Нәтижеге бағытталған білім-тұлғаның руханилығын байытудың қайнар көзі.

Нәтижеге бағытталған білім-тұлғаның руханилығын  байытудың қайнар көзі.

XXI  ғасырдың жан-жақты зерделі,дарынды,талантты,адамын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі  мемлекетіміздің назарында.Білім мен ғылымның Қазақстан дамуына оңтайлы әсер етуі үшін дүние жүзілік кеңістігіне ену,білім беруді одан әрі жаңашылдандыру,оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап,білімге,бүкіл оқу әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда.Осы тұрғыдан алғанда мұғалімге білім берудің  тиімді жолдарын қарастыру,таңдай білу еркіндігі тиіп отыр.Қай кезеңде,қай заманда болмасын мектептегі басты тұлға мұғалім десек,дүниежүзілік  даму деңгейінен  кем түспейтін,иық  тірестіре алатын,алған білім  мен тәрбиелік  қазынасын туған  еліне адамзат иілігіне  жұмсай алатын қазақтың ой  танымының иесі,саналы  азаматты  жетілдіруге  үлес қосатын  қазақ  әдебиетін  оқыту  процесі болса,оны ұйымдастырушы мұғалімге  өте үлкен  жауапты  міндет жүктейді.

Сондықтан қазіргі таңдағы  халықтық  педагогиканың  жаңалықтарын,қазіргі  қолданып жүрген пән ерекшелігіне қарай-қолдана білу-оқыту максатына жетудің бірден-бір жолы.Ұзақ  жылғы тәжірбиемде оқыту барысында алға қойған  мақсатым-баланы субьект ретінде  оқу  ісіне өзінше  қызықтыратын,оған қабілетін  арттыратын жағдай  туғызу.Оның бастысы оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру,оқушылардың  оқудағы  іс-әрекеті арқылы ойлау  дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу  процесінде  бірлесе әрекет ету. Мақсатқа жету оқушының өзі  арқылы (іс-әрекет арқылы) жүзеге  асады.Мұғалім-ұйымдастырушы,бағыт беруші,жол сілтеуші.

Сөйтіп,нәтижеге бағдарланған білімді пәндік компетенция  тұрғысынан  қарастыратын  болсақ,жалпы  білім беретін қазақ орта  мектептерінде «Қазақ әдебиеті» пәні адамның ішкі сезімдері арқылы  оның ойлау,пайымдау, тұжырымдау,тыңдау,түсіну,пікірлесу сияқты коммунакативтік  қатынастарды  жинақтаған  білімдері  негізінде  өмірлік қажеттілігіне  айналдыра  білуді  нысана  етеді.Әдеби білім алу  арқылы оқушы  әдебиетті пән  ретінде  игеріп қоймайды,ол сол пәндік  білім негізінде болмысты танып біледі,одан ақпараттық мағлұматтар алады және эмоционалды құндылықтар болып табылатын адами  қасиеттерді  бойына сіңіре отырып,мәдениетті,салауатты қарым-қатынасқа  түседі,ал бұл түптеп келгенде оларды  әдебиеттің  коммуникативтік  бағытына әкеледі.

Қазақ әдебиеті пәнінен оқыту барысында білім жүйесі  негізінде  төмендегідей  мақсат қоямын:

1.Оқы,түсін,түсіндір,болжай біл.Қолдан,талда,салыстыр,жинақта.

2.Бағала (пайымда),өзіңе-өзің және  өзгеге де сын көзбен қара,іс-әрекетіңе талдау жаса.

Әр уақытта  оқушыларға  төмендегі сұрақтар басты  назарда болу керектігін ұсынамын:

 

 

1.Не? Қалай? Қандай? Әдебиет жүйесіндегі орны? Не үшін қажет?

2.Күнделікті өмірде пайдалана аламыз ба?Күнделікті өмірде пайдасы бар

ма?

Міне,осы айтылғандарды  назарда ұстағанда мұғаліммен оқушы іс-әрекеті айқындалады.

 

 

Мұғалім іс-әрекеті

            

           Оқушы іс-әрекеті

Білімді алуға жетелейтін әдіс-тәсілдерді (технолнгияларды) пайдалану.

Өздігінен білім алу жолдарын ойластыру.

Әдіс-тәсілдерді ұтымды  қолдану.

Оқушы еңбегін құрметтеу.

Оқушы пікірімен санасу.

Қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу.

Қадағалау,бағалау.

 

 

Сұрақтар қойып,оған жауап іздеу.

Өздігінен білім алуға жауапкершіліпен  ұмтылу.

Білім алу дағдысын өз бетінше қолдана білу.

Бірлесіп жұмыс істеу,өзін-өзі  және  басқаларды құрметтеу.

Сөзге тоқтау.

Қиындықты өзі шеше алу.

Өзін-өзі және өзгелерді бағалай білу.

 

Бұл әдіс оқушылардың  теориялық білімді аз уақытта меңгеріп,өз бетінше ізденуіне жол ашады,танымдық,шығармашылық жұмыстарға баулуға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда өзімнің сабақ өткізу бағытында сабақтың сапасын,мазмұнын,әдістерін жаңа деңгейге  көтеруге  мүмкіндігім келгенше  тырысамын.Еліміздің ертеңгі өрімтал ұрпағын өз ұлтын,тілін,ділін сүю ата-баба рухын,салт-дәстүрін құрметтеуге үйрету  ұстаздар алдындағы басты міндет.Өзім сабақ  беретін сыныптарда халық педагогикасының озық идеяларын пайдаланып,іске асыруды күн  тәртібіне  қойдым.Осы орайда 9-сыныпта ауыз әдебиеті түрлерін өткенде  бағдарламамен шектеліп қалмай,сыныптан тыс оқуға  көп көңіл  бөлемін және олардың  қалай орындағанын,қандай нәтижеге жеткендігін қадағалаймын.

9-сыныпта «Батырлар жыры» тарауын өткенде,ең бірінші жыр мазмұнын меңгертуді нысанаға аламын.

Ақжүніс,Баян,Гүлбаршын сипаттарын мәнерлеп оқытып,оларға топтастыру (аннотация) жасату арқылы ойларына  сақтауға  тырысамын.Қазақ  энциклопедиясынан ұлттық киімдерді көрсетіп оларға өз пікірлерін  жаздырамын және бүгінгі  киім үлгілерімен салыстыра  отырып,ұлттық киімнің ерекшеліктеріне тоқталамын.Сонымен бірге «Бүгінгі  күннің арулары» атты дебат сабағын өткіздім.

Соңғы жылдары  баспасөзге  көптеген  тәжірбиелі мұғалімдердің сабақ түрлерін өткізу барыстары туралы материалдар жарық  көріп жүр.Мысалы, Қ.Бітібаева, М.Хамин, М.Мұқашова, Қуандық Мәшһүр Жүсіп тағы  басқалар.Осы әріптестер үлгісінде Абай атамыз айтқандай «Болмасаң да  ұқсап бақ» деген ұранмен  мүмкіндігінше  сабақты түрлендіріп өткізуге

 

 

тырысамын.Бұл орайда 11-сыныпта «Абай жолы» роман-эпопеясы бойынша  өткізілетін конференция сабақтарды  мысалға алуға  болады.Бұл сабақтарды  өткен  кезде  Қ.Бітібаеваның  Әдебиет пәнінен «Тереңдетіп оқытудың тиімді  жолдары» атты кітабының  тигізер  пайдасы зор.

Ендеше,жалпы білім беретін қазақ ұлттық  мектептеріндегі «Қазақ әдебиеті» пәнін  дүниетанымдық,әлеуметтік,тәрбиелік,сезім аспектілер бірлігі негізіндегі ұлттық құндылық  ретінде  меңгере отырып біз оқушы компетентілігін жаңа парадигма тұрғысында  қалыптастырудың нақты  жолдарын  қарастыруды  нысана тұтуға міндеттіміз.

 

                           Әдебиеттер тізімі:

 

1.Қ.Бітібаева.Әдебиетті теориялық  оқыту Атамұра 2003ж

2.Қ.Бітібаева.Әдебиет пәнінен  тереңдетіп оқытудың

3.Г.Құрманбаева,С.Дүйсенбаева.Әдебиет сабақтарының үлгілер Атамұра,1999 ж.

4.Б.Қ.Игенбаева.Мен-адаммын Атамұра,2000 ж

5.Сара Алпысқызы Өзін-өзі тану Атамұра,2003ж

6.С.Қалиев.Оқушылардың тұлғалық  қасиетттерін дамытудың педогогикалық негіздері Атамұра ,2001 ж