Етістік

35

 Сабақтың тақырыбы: Етістік

Сабақтың  мақсаты:

Білімділігі:Оқушыларға етістік туралы толық мағлұмат беру.

Дамытушылығы:Оқушылардың  сөздік  қорын  молайтып, ойын, тілін, шығармашылығын  дамытып, дербес  жұмыс  жасауға  үйрету. Өз ойын  тез  әрі  жүйелі  жеткізуге  дағдыландыру.

Тәрбиелігі:Оқушыларды  ұқыптылыққа, жинақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Ережелер,дидактикалық  суреттер,сәйкестендіру

Сабақтың  түрі:Дамытушылық

Сабақтың  әдісі:Түсіндіру,сұрақ-жауап  әдісі,өз  бетімен  жұмыс  істеу.

Сабақтың  жүрісі:

* Ұйымдастыру кезеңі

*  Жаңа  сабақ

— Психологиялық  дайындық

— Білімдерін жинақтау мақсатында : Дид. ойын ойнату

—  «Тез ойла,сөз  ойла» ойыны:

Не?        Қоздайды

…            құлындайды

…             лақтайды

…             боталайды

…             бұзаулайды

Кім?          Емдейді

…                оқытады

…                ұшады

…                тігеді

Заттың  атын  білдіретін  сөзді — зат  есім  дейміз. Зат  есімдерге  кім? кімдер? не?  нелер?  деген  сұрақтар  қойылады. Мысалы: адам, адамдар, ағаш, ағаштар

— Балалар  бүгінгі  сабағымыздың  қонағы  кімдер?

-Мұғалімдер

-Мұғалімдер  не   істеді? Мен  не  істедім? Сендер  не  істедіңдер?

— Нені  аңғардыңдар?

— Заттың  қимылын, іс-әрекетін  аңғардық.

Бүгінгі  сабағымыздың  ұраны:

Сөйлейміз,оқимыз,жазамыз,

Бәрін  білуге  ұмтыламыз!

Ендеше, осы  ұранды  ұстана  отырып  сабағымызды  бастаймыз.

—  Сәйкестендіру тестін орындаймыз:  Адасқан  сөздерді  орнына  қой.

Арыстан                       боздайды

Түйе                               ақырады

Жылқы                          маңырайды

Қой                                 мөңірейді

Аю                                   бақырады

Сиыр                               кісінейді

—  Етістіктің ережесін жаттату

—  Заттардың  қимылын, іс-әрекетін  білдіретін  сөздерді-етістік дейміз.Етістіктерге  не  істеді? қайтті? не қылды?  деген сұрақтар  қойылады.Мысалы: өсті, ойнады, сайрады.

—  412-жаттығу.

— Суретпен  жұмыс, мәтін  құрастыру.

  Топпен жұмыс:                     

—  Көру  диктанты

1-топ. Жазда  қыдырады, қыста  тынығады.    (Су)

2-топ. Таңмен  көзін  ашады,

Әлемге  нұрын  шашады.          (Күн)

 

— Сергіту  сәті:

Кәне қанат жазайық,

Қарлығашқа ұқсайық.

Ұшып — ұшып алайық,

Орнымызға қонайық.

Сергіту  сәтінен  қимылды  білдіретін  сөздерді  тап.

—  414-жаттығу

— Шығармашылық  диктант

1-топ.Тоғайда  түрлі  аңдар…

Терең  шатқалға  қояндар…

2-топ. Қызыл  түлкілер  тоғайда…

Тиіндер  ағаштан-ағашқа…

 

—  Өзіндік  жұмыс

415-жаттығу.

—  Берілген  етістіктерді  қатыстырып  сөйлемдер  құра.

Қонды, жауды, жүзді, тасыды.

Мысалы: Қар  қалың  жауды.

—  416-жаттығу

—  Берілген  сөздердің  ішінен  етістікті  тауып, етістік  екенін  дәлелде.

 

—  Терме  дитктант

Жинады, айтты, сөйлесті, байлады.

—  Сабақты  қорытындылау:

— Дид.ойын арқылы

— Етістік деген не?

— Қандай сұрақтарға жауап береді?

— Мысал келтір

Үйге  тапсырма  417-жаттығу.

Бағалау,қорытындылау.

.