ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН НЫҒАЙТУ МАҚСАТЫНДА ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ БОЙЫНДА САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

183

і

 

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН НЫҒАЙТУ МАҚСАТЫНДА ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ БОЙЫНДА САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Салауатты өмір салты мен адамның өз денсаулығы үшін
ынтымақты жауапкершілігі қағидаты – денсаулық
саласындағы және халықтың күнделікті тұрмысындағы
мемлекеттік саясаттың ең басты мәселесі болуы тиіс.

Н. Ә. Назарбаев

Салауатты өмір салтын қалыптастырудың  мақсаты — қазіргі кезеңдегі қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуында орын алып отырған қиындықтарға қарамастан, салауатты өмір сүрудің мемлекеттік жүйесі түпкілікті, жалпы адамзаттық рухани байлықтарға негізделуі тиіс. Ол жеке бастың үйлесімді дамуына, денсаулықты нығайтуға, адамдардың тіршілік үшін белсенділігін арттыруға ықпал жасауды өзінің басты мақсаты етіп алуы керек.

Салауатты өмір салты тұлғаның дамуы мен тәрбиесінде маңызды рөл атқара келе, қалыпты өмір салтының басты құрамдас бөлігі болып табылады. Еліміздің даму бағытын бекіткен «Қазақстан – 2030» бағдарламасында салауатты өмір салтын ұстану мемлекеттік мыңызы бар мәселелермен тең дәрежеде екендігі баса көрсетілген.

Салауаттылық ұғымы – қазақ халқының салт-дәстүрін, көнеден келе жатқан мәдениетін, өнерін, әдет-ғұрпын жас ұрпаққа ұғындыру. Бір сөзбен айтқанда, өз ұлтының дінін ұстануға үйрету.

Салауаттылық – ішкіліктен, есірткі, темекіден аулақ болу, дене және жан тазалығын сақтау, тіпті, қарапайым түрде айтсақ, адамның киім киісі, тамақты қалыппен ішуі де кіретін игі іс-әрекет. Өмір заңдылығы сауатсыздықты кешірмейді, оғаш қылықтар түбінде опық жегізеді.

Жасөспірімдердің салауаттылық өмірге ұмтылысы, зиянды әдеттерді жек көрушілігі олардың өзге адамдармен қарым-қатынасына, яғни, әлеуметтік ортаға тығыз байланысты. Ұрпақты өмір заңдылықтарына, салауаттылық негіздеріне бейімдеу мектеп жүйесіне жүктелген мыңызды да жауапкершілігі мол міндет болып табылады.

ҚР Конституциясының 29 бабында «ҚР азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар» деп көрсетілген. Денсаулық дегеніміз — адамның ең ұзақ ғұмыры бойындағы әлеуметтік белсенділігі мен тиімді еңбекке қабілеттілік дәрежесін, биологиялық, физиологиялық және психологиялық қызметін сақтауы мен дамыту үрдісі. Ендеше, жас ұрпақтың дені сау, білімді азамат болып ер жетуі, ең алдымен, ата-анасына, одан соң білім нәрімен сусындыратын мектепке және қоршаған ортаға байланысты.

Қазіргі таңда оқушылардың денсаулығын сақтау, білім мен салауатты өмір салтын қалыптастыру – күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелердің бірі.
Дені сау бала оқу процесіне белсене араласады, әрдайым жайдары , көңіл күйі жоғары болады. Сондықтан да мектептің негізгі міндеті — әр оқушының денсаулығына нұқсан келтірмей, нығайта отырып, оқуға деген құштарлығын ояту, әрбір баланың өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, бала бойындағы қасиеттерін дамыту. Осы мәселені ескере отырып, оқушылармен тәрбие сағаттары, дөңгелек үстел, конференция, пікір-талас, сайыстар және ата-аналармен іс-шаралар жүргізілді. Атап айтқанда, қалалық «Отбасындағы тәрбиенің күш-қуаты» атты дөңгелек үстел  ата-аналар белсене қатысты. Сондай-ақ, «АҚТҚ және қоғам», «Нашақорлық – ғасыр дерті», «Зиянды әдеттерден аулақ бол!» т.б. тәрбие сағаттарынан оқушылар көп мағлұматтар алды.

Егер мектеп жасындағы бала өз өмірінде кімнің жанында көп уақыт болатынына көңіл аударсақ, әрине ата-анасымен және мұғаліммен бірге болатыны баршаға аян. Сондықтан сабақтың дұрыс ұйымдастырылуы мен өткізілуі мұғалімнен үлкен жауапкершілікті талап етері сөзсіз.

Ауру – бұл медициналық категория. Ал денсаулық – генетикалық потенциалдарды іске асырудың өлшемі. Тәрбие үрдісінде келесі потенциалдар дамиды – психикалық, тәндік және рухани-құлықты. Адамның отбасында, мектептегі тәрбие барысында денсаулығы дамып, нығаяды немесе тозады. Бұл жағдайда оқушының шығармашылық қабілеті шектеліп қалуы мүмкін.

Оқушылардың денсаулығы қалыпты болуы үшін төмендегі шарттарды орындау қажет:

  • Дене еңбегі;
  • Дұрыс тамақтану;
  • Уақытты дұрыс пайддалану;
  • Шынығу және демала білу;
  • Бақытты өмір сүру;
  • Гигиеналық талаптардың орындалуы;

Оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуін мектеп пен ата-аналар бақылау жүргізу арқылы ұйымдастырады. Оларды зиянды әдеттерден аулақтату мақсатында іс-шаралар өткізіліп, төмендегі мағлұматтар берілді.

Зиянды әдеттердің  адам денсаулығына тигізер әсері.

Біздің қоғамда темекі шегу мен ішімдік өлімнің бірден- бір себепкері болып табылады. Темекі шегушілер шылым шекпейтіндерге қарағанда жүрек ауруларына жиі шалдығады. Жыл сайын темекі шегуге байланысты туындаған жүрек ауруынан 170 000 адам көз жұмады. Өкпе, кеңірдек, қуық рагы, панкреатит және бүйрек рагы темекі шегушілер арасында жоғары көрсеткіште. Рактан өлгендердің 30 % -ы (жыл сайын 130 000) темекі шегуге байланысты. Эмфизема, созылмалы бронхит сияқты өкпенің созылмалы ауруы темекі шегушілер мен маскүнемдер арасында 10 есе көп.       Темекі құрамындағы ең қауіпті зат-никотин. Ол адам ағзасында жүрек ауруы мен рактың өршуіне ықпал етіп қана қоймай, ең қауіптісі-оның темекі шегуге деген ынтасын арттырады. Никотинге тез үйір болған соң, темекіні тастау қиынға соғады.        Темекі шегушілер үшін күніне тарқан 1 қорап темекі 10 жыл өткен соң жүрек ауруына шалдығу қаупін тудырады. Сондай-ақ темекі шегу салдарынан болған өкпе рагының қаупі темекі шегуді тоқтатқанда біршама төмендеуі ықтимал.

Алкаголь —  созылмалы  аурулардың  асқынуына  алып  келетін  қауіпті  фактор. Ішімдік- онкологиялық  ауруларға,  жүрек  — тамыр  ауруларына және   артериялы  гипертензияға,  ми  инсульті мен мезгілсіз  өлімге әкеп соқтырады.  Сондай-ақ,  балалар мен  жасөспірімдердің  ішкі  дене мүшелерінің  ауруы, кемістік,  жарымжандық,  денесі мен  ақыл-есінің  кем  дамуына әсер етеді.

Оқушылардың барлығы бірдей салауатты өмір салтын сақтап өмір сүруі үшін не істеу керек?  Тәжірибе дәлелдегендей, спирттік ішімдікке, маскүнемдікке қарсы жүргізілетін үгіт-насихат, алдын алу шаралары анда-санда емес, мақсат көздей отырып, жүйелі жүргізілген жағдайда ғана өз нәтижесін береді. Бұл жұмысты жоспарлаған кезде балалардың психологиялық , жас ерекшеліктерін ескеру керек. Жұмыстың ең алдымен ата-аналар арасында үгіт жүргізуден бастаған абзал.

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

  1. Г. Икіманова. Саулық пен сымбат. — Алматы: Қайнар, 1991.
  2. «Қазақстан – 2030» стратегиясы

3.«Қазақстан мектебі» журналы,

4 Дене мәдениеті – оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу жүйесінде. //Ізденіс-Поиск. 2009. № 2(2)  -Б.262-264.

  1. Е. Уақбаев. Қазақстанда дене тәрбиесі жүйесінің дамуы. — Алматы: Санат, 2000