Дене тәрбиесі

306

Қ о з ғ а л ы с   б е л с е н д і л і г і .

 

Дене тәрбиесі – қоғамдағы жалпы мәдениеттің бөлігі, адамның дене қабілеттерін дамыту мен денсаулығын нығайтуға бағытталған әлеуметтік  қызметтің бір саласы. Жастардың жан – жақты дамуын дене тәрбиесінсіз елестету мүмкін емес. Денесі жақсы дамыған депкүн режіміне спортпен жүйелі айналысуды енгізген, ағзаның шынығуы үшін табиғи факторларды тұрақты пайдаланатын, жұмысты белсенді демалыспен кезектестірп отыратынжас адамды айтамыз.

Елімізде ерікті дене шынықтыру – спорт қоғамдары жұмыстарын қайта жандандыра бастады. Соның бірі  «Жастар» спорт қоғамы. Оның негізгі міндеттерінің бірі балалар мен  жасөспірімдердің арасында  дене шынықтыру – сауықтыру  және спорт жұмыстарын ұйымдастыру болып табылады, өйткені дене тәрбиесінің негізі балалық және жеткіншектік жаста қаланады. Тек қана осы кезеңде дене жаттығуларымен шұғылдану қажеттілігі қалыптасады, дағдылар мен іскерліктер жинақталады, спортқа қызығушылық артады.

Дене жаттығулары, сылап – сипау, қозғалыс және спорттық ойындар, жүру, жүгіру, дене еңбегі дене тәрбиесінің құралдары болып табылады. Айтылған құралдар өсіп келе жатқан ағза үшін маңызды сауықтыру мәніне ие. Бұл біріншіден, дене жаттығулары арқылы қоршаған ортаның жағымсыз факторлары мен жұқпалы ауруларға ағзаның қарсылығы артатындығымен түсіндіріледі. Басқа сөзбен  айтқанда, денесі мықты және шыныққан адам сирек ауырады. Екіншіден, өсу мен даму процесі ынталандырылады, жылуды реттеу реакциясы жетілдіреді, яғни салқын тигеннен болатын сырқаттануға қарсылық артады. Үшіншіден, ақыл-ой және дене қабілеттерінің артуына себепкер болатын шыдамдылық, күш, жылдамдық пен икемділік секілді қасиеттер дамиды. Ақырында, дене жаттығуларымен айналысу жағымды эмоционалды жағдайды туғызады, сергектік пен сенімділіктіқолдайды.

Дене тәрбиесімен шұғылдану кезінде жас, жыныс, ағзаның жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктері есепке алынуы керектігі есте болған жөн. Басты талаптардың бірі – дене тәрбиесі және спортпен айналысу тәртібін сақтау, яғни  олардың жүйелілігін, жүктемелердің біртіндеп арттырылуын, сабақ өткізілетіндей жағымды жағдайларды, әр түрлі құралдар мен формаларды кешенді түрде пайдалану.

Қозғалыс дегеніміз өмір деген қанатты сөз бар. Шындығында, қозғалыс – ағзаның биологиялық қажеттілігі. Күнделікті өмірде адам әр түрлі қозғалыс жасайды, олардың жиынтық көлемі қозғалыс белсенділігі деп аталады. Жүру кезінде жасалатын адам адамның саны мен жұмыс көлемінен көрінетін тәуліктік қозғалыс белсенділігі жас өскен сайын артатындығын зерттеулер көрсетіп отыр, әрі бұл көрсеткіштер ер балалар мен қыз балаларда бірдей болмайды. Яғни, жеткіншектік жастағы қыз балалардың тәуліктік адымының саны, өздерімен құрдас ер баларға қарағанда 4,9 мың адым кем екен. Дене тәрбиесі және спортпен айналысудың нормасы мен тәртібі ғылыми тұрғыдан негізделген. 15 – 17 жастағы жасөспірімдердің тәуліктік қозғалыс белсенділігі  25 – 30 мың адымды құруы керек, ал осы жастағы қыз балаларда жүру  мен жүгіру еңбек және спорттық қызмет барысында орындалатын өзге қозғалыс – қимылдармен алмастырылуы мүмкін.

Қозғалыс белсенділігінің де өлшемі бар. Тәулікте қозғалыс белсенділігінің сандық сипаттамасына ие бола отырып, оның ағзаға әсер етуі туралы алдын ала айтуға болады. Тәуліктік қозғалыс белсенділігінің ең төменгі қажетті және мүмкін болатын ең жоғарғы деңгейі гигиеналық  норманың шектері болады, ол бұзылса сауықтыру белсенділігі болмайды және ағзаның жағдайында жағымсыз өзгерістер дамуы мүмкін.

Қалыптасқан өмір салты, еңбек ету мен дене тәрбиесінің жүйесі балалар мен жеткіншектердің күнделікті қозғалыс белсенділігін өзгертуі, төмендетуі не оны арттыруы мүмкін. Кіші жастағы балаларда тәуліктік қозғалыс белсенділігі көп жағдайда тұқым қуалаушылық негізде қалыптасатын  биологиялық себептермен реттеледі. Жеткіншектерде ол әлеуметтік жағдайлардың әсерімен қоғамдық тәрбие беру барысында жекелей қалыптасады.

Қозғалыстың жетіспеуін  «гипокинезия»  («гиподинамия»)  деп атайды, ағзадағы көп жақты ауытқушылықтар гипокинезия жағдайын білдіреді. Шектен тыс қозғалыс белсенділігін  «гиперкинезия» атауы білдіреді.

Сөйтіп қозғалыс белсенділігі адам қызметінің таптырмайтын факторы бола отырып, тек оңтайлы және қолайлы күн режімінде ғана өсіп келе жатқан организмге сауықтыру әсерін тигізеді.

Дене тәрбиесі мен спорттың барлық құралдары мен түрлерін дұрыс пайдалану арқылы ғана оңтайлы қозғалыс белсенділігіне жетуге болады. Мектепке дейінгі мекемелердегі, мектептердегі және КТМ – дегі оқыту мен тәрбиелеу бағдарламаларымен қарастырылған  дене  дайындығының міндетті түрлері және үйде дербес шұғылдану әрбір оқушыға қолайлы.

Жеткіншектерде қозғалыс белсенділігіне тұрақты  қажеттілікті қалыптастыруда спорттың алатын орны үлкен. Алайда, шама жетпейтіндей спорттық жүктемелер бала ағзасында жағымсыз өзгерістерді туындатуы мүмкін. Балалық жаста спорттың кез – келген түрімен айналыса беруге болмайды. ҚР – сы Білім, Денсаулық және Спорт министірлігінің дене тәрбиесі және спорт комитеті бекіткен жеке спорт түрлері бойынша оқу-жаттығу топтарына балалар мен жеткіншектерді қабылдау  үшін жас шектері бар. Тәуліктік қозғалыс белсенділігінің  ұсынылып отырған көлемі  сергектіктің (ұйықтамаған уақытта)  барлық кезеңіне бірқалыпты бөлінуі тиіс: ағзаның тәуліктік ырғағына сәйкес дене қозғалысының көп бөлігін  9 – 12 және  15 – 18 сағаттардың арасында орындау керек.

Оңтайлы құрылған қозғалыс режімінің міндетті жағдайына қозғалыстың сапалық әр түрлілігі жатады. Дене жаттығуларымен шұғылдану, бұлшық ет күшін жұмсау қызметінің түрлері әр түрлі болуы тиіс және сонымен бірге өсіп келе жатқан ағзаның қажеттіліктері мен мүмкіндіктеріне сәйкес келуі қажет.

Оқушылар дене тәрбиесінің  өзара байланысты түрлерін дене тәрбиесі сабақтары, мектептің күн режіміндегі  дене шынықтыру – сауықтыру шаралары, сыныптан және мектептен тыс спорт – көпшілік жұмыстары, үйде, мектеп жанындағы және ауладағы алаңда, стадионда дене жаттығулармен дербес айналысу түрлері құрайды.

Барлық оқушылар үшін міндетті болып табылатын дене тәрбиесінің негізгі формасы бұл дене тәрбиесі сабақтары. Ол мүмкіндігінше арасында 1 -2 күн салып, аптасына (45минуттен) 3 рет өткізіледі. Сабақтарды қосарлау, қажетті жағдайда тек шаңғы дайындығында ғана болады.

Ойынның түрін, орындалу екпіні мен ұзақтығы оқушыладың өздері таңдауы тиіс . алайда, жоғрылаған дене жүктемелерін, екі жақты ойындарды  (футбол, қол добы, баскетбол) пайдалануға болмайды. Олар шамадан тыс адамды қоздырады, ойыннан кейін оқу қызметіне кірісу қиынға соқпақ. Төмен және орташа қарқындылықтағы қозғалыс ойындарын келесі сабақ басталғанға дейін  5 – 6 минут қалғанда аяқтау қажет.

Үлкен әдістердегі қозғалыс ойындары мен дене жаттығуларын табысты өткізукөп жағдайда спорттық жабдықтардың  (доптар, секіртпелер, шығыршықтар, батпандар, жалаушалар, эстафеталық таяқшалар және басқалар) қаншалықты бар, не жоқтығына және жаттығу өткізетін орынның дайындығына байланысты.

Денсаулық жағдайында ауытқушылығы бар балалар, әсіресе оқу күнінің дұрыс режіміне, оның ішінде шынықтыру- сауықтыру шараларына мұқтаж болады. Бұл оқушыларға дене тәрбиесі бойынша сыныптан тыс жұмыстарға  (бұқаралық дене шынықтыру мейрамдары, серуендер, экскурсиялар) шамасы жеткенше қатысқаны өте пайдалы. Олар үшін күн сайын таза ауада 2-2,25 сағат демалудың үлкен маңызы бар. Демалыс күндердегі серуеннің ұзақтығы екі есе көбейтілуі тиіс. Мұндай қозғалыс режімі өзін – өзі сезінуге, дене дамуына және денсаулығы нашар оқушылардың жұмыс қабілетіне жағымды әсер етеді.

Сыныптан және мектептен тыс спорт – көпшілік жұмыстарына спорт секцияларындағы сабақтарды ұйымдастыру, сондай – ақ денсаулық және спорт күндерін өткізу енеді. Бұл жұмысты дене тәрбиесінің мұғалімі жүргізеді, әр түрлі секциялар құрылады, олардағы сабақтар аптасына  2 – 3 рет өткізіледі, жаттығу сабақтарының әрқайсысының ұзақтығы  1,5 – 2 сағат.

ҚР – сы Үкіметінің  «Дене тәрбиесі мен спорттың бұқаралығын одан әрі арттыру туралы» (1996, 2001, 2006) қаулыларына сәйкес жалпы білім беретін барлық мектептерде ай сайын денсаулық және спорт күндері өткізіледі. Бұл шаралар денсаулықты нығайтуға, Президент сынамалары нормаларын тапсыруға  жақсы дайындалуға көмектеседі, оқушылардың белсенді демалуын қамтамассыз етеді және дене т/мен айналысуға олардың қызығушылығын арттырады.

Дене тәрбиесі  және спортпен күн сайын шұғылдану жасөспірімге немесе қыз балаға өз денсаулығын нығайтуға, ауырмауына, өнімді еңбек етуіне, бос уақытын түрлендіре,т қызғылықты өткізуіне көмектеседі.