География және жаратылыстану пәндерінде халықтық педагогиканы қосымша материал ретінде пайдаланудың негіздері

52

 

География және жаратылыстану пәндерінде халықтық педагогиканы қосымша материал ретінде пайдаланудың негіздері

Халық педагогикасының бөлігі – халық ауыз әдебиеті екені аян. Барлық сабақтарда халық ауыз әдебиеті үлгілерін қолдану тиімді әдістердін бірі.

Біріншіден халық ауыз әдебиеті арқылы оқушы тілінде қолданыс аясын кеңейту.

Екіншіден халық мұрасы арқылы жан-жақты дамыту.

Үшіншіден тәлім сөз тәрбие көзі.

Белгілі жазушы Сәбит Мұқанов «Қазақ халқының халық ауыз әдебиеті –асыл» қазыналы, оның асылдарын даралап, ұрпақ қажетіне жарату керек»- деген болатын.

Ұлы ғалым, ақын Абай ауыз әдебиеті түрлерін зерттеп, мақал –мәтел мәнін, маңызын ашып берген. Ы. Алтынсарин өз еңбектерінде өз заманының татар молдалары қағидаларын қолданбай, халық аузында айтылып жүрген «асыл шөп», «асан мен Үсен» т.б. аңыз ертегілерді қолданған.

Сонымен мектепке келген оқушылардың қызығушылығын арттыруыңыз керек. Сондықтан мұғалімнің әр тақырыпқа әр-түрлі қосымша табу міндеті тұрады. Мұғалімнің өзі шығармашылықпен айналысуына тура келеді. Қазақ педагогикасының астарлар ерекше десек, олар жұмбақ, өлең, қарасөз, мақалдап сөйлеу т.б. түрінде кездеседі. Осыдан қазақ халқының білім бастауы – асыраған малында, тартқан домбырасында, қысқаша айтсақ күн көрісінде.

Халық математикасының қолданыс жағы басымдау. Олар санауды үштік, ондық, тоғыздық жүйесін қолданған мүшел, тоғыз құмалақ есебі тек қазақ халқында бар екенің ескере айта кетсек. Қазақ халқының есепке жүйрік екенін аңғарамыз. Тіпті олар санаудын әртүрлі әдістерін оңтайлы қолдана білуінің өзін әңгімелеп айта отырса артықтығы болмас еді. Мысалғы, айтар болсақ жыл санау, мүшел санау. Сондай мысалдардың бірін өз сабағымызда қолданған едім. 6 сыныпта жыл мезгілдері, ай тақырыбын өткенде, 4 саусақ жылдың төрт мезгілі, ал екі қолдың төрт саусақ буыны үсті 31 нен аяқталатын айлар, ал буын аралықтары 30-нан бітетін айлар, санау сол қолдан басталады. Сонда екі айдын қатар 31-нен аяқталатының білеміз.

Сондай-ақ халық ауыз әдебиеті үлгілері болатын психологиялық дамуына әсері мол. Бір ғана ойлау қабілетін алатын болсақ жұмбақтар балалардың өз бетінше ойлауына мүмкіндік жасайды, қара өздер философиялық ой-өрістеріне әсер етеді.

Президентіміздің Қазақстан халқына Жолдауы – 2030 жылға дейінгі стратегиялық дамуы бағдарламасында қоршаған ортаны ластауға, экологиялық қалыпты жағдайды бүлдіруге жол бермеуге зор көңіл бөлінгені барша жұртқа мәлім.

Осыған орай биология пәні пәні бойынша халықтық педагогиканы басшылыққа ала отырып, сабақта, пән апталықтарында мүмкіндігі шектеулі балалармен бірааз жұмыстар жүргізуге болады. Ата бабамыз «Жер-қазына, су- алтын, мал-байлық» деп айтқаны тегін емес. Халқымыздың ерекше қастерлеп, талай ғасырлар бойы аялы қамқорлық жасап келген табиғат байлығының бір тобы — өсімдіктер әлемі. Адамзаттың Отаны–Жер Ана, туған жер табиғатын қорғау мәселесі бұрынғы- соңғы ақын-жыраулардың да, кешегі өткен қазақтың ардагер ақындарының да, бүгінгі көзі тірі талант иелерінің де шығармаларының өзекті тақырыбы болып келеді. Өсімдік өссе тамақ, кисе киім, саялы баспана, оқитын кітап, мінер көлік, ауырғанда пайдаланатын дәрі, тыныс алар ауа, малына өріс, өзіне қоңыс. Сол себепті халық арасында нақыл, даналық сөздер жиі айтылады, ос тәрбиелік мәні бар қазынаны баланың бойына құя білсек, нұр үстіне нұр болар еді. Мәселен, оқушыларға «Өсімдіктердің аам өміріндегі маңызы»,  «Елді мекендермен, бөлмелерді көгалдандыру», «Топырақ, өсімдік бірлестігі», «Өсімдік біртұтас ағза», «Экология негіздері», «Өсімдіктерді қорғау», «Биосфера», «Ноосфера» деген тақырытарда мына төмендегідей халық даналық сөздерінің мазмұның ашып, тәрбиелік маңызын зерделееуге болар еді. «Жері байдын, елі бай», «Күте білсен – жер жомарт», «жер- байлықтң көзі», «Жер – ырыстың кіндігі», «Жер қорлаған-еліне сыймайды», «Жер-Ана, ел-бала», «Қара жер қарғыс арқаламайды», «Тозған жерде тоқшылық болмайды», «Шөпті жұлма көктй соларсын», «Бұлақ көрсен көзін аш», «Су бар жерде өмір бар», «су дүниенің бас», «суға зәр сындырма», «Орман ел дәулеті, жер сәулеті», «Арманымен ел сұлу, орманымен жер сұлы», «Бағбан болсан бақ өсір, балама деп тағы өсір», «Бір ағаш кессен, он ағаш ек» осының бәрі табиғатқа тыныштық, жайлы тіршілік, тазалық мөлдірлік тілеген сөздер екенін оқушыға жеткізу және жас жеткіншектерге мынадай ой қалыптастыру: Жер Ана – біздің тұратын мекеніміз, оның өсіп өркендеуі біздің қолмызда, табиғатты қорғай білсек оның бізге тартар сыйы мол.

Сонымен қатар «дәнді дақылдар», «бидай аса маңызды дақыл», «Қазақстанның дәрілік өсімдіктері» деген тақырыптарда мынадай сөздер пайдаланып кетуге болады: «аяқтын астына құранды қойып нанды алуға болады, ал нанды басып құранды алуға болмайды» деп ата –бабамыз нады қадірлеп, құраннан да қасиетті санаған. Нанды шашуға жерге тастауға, басуға рәсуа етуге болмайды. Жол үстіндегі нанды алып, адам баспайтын жерге қою керек, «нан болса әнде болады» деген даналық сөздер арқылы адам еңбегін білгендігі түсіндіріледі. Халқымыздың ғасырлар бойы шөптерді емге пайдаланып келгені: «Дана көптен шығады, дәрі шөптен шығады», «ермен жеген ел өлмес», «ермен жанга дәрмен», «аңдыз жеген ат өлмес» деген ой тұжырымдармен пайымдай келе ұлттық емдік тәсілдері жайлы әңгімелей кеткен дұрыс.

Әр халықтың ғасыр бойы ұрпақ тәрбиесіне негізделген өзіндік педагогикасы бар. Дүниежүзілік тарихи педагогикалық әдебиеттерде халықтық педагогика ұғымына әртүрлі анықтамалар берген. Татар халқының ғалымы И.А. Ханбиков: «Халықтық педагогика –бұқара халықтың қарапайым педагогикалық білімдерінінің және тәрбиесінін саласы», орыс ғалымы К.Д.Ушинский халықтық тәрбиенің мақсатымен мазмұнына тоқтала келе:

« . . .бала тәрбиесі сол халықтың сан ғасырлық тарихымен байланысты, тәрбиенің негізін халықтың жақсы жаман дәстүрінен іздестіру керек» деп ой тастайды. Сол себепті халықтық педагогиканы мүмкіндігі шектеулі балалардың да оқу тәрбие жұмысына енгізудегі басты мақсат – оқушыларды адамгершілікке, қайырымдылыққа, жауапкершілікке, ұлтын-халқын, отаның қастерлеуге қызығушылығын көтеру, алған білімін табиғат, тұрмыс, өмір заңдылықтарымен байланыстырып, тәжірибеде қолдана білуге, ойлау қабілеттерін дамытуға, тапқырлыққа, әдемілік пен әсемдікке, алғырлық пен ептілікке, ерлікке, тұрмыс қажеттерін өздері өндіретіндей кәсіптін түрін таңдай білуге, еңбекқорлққа баулу. Демек халықтық педагогиканы қосымша материал ретінде падалану ейлінше ұтымды, мейлінше қажет, мейлінше оңтайлы.