Халық тағылымдары физика сабағында

Халық тағылымдары физика сабағында

Әрбір мұғалімнің негізгі мақсаты – сабақ сапасын көтеру, түрін жетілдіру,  оқушылардың сабаққа деген қызығуын арттыру, олардың ізденуін, танымын қалыптастыру. Осы мақсатта физика пәнінде әртүрлі әдістермен жүргізуге болады.

Күнделікті өмір тынысымен бірге тіршілік етіп, ұрпақ тәрбиелеп отырған ұстаздар үшін заман ағымына қарай оқыту басты мақсат. Дәстүр салтымызды, ұлттық сана сезімді жаңарту, әдептілікке үйрету мақсатында әрбір тақырыпты халық даналығымен байланыстыра өткізуге әбден болады. Өмірде болып жатқан өзгерістердің , ғылым  жаңалықтарының, қоршаған ортаның ұлттық қол өнер бұйымдары жасалу жолдарының құрылысы, қолданылуының физика заңдылықтарымен байланысын ашу негізгі міндет.

Мысалы: 8 сынып “жылу құбылыстары” тарауын теріден, киізден жасалған бұйымдарды жылуды нашар өткізуіне байланысты қолдану себебін ашуға болады немесе “механикалық тербелістер мен толқындар” тарауында әр тақырып ұлттық аспаптардың жасалу ерекшеліктеріне қатысты өткізуге болады.

Ұлттық қолөнер бұйымдарын сабақта пайдалану халық өнерін үйренуге баулыса, сабақтың тәрбиелік мәнін арттыруға мүмкіндік береді. Балаларды халқымыздың ұлттық ойынына деген сүйіспеншілігін арттырып, оларды ұлттық дәстүрді сақтауға тәрбиелеу бағытында “күш” тақырыбына байланысты “көкпар” ұлттық ойынын қолдануға болады. Оқушыларға мынадай сұрақтар қоюға болады.

  1. “Көкпарға түскен лақты тартқылау ” деген сөзді физика тілінде қалай айтуға болады? (күш түсірілген)
  2. Неше күш түсірілген ? (екі)
  3. Ол күштер қалай бағытталған? (қарама – қарсы )
  4. Қорытқы күш қалай бағытталады? (қай күштің модулі үлкен)

“Инерция құбылысын” оқыған кезде оқушыларға ұлттық тәрбие беру мақсатында қазақтың “Аттың жалы, түйенің қомында” мақалының мәнін физика сабағында осы тақырыпты өткен кезде аттың ері,түйенің қомышы екенін макет бойынша көрсете келіп, ата – бабаларымызды инерция заңын ертеден ескере білгенін айта кету керек.

Аттың ері – қатты шабыста адам инерция салдарынан артқа, ал кілт тоқтағанда алға құлап кетпес үшін / түйенің қамында сондай рол атқара отырып, көше – қонда жүк тиеуге , жас балалармен, карі адамдарға отыруына \ қолайлы екенін түсіндіруге болады. Бұған қоса ат жалын тартып мінген ер азамат елін, жерін, Отанын қорғау керектігін айта келіп, ұлттық батырлардың ерлігін атап, Махамбеттің:

Ереуіл атқа ер салмай

Егеулі найза қолға алмай

Енку — енку жер салмай

Ерлердің ісі біте ме? – деген жыр жолдарын еске түсіруге болады немесе оқушылардың жыл бойғы алған білімдерін қортындылап, жинақтап өткізуде /  9 сынып / механика курсын, сабақ барысында төл әдебиетіміздің халықтың салт – дәстүріміздің кейбір жекеленген элементтерін физикамен байланыстыра отырып, балаларға ұлттық тәрбие беруге болады.

Әдеби тілмен жазылған сөйлемдердегі,сөз тіркестеріндегі физикалық құбылыстарды тауып, оны физикалық тұрғыда түсіндіруге болады.Мыс:ат бәйгесі,алтыбақан,көкпар ойындарында физикалық заңдылықтарды көрсете отырып, мақал-мәтелдердің тәрбиелік және физикалық мәнін ашу, кейбір әдеби шығармаларды берілген үзінділерден физикалық құбылысты тауып, оны механика заңдарына сүйініп мәнін түсіндіру, берілген жұмбақтың шешуін механика заңдарымен байланыстыруды өз тәжірибиемде қолданып келемін.Ұлттық ойынымыз «алтыбақан» туралы айта келіп, төмендегідей сұрақтар беремін.

1.Алтыбақан ойында қандай физикалық процеспен кездесеміз?

2.Тербеліс дегеніміз не?

3.Алтыбақан тербелісі тербелістің қай түріне жатады?

4.Қандай күштердің әсерінен болады?

5.Қозғалыстың қай түріне жатқызуға болады?

6.Қозғалыс теориясының формасы қандай?

Талдауға төмендегідей мақал-мәтелдерді ұсынамын.

1.»Жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды».Осы мақалдың мағынасын түсіндіремін.          Сұрақ:осы мақалды физикалық қандай заңмен байланыстыруға болады?

2.»Арбасының дөңгелегін майламаса, арбакештің шәйі қайнамайды» мақалдың мән өрісіне ұқыпты қарау.

Сұрақ:арбаның дөңгелегі неге майланады,майламаса не болар еді?

/майлау үйкелісі азайтады/ жеңіл айналуына жағдай жасайды/.

Сұрақ:бұл жерде арбакеш үйкелістің қандай түрімен істес болады? /дөңгелеу үйкелісі/

 

Әдеби шығармалардан үзінді.

«Толқын ұрар жағаны,

Маған бөгет қылма деп,

Жаға кейін қағады,

Әуре болып ұрма деп ».

Ш.Айтов. «Толқын»

Сұрақ:1.толқын қалай пайда болады?

2.толқынның жағаға ұрылып кейін қайтуын қандай заңмен түсіндүруге болады?

 

Жұмбақ:Қалпағы бар жез құдық

Бұлағы ыстық кез құдық

Ортасында өкпаны,

Онысынан от жаны

Сұрақ:1.Мылтықтан оқтың атылуы қандай физикалық құбылысқа мысал болады?

/реактивті қозғалыс/

2.Бұл жерде физикалық қандай заңы ескеріледі?

/имп.Сақт.Заңы./

Міне,осылайша физика сабағында халықтық салт-дәстүрді, ұлттық ойындарды дәріптеуге тәрбиелеймін.