Толағай отбасылар сайысы

90

 

Мақсаты:   1) Салауатты өмір салтын насихаттау.

2) Мектеп пен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты нығайту.

3) Оқушыларды зиянды,  жат  әдеттерден аулақ болуға үйрету.

 

Сабақты  жүргізу әдісі: жарыс түрінде.

Сабаққа қажетті құралдар: доп, ысқырық, секіргіш, т.б.

Көрнекіліктер: плакат, суреттер, нақыл сөздер, т.б.

 

Барысы:

 

1 Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және ата- аналар!

Мектеп- интернатымызда алғаш өткелі отырған  «Толағай» отбасылық сайысына қош келдіңіздер!

 

2 Жүргізуші:   Келіңіздер, келіңіздер,

Бұл жарысты көріңіздер.

Бізде бәрі жүйріктер,

Күш сынасар алыптар.

Спортпен болып мәңгі дос,

Мағынасыз жүрме бос.

 

1 Жүргізуші:  Ендеше сайысымызды  бастаймыз. Сайысқа  қатысатын

«Толағайлар»  отбасыларын  қошеметпен   ортаға шақырайық

 

  • топ – «Денсаулық»,2 топ – «Салауат»,3 топ – «Жігер»

 

  • Сайысымызды бастамас бұрын мектеп директоры

Р.М. Дуйсебаеваға        сөз береміз.

 

2 Жүргізуші:  Енді, «Толағайлар»  отбасына  әділ  баға  беретін әділ-қазыларды  таныстырып  өтейік.

 

1.Мектеп  директоры :                                       Р.М. Дуйсебаева

2.Мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі :  Г.Т.Мамметтахтиева

3.Мектеп Әдістеме жұмысының  жөніндегі орынбасары:

Ү.М.Адильхановна

 

   1 Жүргізуші:  Орын  алсын  салауаттық  санаңда

Санаң  болса  пайда  әкелер  адамға

Ерте  тұрып шынық  күнде ерінбей

Бақыт  бітер сонда  басқан  қадамға

 

  • Жүргізуші: Ал, енді алғашқы сайымызды бастаймыз.

Алғашқы сайысымыз:  «Сәлем берем халқыма»

Бұл бөлімде әр топтың сәлемдесуі, ұраны және

топты    қорғауы керек.

 

-«Денсаулық» тобын ортаға шақырамыз!

-«Салауат» тобын  ортаға шақырамыз!

-«Жігер»  тобын ортаға шақырамыз!

                               (Әділ-қазылардың бағасы)

 

1 Жүргізуші:  Екінші бөліміміз «Ақылыңа күші сай» деп аталады.

 1-ші эстафета «Кім жылдам?» деп аталады

Ойынның шарты: Қатысушылар сөреден  бастап   мәреге дейін

жылдам  жүгіріп  жетулері  керек.

Ойынымызды бастаймыз: 1, 2, АЛҒА…..

(Әділ-қазылар бағасы)

2- эстафета:   «Кегли эстафетасы»

Ойынның шарты:  Қатысушылар  кеглидің  арасынан   өтіп,  кері

қайтып    келулері  керек.

Ойынымызды бастаймыз: 1, 2, АЛҒА…..

(Әділ-қазылар бағасы)

3 эстафета:  «Секіргішпен секіру»

Ойынның шарты: Қатысушылар  секіргішпен  секіріп,  сөреден

бастап   мәреге  дейін жылдам  секіріп

келулері  керек. .

Ойынымызды бастаймыз:  1, 2, АЛҒА…..

(Әділ-қазылар  алқасының   бағасы)

4 эстафета : «Қаппен секіру»

Ойынның шарты: Қатысушылар сөреден мәреге дейін қаппен

секіріп  келуі керек.

(Әділ- қазылардың әділ бағалары)

5 эстафета: «Допты себетке жинау»

Ойынның шарты:  Қатысушылар   белгіленген   сызыққа  жетіп,

қоржынға  допты лақтырып  түсірулері  керек.

Қоржынға жинаған  доптың  санын  санаймыз.

(Әділқазыларға сөз береміз)

6  эстафета:  «Шеңбер эстафетасы»

Ойынның шарты: Шеңберді  қолына  ұстап,  жалауға  дейін  жүгіріп  жетіп,   қайтарда  отбасымен  шеңбердің  астымен

айналып  мәреге  жету  керек.

(Әділ- қазылардың   бағасын  тыңдайық)

7  эстафета  :  «Ракетка эстафетасы»

Ойынның шарты:  Сөреден  мәреге   дейін   ракетканың   үстіне

допты     ұстап, айналып  келулері   қажет.

(Әділқазылар бағасы)

8 эстафета :   «Доп эстафетасы»

Ойынның шарты:  Қатысушы   допты  қолына  ұстап   сөреден

мәреге   дейін жалауды  айналып келуі тиіс.

(Әділқазылар бағасы)

9 эстафета:  «Таяқша эстафетасы»

Ойынның шарты: Қатысушы  сөреден  бастап  жалауға  дейін   таяқшамен

жүгіріп   барып ,  сол жерде қалады.  Қалған топ

мүшелері  осы  шартты қайталап мәреге  бірге

жетулері                тиіс.

(Әділқазылар бағасы)

10  эстафетасы«Самакат   эстафетасы»

Ойынның шарты: Қатысушылар сөреден мәреге дейін  самакатпен

айналып  келуі тиіс.

(Әділқазылар бағасы)

11 эстафета:  «Үлкен ойын»  эстафетасы

Ойынның шарты: Қатысушы  жүгіріп  шеңберден   секіріп  өтіп,

төсеніштің  үстіндегі   құбырдан   өтіп ,

жалауды  айналып  мәреге  жетуі  тиіс.

(Әділқазылар бағасы)

2 Жүргізуші:  «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші міне,   сайысымыздың соңына да жеттік.

Отбасыларымыздың арасынан озып шыққан жеңімпаздарды  анықтау сіздердің құзырларыңызда, әділқазылар алқасы.

 

Ән:

Би «Қара жорға»

1 Жүргізуші: Әділқазылар бағасы. Құттықтау сөз.

Ойынға қатысқан ата-аналарға сөз береміз

2 Жүргізуші: Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа,

Өмірде  бақыттысың денің сауда!

1 Жүргізуші: Денсаулық терең бақыт деген сөзді

Құр айтпаған ұлы Абай бабамызда, —

демекші бүгінгі

«Толағай» отбасылық  сайысымызды осымен

аяқтаймыз.

Келесі кездескенше,   қош сау болыңыздар!