1-сыныптарда оқу жылдамдығын арттыру жолдары

169

1-сыныптарда оқу жылдамдығын арттыру жолдары

 

7С7                                       А7С7Тез  Тез оқу әдістемесі немесе техникасы дегеніміз не және не үшін қажет? Жалпы оқу сапасын арттыру үшін жай оқу керек па, әлде шапшаң оқу керек па? Жеделтетіп тез оқу әдісі неге маңызды және қай жерде пайдалы? Қарапайым өмірде адамдар  тақырыпты жай асықпай оқу  пайдалы әлі түсініктірек деп қате пайым жасайды. Расында тез оқу дегеніміз тез игеру, тез түсіну, тез ұғыну ұғымдарымен тығыз байланысты.Оқымысты, жан-жақты адам дегеніміздің өзі – жеделдете тез оқи алатын, әртүрлі ақпараттарды тез игере алатын адам деген сөз.

Бұрынғы өткен ұлы данышпан адамдардың көбісі тез оқу әдісін терең меңгерген, өз заманының озығы болған. Жай асықпай оқитын адамдарға қарағанда, әр түрлі зерттеулердің қорытындысына байланысты, тез оқи білетін адамдардың жүйке жұмысының өте белсенді күшті дамығанын және де қарапайым өмірде  де осы белсенділігінің арқасында көп жетістіктерге жететіндігі дәлелденген.

Шапшаң оқуға балаларды 1-сыныптан бастап баулу керек. Себебі, оқу жылдамдығы төмен бала өз сыныптастарына қарағанда үй тапсырмаларын орындау барысында оқып-түсіну үшін көп уақыт жұмсайды, шаршайды, оқуға деген ықыласы төмендеп, өзіне сенуден қалады. Нәтиежесінде  баланың оқу көрсеткіштері нашарлап, эмоциональдық күйзеліске ұшырап, оқуға мүлдем құлқы болмайды.

Сондықтан баланы алғашқы сабақтардан бастап әр түрлі әдістемелері арқылы тез оқу әдісіне машықтандырып, көп еңбек етіп, қызығушылығын тудыру керек.

Тез оқу әдісіне қандай факторлар кедергі келтіруі мүмкін:

1) тақырыпты оқып шықаннан кейін, не туралы оқығанын түсінбеуі

2) сөздің астарын, мағынасын тусінбеуі

3) регрессия – көздің оқу кезінде қозғалу жылдамдығы, 1 сыныпта

4) көру аймағының аздығы, бұл дегеніміз бала көзінің қозғалтпай отырған кездегі, көзге жақын көрініп тұрған аумақ немесе кітап бөлігі

5) артикуляция, яғни жай ежіктеп оқу барысында, дауысын шығарып, оқу процесіне есту аппаратының (құлағының) қосарланып қатысып отыруы.

Міне осы факторлардың бәрін ескере отырып ең бірінші баланың көруі арқылы есте сақтау қабілетін дамытуға ерекше көңіл бөлу керек

Ол үшін сабақтарда:

1) түрлі суреттер топтамасын пайдаланып, көрсетіп, балалардан 1секунд ішінде жаттап алған нәрселерін сұрау

2) екі бағанға сөздер жазып, балаларға көрсетіп, оқытып қайталап сұрау

3) мағынасы қарама-қарсы сөздерді айтқызып жарыстыру

4) өткен тақырыптарды қайталап сұрап тұру

5) тақырыптың кез келген сұрақ қойып, жауабын тез тауып айтуға жаттықтыру

6) жаңылтпаштар оқыту

7) оқу жылдамдығын салыстырып, жиі жарыстыру, көрсеткіштерін күнделікке жазу

8) таныс тақырыпты оқытып, тез басқа таныс емес тақырыпқа көшу

9) тіркес немесе біріккен сөздерді жазғызып олардың қандай сөздерден құралғанын сұрау

10) берілген әріптерден сөз құрастыру; кім көп сөз, әрі кім тез?

Осындай әр түрлі жаттығулардан кейін, баланың оқуға деген құлшынысы артып оқуға белсене қатысып, өзінің оқуға тез бейімделе бастағанын байқамай қалады.

Баланы тез оқи білуге үйрету, бұл бүкіл білім беру ісінің негізгі фундаменті болып табылады. Өйткені бала әрі қарай осы оқу әдісін меңгеруіне байланысты әр түрлі пәндерді тез оқып, үйреніп, игеріп кетеді.

Қазіргі кезде 1-сынып мұғалімі ретінде осы әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, нәтижелі жетістіктерге жетіп отырғанымды айтқым келеді.