Әке тәлімі. Алтай Аманжолов

117

Сабақтың тақырыбы: Әке тәлімі. Алтай Аманжолов

Сабақтың мақсаты:

  1. Әке тәлімі өмірлік тәжірибесі мен теорияны ұштастыра білуге, қолайсыз

жағдайдың, қателіктің алдын алуға, болдырмауға жол аша білетін тәрбиенің бірден-бір көзі екенін үғына отырып, әңгіменің негізін түсіне білуге жол ашу.

  1. Сыни тұрғыда ойлау қабілеттерінің дамуына жағдай тұғызу.

(Қорытынды жасау , салыстыру, толықтыру, негізгі ойды түйіндеу, сипаттау, алған білімін жаңа жағдайларда пайдалана білу қабілеттерінің дамуы.)

  1. Еңбексүйгіштікке, өмірдің әртүрлі жағдайларына дұрыс көзқараспен

қарауға, үлкендерді сыйлау, құрметтеу керектігін түсінуіне мүмкіндік беру.

   Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта.Автор суреттері, нақыл сөздер, әңгіменің желісімен салынған сюжетті сурет, кемпірқосақтың суреті (әр топтың алдына жеке-жеке), түрлі түсті мойынорағыштар (кемпірқосақ түстес жұқа маталар)

 

   Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Ұй жұмысын қорытындылау.

Жаңа сабаққа көшу сатысы.

— Балалар, бүгін сендермен өмірімізде кездесетін әртүрлі қиын жағдайлар туралы әңгімелеспекпіз. Бұл ешкімге құпия емес, әрқайсысымыз осы өмірімізде төбелес немесе ұрыс ортасында, күш қолдану жағдайында, жанжалдасу, түрлі айқай-шудың арасында болған кезеңдер, тіпті қатыспаған жағдайдың өзінде, көзбен көрген кезіміз болды. Және бұл жағдайлардан әрқайсысымыз әртүрлі шешім тауып шығып кетіп жүрдік.Тіпті кейбіріміз шешімін таба алмай талай дал болған кездеріміз де болған шығар.

  1. Қызығушылықты ояту.

Белгілі бір жағдайға баға беріп, дұрыс шешімін табуға көмек беру үшін, оны сырттай бақылап және ол жағдайды жан-жақты, әртүрлі бағытта байқау керек. Ол жағдайды қарастырудың қанша жағын тапсаң, оны соншалықты жақынырақ танып, өзің үшін соншалықты көбірек мәлімет алуға жағдай: туғызасың, дұрыс шешімін табуға мүмкіндік аласың.

Қазір біз осындай оқиғаны қарастырамыз. Және бізге дұрыс шешімін
табу үшін алдымыздағы кемпірқосақ көмектеседі. Ал сендер кемпірқосақ
қай кезде шығатынын білесіңдер ме?

   Қажет дерек

«Кемпірқосақ ұдайы жаңбыр жауған жақтан көрінеді. Яғни, жаңбыр жауған кезде ауаны мың сан су түйіршіктері кернеп алады. Ал әрбір су түйіршігі бір-бір кішкене призмаға ұқсас. Мұндай призмалар шексіз көп болғандықтан, кемпірқосақ та аспанның жартысын орай көрінеді». («Негеш», 1995 жыл, 88 бет.)

— Ал кемпірқосақтың қанша түсі бар екенін және сол түстердің қандай ретпен келетінін білесің бе?

— 7 түрлі түсі бар. « Ал түстерінің ретін ұмытпас үшін мына сөзді жаттап ал:    «Қасқырдың қүлағы сақ, жапалақтың көзі көргіш келеді». Осы сөйлемдегі әрбір сөздің бас әрпі кемпірқосақтағы бояу түсінің бас әрпімен бірдей».

  1. Мәтінді тану.

Мәтінді оқымас бұрын автор жайында қысқаша мәлімет беріп өту. Тақырыбына «Болжау» стратегиясы бойынша талдау жасау.

— Қалай ойлайсыңдар, әңгіме не туралы болуы мүмкін? Олай ойлауыңа не себеп болып тұр? Нені негізге алып отырсың?

Мәтінді «Түртіп алу» стратегиясы бойынша оқушыларға тізбектеп оқыту.

Сөздік жұмысын жүргізу.

Қалай ойлайсыңдар, әңгіменің негізгі ойы неде? Бұл әңгімені бізге нені үйренсін, қандай тәлім-тәрбие алсын деп берген екен?

Жаңа ұғымдарды, жаңа әрекеттерді меңгеру кезеңі.

Әңгімедегі болған оқиғаны топта талқылау.

Бұл оқиғаны топта талқыламас бұрын, біз қазір кемпірқосақтың түрлі түсі бар мойынорағыштарды тағып алайық. Кемпірқосақтың түрлі түсті шапақтары барлық әлемді шарлап, жер әлем жаңарып, тіршілік нәрімен сусындағанда, тазарғанда шығады. (Әр топқа өз қалауы бойынша түстерді таратып беру.)

   1-топ. Кемпірқосақтың бірінші түсі қызыл, ендеше қызыл түсті мойынорағышты тағалық. Қызыл түс шынайылықтың белгісі болып келген, осы түс арқылы оқиғадағы әке мен баланың ішкі жан дүниесіне үңіліп көрелік. Олардың жан дүниесінде не болып жатыр деп ойлайсыңдар? Бір сәтке өзімізді солардың орнына қойып көрелік. Әкесі баласын немесе баласы әкесін қандай деңгейде жақсы көреді екен. Әкесі немесе баласы сезімдерін әңгімеде көрсете білді ме? Олардың арасындағы ата-аналық міндет, баланың ата-анасы алдындағы борышын өтеу сияқты міндеттер әңгімеде қалай орын алған? Әңгіме соңында олар қандай жағдайда болды?

   2-топ. Қызғылт-сары түстегі мойынорағыш таққан топ жаңа туған көктемнің, жаңа тіршілік нәрінің белгісі, ендеше әңгімедегі келеңсіз жайт неге орын алды? Оған себеп болған не? Осыны зерттейді. («Топтастыру» стратегиясын пайдалануларыну.)

   3-топ. Сары түс бізге бұл оқиғаның тек жақсы жақтарын қарастырады, болған жайттың қандай пайдасы болғанын анықтайды. Яғни, тәрбиелеудің де түрлі тұстары болатынын қарастырады. («Т кестесін» құру)

4-топ. Жасыл түс — бұл шығармашылық адамдары. Бұл топ бізге болған жайды суреттеп, өлең немесе жазудың түрлі жанрларын пайдалану арқылы көркем шығарманың бір түрін көрсетуі керек.

   5-топ. Көгілдір түс — бейбітшіліктің, ынтымақтың белгісі. Ендеше көгілдір түстегі топ осы әңгіменің өзімізге «өмірлік сабақ» болатын жаман жағы мен жақсы жағын атап көрсетуі керек. (Венн диаграммасына салу)

   6-топ. Көк түс таққан топтағы оқушылар бұл оқиғада бала үшін жағымды, және ол үшін ұнамай тұрған нәрсені атап көрсетулері керек.

   7-топ. Күлгін түстегі топ оқушылары автордың рөлін атқарады. Бұл топ оқушылары автор ретінде нені жеткізгісі келгенін, нені негізге ала отырып бұл әңгімені жазу себептеріне тоқталады.

Топ пікірлерін тыңдау.

— Өмірде әрбіріміздің басымызда әртүрлі жағдайлар кездесіп жатады. Біз бүгін осындай жағдайлардың біріне сырттан қарап, оған жан-жақты баға беріп, бақылап көрдік. Олар бізді шыдамды болуға, дұрыс шешім қабылдай білуге, өз эмоциямызды сырттай бақылап, өмірлік сабақ алуға көмектеседі. Яғни, сендер үлкендердің ойын, өздеріңе деген қамқорлығын түсіне аласыңдар. Тек осылай ғана өзімізге пайдалы жақтарын ала аламыз. Айтыңдаршы, егерде әр сабағымызда осылай кемпірқосақтың әр шапағының мойынорағышын тағып тұратын болсақ, біз неге жетер едік?

Балалардың жауабын тыңдау.

   III. Ойтолғау.

— Біз бүгін өте жақсы жұмыс жасадық. Сендер өздеріңнің көптеген сұрақтарға шешім таба алатын жеке тұлға екендіктеріңді көрсете білдіңдер. Бүгінгі кемпірқосағымызға рақметімізді айтайық. Алдымызда жатқан суреттерді алып, осы суретімізге қарап отырып «Бес жолды өлең» құрастырып көрелік. Зат есім ретінде кемпірқосақ сөзін алып, етістік ретінде бүгінгі сабақпен байланыстырып көрелік.

Топ оқушыларының жұмыстарын тыңдау.

   Сабақты қорытындылау.

Үйге тапсырма: Мәтінді бүгінгі талдаудан кейін тағы қайтара оқып, мазмұндауға дайындалу. Қалай ойлайсың, сабақтағы талдағанға дейінгі оқу мен үйдегі оқудың айырмашылығы бар ма? Бар болса, қандай ой түйдің, эссе жазып келу. Енді өзің осындай жағдайға тап болсаң, шешімін табу үшін қандай талқыға салар едің?