12 жылдық білім беруге көшу жағдайында бастауыш сынып оқушыларын оқыту мазмұнының қазіргі жағдайы

83

12 жылдық білім беруге көшу жағдайында бастауыш сынып оқушыларын оқыту мазмұнының қазіргі жағдайы

Умарова Гүлнар Темірғалиқызы- Хромтау ауданы Сарысай орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында  «Бәсеке басы білім, ел басқаратын болашақ жастардың білімділігі мен біліктілігінде» деген. Ендеше, ұстаздар қауымы ел басқаратын болашақ жастардың білімін қамтамасыз ету керек. Сондықтан да мектептегі оқу үрдісінің барысы әр түрлі педагогикалық әдіс-тәсілдермен жүйелі түрде оқушылардың шығармашылық ойларын дамытып, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін арттырады.

Бүгінгі күні мемлекетіміздің өркениетке жету жолындағы өр талабына тұғыр боларлықтай ұрпақ оқыту, тәрбиелеу ісін жаңа сапалық өзгерістер деңгейіне көтеруді талап етіп отыр. Мектеп құрылымында болып жатқан өзгерістер, білім беру мақсаттарының алмасуы, оның дамытушылық сипаттарының бекітілуі, көпнұсқалық оқытуға көшу сияқты мәселелер орындаушылардан шығармашылық бастамалық, жұмыстың жоғары сапасын және кәсібилікті талап етеді.

Қазіргі кезде біздің республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр.  Білім негізі бастауыш мектепте берілетіні анық. Сондықтан да бастауыш сынып мұғалімі бағдарлама көлемінде ғана білім беріп қоймай, пәндер арқылы баланың жан-жақты дамуын қамтамасыз етуі керек. Күн тәртібінде қойылып отырған күрделі мәселелердің ішінде жас ұрпаққа білім беруді әлемдік деңгейге жеткізу үлкен орын алады. Сондай қоғамдағы түрлі бағыттағы өзгерістердің бірі-12 жылдық оқыту моделі. Кезінде Елбасы «21 ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық» деп айтқан болатын. Егемен еліміздің әлемдік білім кеңістігіне кірігуі, Қазақстан Республикасының 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуі, білім беру жүйесіндегі қазіргі уақытта болып жатырған соны өзгерістердің көрінісі болып отыр.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз »,-деген сөзі жай айтыла салған жоқ. Еліміздің болашағы мен көркеюі, өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді. Осыдан барып жас ұрпақтың бойындағы іскерлік пен қабілеттерін ашу және шығармашылыққа баулу мәселесі туындайды.Онсыз мектептің инновациялық үдеріс сатысынан өтпей дамуы мүмкін емес екеніне көзіміз жетіп отыр. Себебі, мектеп келешек ел басқарар, жер-суына иелік етер, ел-халқын гүлдендірер, мерейін өсірер жасампаз жандарды шыңдар бірегей орта, киелі орын екенін білеміз.

Еліміздің ертеңгі болашағы-бүгінгі мектеп қабырғасынан алған білім нәрімен сусындаған оқушы. Ал білім негізі бастауыш сыныптан бастап қаланатыны бәрімізге белгілі. Сондықтан қазіргі таңда оқушыларға сапалы білім берудің тиімді жолдарын іздестіру өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Оқушылардың өз-өзіне сенімін арттыру, олардың шығармашылығын дамыту, өтілетін сабақтың оқу-материалдарын терең ұғына білуге баулыу, ой-өрісін дамытатындай логикалық ой тастау-мұғалімнің шеберлігіне байланысты.

Олай болса, қазіргі ұстаздар қауымының алдындағы үлкен мақсат: өмірдің барлық саласындағы белсенді, шығармашылық іс-әрекетке қабілетті, озық ойлы, тапқыр да нәзік, сезімтал, еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу.Бастауыш мектеп оқушысының жеке тұлғасын қалыптастыру, оның рухани әлемін байыту, сабаққа ынта-жігерін арттыру, жеке дарындылығын дамыту-бүгінгі таңдағы негізгі мәселелердің бірі. Сондықтан жас ұрпаққа, жас буынға жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Жеке тұлға, яғни дарынды, шығармашылық тұлға қалыптастыру білім мен тәрбие берудегі мемлекеттік істің ең маңыздысы. Мақсатты білім беру-тұлға дамуын жүзеге асыратын мәселе. Адамзат баласының өз ұрпағын оқыту, тәрбиелеудегі ең тиімді ізденістерін, тәжірибелерін жалғастырып, тың жолдар іздеу, педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту жалғаса бермек.

Халқымыздың ардақты ұлдарының бірі Міржақып Дулатов «Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт-оқуда. Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та, дүниедегі сыбағалы орнымызды алсақ та, бір ғана оқудың арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз-оқу. Надан жұрттың күні-қараң, келешегі-тұман,»-деп ғылым, білім, оқудың маңызын қара халыққа көрсеткен.

Елбасымыз да өзінің халыққа арналған « » атты жолдауында «Адами капиталды дамыту» тарауында да білімнің адам өміріндегі, соның ішінде тәуелсіз Қазақстанды дамытудағы басты рөлі туралы айта кетіп, білімді дамытудың жолдарын айтқан.

А.Байтұрсыновтың пікірі бойынша , бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алуы керек. Мұғалімнің басты қызметі-оқушы ұзақ жолды қысқарту үшін және сол жолдан қиналмай өтуі үшін керек білімді кешіктірмей, кезінде беріп отыру үшін балаларға жұмысты әліне қарай шағындап беру мен бет алысын діттеген мақсатына қарай түзеп отыру.

Қазіргі кездегі бастауыш сынып оқушыларын оқытудағы жаңа өзгерістерге бет бұру үшін мынадай талаптарды ескеру керек деп ойлаймын:

  • Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамытуды ерте бастан қолға алу;
  • Ойлау мүмкіндігінің ең жоғары деңгейіне жеткізу;
  • Шығармашылық іс-әрекетіне және үнемі ізденісте болуына жағдай тудыру,
  • Өзіндік жұмыс түрлерін орындай алу,
  • Баланың жеке қасиеттерін ашу арқылы тәрбиелей отырып, танымдық қабілеттерін қалыптастыру,
  • Ақпараттық технологияларды меңгерту,

Бастауыш мектеп-оқушы тұлғасы мен сапаның дамуы қуатты жүретін ерекше құнды, қайталанбас кезеңі.Сондықтан да, бастауыш білім үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын да қадірлі жұмыс. Бастауыш мектеп балаға белгілі бір білім ғана беріп қоймай, оны жалпы дамыту, яғни, сөйлеу, оқу, қоршаған ортаға дұрыс көзқараста болу, жағдайларды объективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын да дұрыс айтуға, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйрету. Дамыта оқытудың басты мақсаты-баланы оқыта отырып, жалпы дамыту.

Әрине, бастауыш сынып оқушысының зейіні тұрақсыз, импульсивті, қабылдау мүмкін діктері әр түрлі болады. Дегенмен әр бала бір нәрсеге бейім болады. Бейімділік-оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Баланың жасырын, тіпті тым терең жатқан қабілеттерінің көрінуіне мүмкіндік жасау тек оқыту кезінде үлкендердің басшылығымен жүзеге асады.

Педагогика ғылымы еш нәрсеге бейімі жоқ, қабілетсіз адам болмайды деп дәлелдейді. Сол себепті, бастауыш сынып балаларының қабілетін кеңінен өрістете дамытуға тек мектеп қана мақсатты түрде ықпал ете алады. Оқушының шығармашылық іс-әрекетіне жағдай тудыру дегеніміз-оқушыны ойлай білуге үйрету екені сөзсіз.Мектеп табалдыры ғын жаңа аттаған бүлдіршіннен шығармашылық іс-әретті талап етпес бұрын, оны соған үйреткен жөн. Оқушының шығармашылығына бағыт-бағдар беруді ең алғаш білім мазмұнына енгізген М.Жұмабаев болатын. Ол балалардың ойлау қабілетін дамыту туралы «Ойлау-жанның өте бір қиын, терең ісі»,-деп атап көрсете келіп, мұғалім баланың ойлап үйренуіне көп күш жұмсау керектігін ескертеді.

Оқушы бойындағы шығармашылықты дамытуда үздіксіз құлшыныс, оқу мен білім алуға деген ұмтылыс күннен-күнге дами түсуі қажет. Сонда ғана оқушы бойында білім нұры тасып, ішкі дүниесінің сыртқы ортамен байланысы дамып, дүниетанымы арта түседі.

Мұғалім өтілетін сабақтың тақырыбына сәйкес алдын ала жоспарланған сұрақтар мен танымдық ойындар арқылы оқушы ынтасын, зейінін, ой-қиялын дамытуға септігін тигізуі керек. Сонымен қатар бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту да-өзекті мәселелердің бірі.Шығармашылық-бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі.Өмірде дұрыс жол тауып кетуі үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы , дәлеледі шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында : «Жастарды белсенді, азаматтық ұстанымды, жауапты, жоғары адамгершілік, отансүйгіштік сезімді және көшбасшылдық қасиеттерді қалыптастырған, шығармашылық жағынана дамыған жеке тұлға тәрбиелеу» делінген, бұл бағдарламаның мақсаты екендігі бәрімізге белгілі. Жауапкершіліктің биігінен көрінуі де жас ұрпаққа берілетін білім сапасын мейілінше арттыруды қажет етеді. Ал білім сапасын артыру , оның деңгейін әлемдік білім кеңістігіндегі стандарттарға сай келтіру, түптеп келегнде, мұғалімге, оның кәсіби құзырлығына, әдістемелік біліктілігі мен шеберлігіне тікелей байланысты.

Өзекті мәселелердің бірі болып отырған «Қазақстан-2030» жолдауында да, «Білім туралы » заңда даоқушыларды шығармашылықпен қалыптасқан және жеке тұлға ретінде оқытып, дамыту қажеттілігі айтылған. Бастауыш мектептің алдындағы шешімін күтіп тұрған басты мәселелер, ғалымдардң пікірінше, оқушыларды дамыта оқыту, яғни оқушының оқу әрекетінің қалыптасуы, оқуға деген ынтасының артуы. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Сол себепті бастауыш сыныптарда 12 жылдық білім беруге толық көшудің алдында оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын меңгеру керек.