«Оқулық-іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру негізі»

79

 

«Оқулық-іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру негізі»

 

    Өз класымдағы оқушылармен қазақ тілі мен әдебиеттік оқу, дүниетану оқулықтарымен жұмыс істеу барысында ауызша және жазбаша сауалнама жүргізіп, мынадай көрсеткіштер алдым.

1.Оқулықпен қашан және қайда жұмыс істеуге пайдалы деп есептейсің?

а) үйде-өз бетімен жұмыс істеймін 30%

ә) мұғалімнің нұсқауымен жұмыстанамын 70%

Сабақта:

а) өзбетімен жұмыс ітейтіндер 36%;

ә) мұғалімнің басшылыығымен жұмыс істейтіндер 64%  болды.

  1. Оқулықпен жұмыс істеу қай уақытта пайдалы деп есептейсің?

а) мұғалім түсіндіргенге дейін 18%;

ә) Мұғалімнің түсіндіру әрекеті үстінде 12%

б) мұғалім түсіндіргеннен кейін жұмыс істеу тиімді деушілер 70%.

Осы көрсетілген нақты деректерге сүйене отырып, оқушылардың көпшілігі мұғалімнің көмегінсіз оқулықпен жұмыс істеуге қызығушылығының жоқтығын көріп отырмыз. Бір жағынан, бұл заңды да шығар. Алайда, қазіргі жедел ақпараттану жүйесінде бұл-зерттеуді қажет ететін саланың бірі.

Оқулықпен жұмысты нәтижелі ұйымдастару.

1.Мәтін бойынша мұғалім қойған сұрақтарға жауап табу.

2.Тақырып соңындағы сұрақ-тапсырмаларға жауап табу.

3.Мәтін бойынша жекелеген оқулықтарға және кейіпкерге байланысты сабақта талқыланған мәселелердің дұрыстығына немесе бұрыстығына көз жеткізу үшін мәтінен сол бөлімдерді оқушылардың тауып оқуына назар аудару.

  1. Мәтіндегі ең басты мәселені табуға жұмыстандыру. Осы бағытта жоспар жасатып байқау.
  2. Оқи отырып түсінік беру.
  3. Мұғалімнің немесе оқушылардың назар аудармай мағлұматтарын мәтіннен тауып оқуға жұмыстандыру.
  4. Мәтін бойынша сұрақтар дайындау.
  5. Мәтінді оқи отырып, тезистер жазғызу.

Өткен тақырыптан оқушылардың білімін тексеруде, жаңа материалды оқып үйренуде оқулықпен жұмыс жүргізудің мәні ерекше. Бұл жерде оқушыларға назар аударатын немесе кездесетін жайларға түсінік беру қажет.

Оқушының оқулықпен істелетін жеке жұмысының орындалу  тәртібін көрсету керек.

Бірінші әдіс-оқулықпен жұмыс дереу мұғалім тапсырма беруден басталады. Дәлірек айтқанда, мұғалімнің кіріспе сөзінен кейін, жаңа материалды түсіндіргеннен кейін жүргізіледі.

Оқулық материалдарын талдай келе,алда тұрған проблеманы шешудің үйлесімді тәсілдерін табуға жұмыстанады. Яғни, қандай маңызды ерекше мәселе барын аңғарып отыруға жұмыстанады.

Екінші әдіс-мұғалім оқушыларға оқу материалдарын оқып шығып, ойластыруға, көрші оқушылармен ақылдасуға, содан соң мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап беруге тиіс екенін ескерту.

Үшінші әдіс-материалдағы күделі мәселені  мұғалім түсіндіреді. Алдындағы түсінік сияқты әрекет орын алмасып кезектесіп отырады.

Төртінші әдіс-жаңа материалды оқып үйрену үстінде бұрын меңгерілген материал жаңғыртылады (еске түсіретін керекті ережелер, фактілер, мұғалім оқушылардың есіне салады.)

Оқушы бойында шеберлік және жақсы дағдылар қалыптастыруда яғни баяндалған материалды бекіту кезінде оқулықтың ролі өте маңызды.

Бірінші әдіс-мұғалім түсіндіргеннен кейін оқулықты аналитикалық оқу.

Мұғалімнің түсіндіргенін оқулықпен салыстыру, не нәрсе айтылмай қалғанын аңғару. Мұғалім сұрағына оқушы оқулықты жай оқу арқылы емес, жауапты оқулықтағы мәтінді талдау, оны ұғыну нәтижесінен табуы керек. Сұраққа байланысты фактілерді бала табу жөн. Оны мұғалім әдейі балалардың байқауы үшін айтпай тастап кетеді. Яғни, оқушы мұғалім қойған тапсырмалар мен міндеттерді активтендіреді.

Екінші әдіс-оқулықпен жұмыс істеу сыныпта ғана емес, сыныптан тыс уақытта  да өздігінен жұмыс істеуге дағдыландырады.

Бұл екінші ерекшелік сыныпта оқылған материалды толықтыру үшін қосымша материалды оқу ұсынылады. Оның өзі қызықты әрі маңызды  болуға тиіс. Бұның сырын (қосымша материалдың)  оқулық материалының  көмегімен ашу немесе негіздеу шығармашылық сипат алады. Бір ескерер жайт-қосымша материалдың ең қиындауын күшті оқушыларға  беру керек.

Үшінші әдіс-оқулықта әдейі мұғалім тоқтамай кеткен негізгі қағиданы балалар байқап, сол мәселе назардан тыс қалмауын ескерткен соң, дәптерге қолма-қол  жазып алуды ұйымдастыру болып табылады.

Егерде оқулықпен жұмыс дұрыс ұйымдастырылса, оқушының білімдік дағдыларын дамытумен қатар мынадай нәтижелеге қол жеткізуге болады:

  1. Оқытудың терең теориялық мәліметі есте жеңіл сақталады.
  2. Түрлі сезімдік қабілеттері жетіледі.
  3. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады.
  4. Мұғалімнің жұмысын жеңілдетеді, уақытын үнемдейді.
  5. Оқушыларды талғампаздыққа тәрбиелейді.
  6. Оқыту үрдісінде берілген тапсырмаларды саналы орындайды.
  7. Шығармашылық ізденіске жетелейді.
  8. Оқыту үрдісінде моралдық-психологиялық дұрыс ахуал қалыптастырады.
  9. Оқу материалы оқушы есінде ұзақ сақталады.