АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ ОҚУШЫЛАРДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫНЫҢ ҚҰЗЫРЛЫҒЫН ДАМЫТУ МҮМКІНДІКТЕРІ

Е.Қ. Тұяқов

Шет ауданы, Успен (Нілді) селосы. Сәкен орта мектебі

 

АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ ОҚУШЫЛАРДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫНЫҢ ҚҰЗЫРЛЫҒЫН ДАМЫТУ МҮМКІНДІКТЕРІ

 

Научное техническое  прогрессирование и информационное окружение  требует от ученика следующие, в  среде информации умение управлять самопознанием, в изменяемой   ситуаций находить быстрое направление, и умение работать на компьютерных технологиях.   Главная цель – воспитать самопознательную личность.

Еасн  pupil  must, in different  situations to find a right view and improve themselves, to know to work in different computer  techniques in scientific technical progress time.   The main aim  of each teacher- it is to bring up self studying person.

 

Орта білім беру жүйесіндегі информатиканың рөлі ақпараттық білімнің, ақпараттық орта мен адамның өзара қарым-қатынасын үйлесімді етудегі  және жаңа ақпараттық қоғамда кәсіпкерлік қызметтің басты құрамды бөлігі болып табылатын ақпараттық технологияны  қалыптастырудағы, сондай-ақ оның әлемнің жүйелік- ақпараттық бейнесін қалыптастырудағы алатын орнымен қамтамасыз етіледі.  [1]

Ғылыми – техникалық прогресс заманында білім беруді демократияландыру мен ізгілендірудің басты факторының бірі – оны ақпараттандыру.

Ғылыми техникалық  прогрестің қарыштап дамуы мен қоғамның ақпараттануы оқу-тәрбие процесінде оқушының өзіндік таным қызметін атқара  білу әдіс–тәсілдерін менгеруін, өзгермелі ситуация  жағдайында шапшаң бағдарлай білу, компьютер тәрізді таным құралдарын пайдалана білуін талап етеді. Басты мақсат — өзіндік таным қызметін жасай алатын жеке тұлғаны тәрбиелеу. [2]

Жаңа мыңжылдық-бұл күнтізбедегі жаңа уақыт өткелі емес. Ол-өткенді таразылап, өмірдің мәнін жаңаша түсінуге, болашақты барынша жете дұрыс анықтайтын уақыт. Әсіресе, бүгінгі біз өз күшімізді жарқын болашаққа жұмсауымыз керек. Қоғамның қарқынды дамуы, көбіне оның білімімен және мәдениетімен анықталады. Сондықтан, біздің ойымызша, білім жүйесін құру, қоғамды мына күнде дамып отырған әлемге дайындау-бүгінгі күннің ең негізгі және өзекті мәселесі.

Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр –ақпараттандыру ғасыры» деп аталды. Қазақстан Республикасы да ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезең енді. Қоғамды ақпараттандыру  экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамуының негізгі шарттарының бірі. Осы мәселені шешудегі басты рөл мектепке жүктеледі.

Қазіргі таңда әлеуметтік жағынан қорғанған адам- ол технология ауысуына және нарық талабына сай терең білімді, әрі жан-жақты  адам. Қазіргі білім жүйесінің ерекшелігі – тек біліммен қаруланып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Қорытындысында білім беру – адамға үздіксіз оқуға, білім алуға жан-жақты  білім қызметін ұсынатын әлеуметтік институт болуы керек.

Елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, оның мазмұнынының түбегейлі өзгеруі, оның дүниежүзілік білім кеңістігіне енуі бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге, мұғалімдер алдына жаңа талаптар мен міндеттер қойып отыр.

Бұдан шығатыны, ХХІ ғасырдың алғашқы жылдарының негізгі проблемаларының бірі- «Білім-бүкіл өміріңе» қағидасынан «Білім бүкіл өмір бойына» қағидасына өте алатын білім жүйесінің ұйымдық құрылымдарын іздеу болып табылады.[3]

Қазіргі білім беру ісінің басты шарттарының бірі болып оқушының өзіне керекті мәліметті өзі іздеп табуына үйретіп, олардың өз оқу траекторияларын өзінің таңдай білуі есептеледі. Біздің ойымызша, ақпараттық-білім беру ортасын жобалаудағы басты мақсат оқушының өздігінен оқуға талаптандыру, яғни ізденімпаздыққа үйрету болып саналады.

Ақпараттық-пәндік орта ақпараттар ішінен керектісін іздеуге және сонымен өз саласында жұмыс істеуге бағытталған ақпараттық-білім беру  ортасының бір түрі. Кәсіби   ақпараттық орта дегеніміз – кез келген маманның кәсіби талаптарын жүзеге асыра алатын, оның өз мәселелерін басқалармен талқылауына мүмкіндік беретін қазіргі компьютерлік техника және коммуникациялық байланыс құралдарына негізделген көпаспектілі, біріктірілген программалық-ақпараттық нақты орта. [4]

Оқыту әдістерін жетілдіру тікелей білім беру жүйесінде тұтастай ақпарат технологиясын дамытуға  үлесін қосты. Жалпы педагогика, әдістемелер және компьютердің  түйісуінде жаңа бағыт-оқытудың ақпараттық технологиялары дүниеге келді.

Оқу арқылы ақпараттың 10%, тыңдау, көрнекі құралдар арқылы 20% ұштастырылса, 40-50% оқыту процесінде оқушы белсенділігін арттыратын мүмкіндіктер жасалса, білімнің 70% есте сақталады екен. Нағыз өмір шындығымен ұштастырылған ақпараттың бала ойында қалу дәрежесі 90%. Олай болса мәліметті есте сақтау  қолданылатын әдіс–тәсілге байланысты. Сол әдіс–тәсілдің бірі–әр сабақтарда компьютерді пайдалану. Компьютер арқылы түрлі суреттер, графикалық сызу, дыбыс, музыка тыңдау, мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі.

Оқыту үрдісінде компьютерді қолдануға негізделген жеке әдістемелер оқу мақсаттары мен жағдайларына байланысты қолданылуы қажет. Кейбір жағдайда оқушылардың сұранысын терең ұғыну қажет болса,  кей жағдайда пәндік саладағы білімді талдау маңызды рөл атқарады.

Ақпараттық технологияларды пайдаланудың артықшылықтары мынадай:

  1. Олар оқытудағы тақырып шеңберіндегі немесе белгілі бір уақыт аралығында

айтылуға тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады.

  1. Білімге бір – бірінен үлкен ара қашықтықта орналасқан әр түрлі оқу орнында

отырып қол жеткізуге болады.

  1. Оқытудың жүйесінің көп денгейлі жетілдіруі олардың таралымдалуы мен оқу

сапасын арттырады.

Компьютердің көмегімен оқушы өз бетінше немесе өзге  оқушылармен топтасып бірге жұмыс істеуге мүмкіндік алады.

Компьютерлер көрнекі,  бейнелі ойлауды, қозғалыстың  ауызша қарым–қатынас машықтары мен   әрекеттерді және әлеуметтенуді дамыту үшін мүмкіндіктер туғызатыны туралы дәлелдеп көрсетеді.

Компьютерді оқытуда  қолданудың 2 негізгі бағытын көрсете кетелік:

  1. Оқу курсындағы жаттығуларды арнайы жасалған ортада орындау.
  2. Оқушылар ақпараттық технологиялар негізінде информатика пәнін ғана емес, басқа да пәндерді өздігінен меңгереді.

Компьютерді оқыту процесінде пайдалану, физикалық, химиялық және математикалық оқытудың мазмұны мен тәсіліне жан–жақты ықпал етті.

Ақпараттық технологияларды пайдалану, сондай-ақ компьютер оқыту бағдарламаларын құру және қолдануды білдіреді. Ол бағдарламаларда дәстүрлі оқытудан ерекше педагогикалық  үйретушілік логикасы  жүзеге асырылады. Мектептегі сабақтар жаңаша ұйымдастырылады және мұғалімнің қызметі мен рөлі өзгереді. [5]

Білім беру процесі – ақпараттық қоғам жайындағы жас өспірімдерді жан-жақты даярлайтын процестер болуы қажет. Сондықтан білім беру жүйесінде компьютерлерді пайдаланудың маңызы зор. Өйткені компьютер адам қызметінің барлық саласында еңбек өнімділігін арттыру құралына айналды. Болашақ мамандардың ақпараттық мәдениеті негіздерін қалыптастыру оқушылардың компьютерде жұмыс жасауды игерумен тығыз байланысты.

   

     Әдебиеттер тізімі:

  1. Информатика негіздер. Ғылыми әдістемелік журнал. №4-2006ж. [1]

2.С.М.Кеңесбаев, Г.И.Салғараева. Білімді ақпараттандыру барысында болашақ педагогті дайындау. Международной конференций, “Развитие информационных технологий в высшей школе”, 11-12 сентября  2003 г, Алматы, стр. 70-74, КазНУ им. Аль-Фараби.  [2]

  1. Информатика негіздері. Ғылыми-әдістемелік журнал. №5 2006ж..[3]
  2. Ершов А.П. Компьютеризация школы и математическое образование.

       //Информатика и образование, 1992, №5,6, С.3-13.

  1. Информатика негіздер. Ғылыми әдістемелік журнал. №2-2005ж. [