұйымшыл екендігімізді көрсеттік.
  • Ал балалар сендерге бүгінгі сабақ несімен ұнады?
  • Балалар сендерге көп рахмет.

(Слайт)      Астананың жалпы аумағы 710,2 шаршы, км

1998 жылы Елбасының жарлығы мен Ақмола атауы  Астана болып өзгертілді.