Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту

73

Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту

 

Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасына сәйкес жас ұрпаққа білім беру ісінде оның жеке- даралық ерекшеліктеріне мейлінше мән бере отырып, оқушылардың мектепте алған білімдері олардың бүкіл өмірлік азығы болатындай етіп білім беру, оны өмірге дайындау, мамандық таңдауға бағыттау мәселесі бүгінгі жаңа қоғамның білім саласындағы кезек күттірмейтін ауқымды мәселелер қатарында тұр.

Бүгінгі жас ұрпақ- ертеңгі ел тірегі. Ендеше сапалы білім мен саналы тәрбие ұштасқанда ғана ұлт тілегі, мемлекет пен халық мүддесі орындалмақ. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Білім және ғылым қызметкерінің ІІ сьезінде сөйлеген сөзінде «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер- бүгінгі мектеп оқушылары. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстаздарға жүктелетін міндет өте ауыр»- дегенін естен шығармауымыз керек.

Қазіргі заман талабына орай бастауыш мектепте оқушының жас ерекшелігін ескере отырып, оны шығармашылыққа баулып, бар мүмкіндіктерін аша отырып, қиялын, ой- өрісін дамытуды басты жолға қоя білу керек.Мен негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебінде 10 жылға жуық бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс жасап келемін. Сыныбымда 14 оқушы бар. Олардың арасында өлең жырға, ребус, сөзжұмбақ құрастыруға, ән айтып, би билеуге, сурет салуға құмар оқушылар баршылық.Оқушыларым әр тапсырманы қызыға орындауға құмар. Олармен бірге түрлі ойындар, тренингтер, жарыстар өткізіп отырамын.Мұндай ойындар мен жарыстарда әр түрлі тапсырмаларды беру баланың қызығушылығын арттырып, белсенділігін, шығармашылық қабілетін дамытып жақсы нәтижелерге жеткізетіндігі анық.

Қазіргі уақытта оқушылармен шығармашылық бағытта жұмыс жасап, ізденіс жұмыстарын жүргізіп келемін. Шығармашылық жұмысымды мына бағыттар негізінде қарастырып отырамын.Ана тілі сабағында оқушыларға өз ойын әңгімелеп жазу, ұйқастар арқылы өлең шығара білу, тақырыпқа сәйкес сурет салу, эссе жазу тағы басқа тапсырмалар беріп отырамын. Әрбір баланың еңбегін бағалап, мадақтау қажет. Сонда ғана сабақ мазмұндырақ болады. Мысалы: «Еліктің лағы» мәтініндегі өлең ұйқастарына оқушыларымның барлығы дерлік өлең құрастырып келіпті. Солардың бірнешеуіне тоқталсақ; лағым, бұлағың, су іше ғой, тұрамын сөздері арқылы

 

 

 

Нұрдос:  Келе ғой лағым,

Міне тұр бұлағың.

Су іше ғой қанекей,

Мен күтіп тұрамын.

Назым:Қанекей лағым,

Дайын тұр бұлағың.

Су іше ғой қанекей,

Сені күтіп тұрамын.

Қазбек: Қоңыр-ала лағым,

Әне тұр бұлағың.

Су іше ғой қанекей,

Қарап саған тұрамын.

Бала өзінің әр еңбегіне мақтанады, мадақ күтеді.Сондықтан оларға енді ребус, сөзжұмбақтар құрауға бағыт беріп келемін. Газет бетіне шыққан сөзжұмбақ, ребустарды сынып болып шешіп отырамыз.      Қорыта айтқанда шығармашылыққа баулу, оқушыны ізденуге, еңбектене білуге, қиялын, ойын дамытуға мүмкіндік береді. Оқушының қабілетін танып, тілін дамытып отыру мұғалімдер еншісінде. Сондықтан мұғалім ізденіс үстінде еңбектенуі қажет.      Шәкірттің білім дәрежесіне қарап ұстазын бағалауға болады. Ендеше әрбір ұстаз кәсіптік білімін шыңдап, жаңа технологияларды пайдалана алатын, өзінің нақты мақсатын айқын көре алатын, шығармашыл жеке тұлға қалыптастыра алатын кәсіби шебер болуы керек. Атақты педагог К.Д. Ушинскиидің «Мұғалім жас бала үшін ешбір теңдесі жоқ күннің құдіретті сәулесі сияқты» деген сөздерін үнемі жадымызда ұстайық

 

Негізгі білім беретін  №221 Аққұм мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бөріқұлақова Ботакөз