Кәсіби бағдар берудегі үйірменің рөлі.

99

 

   Кәсіби бағдар берудегі үйірменің рөлі.

           Қазақстан Республикасының Президентінің халыққа жолдауында «ХХІ

   ғасырда білімін дамыта алмаған  елдің тығырыққа тірелері анық. Біз

   болашақтың  жоғарғы технологиялық  және ғылыми ауқымды өндірістері

   үшін  кадрлар қорын жасақтауымыз қажет» деді.

         Білім шаңырағында  жүргізілетін көптеген тәрбие жұмыстарының бір

   саласы өскелең жас ұрпақты  халқымыздың ұлттық қолөнеріне баулуға

   бағытталады, өнерге бейімділіктің алғашқы қадамы  баланың өскен

   ұясынан бастау алып, мектеп қабырғасында оқу-тәрбие жұмыстары

   барысында ілгері  дамытылып, байытылады.

        Бүгінгі таңда халқымыздың ежелден желісі  үзілмей келіп  жеткен

   көне де, ізгі дәстүрі  жас ұрпақты ұлттық, сәндік қолданбалы  қолөнерінің  тұнығынан сусындап, халық шеберлерінің  ғасырлар бойы  жалғасып келе  жатқан таңғаларлық тамаша  шығармалармен  таныстыра отырып,  өнерге қанат қаққан  шәкірттерді  шеберлік шыңына  жетелеп дұрыс бағыт сілтеу, ұлттық қолөнерге баулу басты мақсатым.

      Баланың білімін тереңдетуде, шығармашылығы,  еңбекке қызығушылығы  мен  ой-өрісін  кеңейтіп, талғам деңгейін  жоғарылату  барысында қолөнер  үйірмелерінің орны ерекше.

     Үйірме жұмысының іс-тәжірибесіне көңіл аударар  болсақ, баланың шығармашылық кезеңдерінде  танымдық  мүддесінің дамуы бейнелеу өнері, геометрия, математика, жануартану,сызу,т.с.с  пәндерге тікелей байланысты болатындығы  аңғарылады.  Бала  оқу процесінде  алған білімін, үйірмеде іс жүзінде  қолданып, қолөнер бұйымдарын дайындау кезеңдерінде  пайдаланады. Сыныптан тыс  үйірмелер оқушының  сабақта алған  білімін, әрі қарай  жалғастырып, дамытудың негізгі  жолы болып  есептеледі. Мұның өзі  түптеп келгенде  баладан  шыдамдылық пен  төзімділікті  қажет етіп, алдына қойған мақсатына  жетуге талпынуға, шеберлікке, еңбек сүйгіштікке тәрбиелейді.

       Үйірме жұмысының нәтижесінде, үйірмеге  қатысатын оқушылар, үйірмеге қатыспайтын  құрбыларына қарағанда  анағұрлым толық мағлұматтарға  қанығып, шеберлігі шыңдалып, ой-өрісі кеңи түседі. Қазіргі оқыту технологиясы  барысында бала тек  үйренуші ғана емес үйренуші-шәкірттен белсенді үйретуші, өзіндік  ой-пікір  бар  жан-жақты дамыған ара тұлға дәрежесінде болу керек.  Сәндік  қолданбалы өнер  пәнінде немесе үйірмелерде оқушы тек мұғалімнің үйретуімен  бұйым түрлерін жасаумен шектеліп қана қоймай, сонымен бірге оған талдау  жасап, жасалу технологиясына өз ой-пікірлері мен  ұсыныстарын айтуға дағдыланады. Осылайша балалар  әр түрлі шығармаларды зерттей отырып, баға берумен   өз бойларында келешек кәсіби ісіне  қажетті  эстетикалық  бағалы қасиеттеді қалыптастырады.

       Мен  осы ұсынысымды пайдалана отырып, сәндік қолданбалы өнер пәнінде « Сәндік  қолданбалы өнерді  үйрету арқылы  оқушылардың шығармашылық  қабілеттерін дамыту» деген  тақырыпта жұмыс жасап келемін.  Мақсатым: «Жасөспірімдердің  ұлт өнері  мен мәдениетіне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, қолданбалы өнер  жайлы бастапқы  түсініктерін    қалыптастырып, сәндік  қолданбалы өнер сабақтарында шағын бұйым жасай білуіне, үйренгендерін тұрмыста пайдалануына  бағыт беру, қолөнерді сүюге тәрбиелеу»

      Міндетім;халық педагогикасы бойынша оқушыларға,халық қолөнерін үйрету

      Бағытым: Сәндік қолданбалы  өнерді үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту. Оқушылардың кең көлемде мәдениетін, рухани байлығын дамыта отырып,  халқымыздың өнерін бағалай білуге тәрбиелеу.

      Адамның көпшілік,  қоғамшыл болып өсуі үшін де өнерлі  болуының маңызы зор. Өнер адамның дүниетанымына,сеніміне,адамгершілік-моральдық қасиеттерінің қалыптасуына, эстетикалық сезімдерінің тұрақты,  алдына қойған  мақсатының айқындала түсіуіне игілікті әсер етеді.Балалық шақ өнер үйретуге таптырмайтын кезең. Осы кезде қызығу да,  құмарлықта күшті болады.  Қызығу мен құмарлық, еңбексіз өрге баспайды.Сондықтан халқымыз ежелден қалыптасқан қолөнерінің сан алуан түрлері, ұрпақтан-ұрпаққа үзіліссіз  берілуін басты назарға алған. Заман талабына сай мамандықты сапалы меңгеру  қажеттігі туындайды. Нәтижесінде еңбек нарығындағы сұранысты қамти алатын еңбекқор болу үшін, үйірме жұмыстарынан бастау алса деген  қағидамен өз пікірімді аяқтаймын.