Ата-анамен тығыз байланыс арқылы ересек тобындағы балаларды мектепке дайындау

156

Ата-анамен тығыз байланыс арқылы ересек тобындағы балаларды мектепке дайындау

Балабақша. Бала. Ата-ана. Тәрбиеші. Бұл ұғымдар бір-бірінен ажырамас, бірінсіз бірі мүмкін емес, өте тығыз, бір мақсаттағы, болашағы кең жауапты әрі құрметті де құдіретті деп түсінеміз.

Балабақша- балалардың екінші үйі. Балаларсыз балабақша болуы мүмкін емес. Ата-анасыз балалардың болуы да дәл солай. Ал, балабақшаға баласын әкелген ата-ананың ең бірінші тірегі, сенімі, ақылшысы, сырласы ол-тәрбиеші педагог. Себебі, ата-ана өзінің жүрегінен шыққан жан баласын тәуліктің 10,5 сағатына, яғни, барлық адамдардың белсенді әрекеті жалғасатын, жауапкершілігі мол ағымынан қалдырмай, қоғамдық мекемеге, тәрбие орнына, тәлім-тәрбие алсын, ұжымға үйренсін, адамгершілік қасиеттерге қалыптассын, білім алсын, дос тапсын өссін, дамысын деп әкеледі.

Ендеше, сол ізгі мақсаттар мен игі нәтижелерге жету үшін, бар жігері мен қайратын, білімі мен өнегесін, тәжірибесі мен тәлімін аямайтын жандар-ол, әрине тәрбиешілер.

Күнде  таңертең баланы мейіріммен, жылы жүрекпен қабылдап, балабақшаға баланың емін-еркін, қуана, асыға жетуі, ата-анасының сенімді қолға тапсырып, алаңсыз еңбек күнін тапсырып, алаңсыз еңбек күнін жалғастыруы-өмірдің жағымды жалғасы.

Біздің мектепалды даярлық тобындағы негізгі міндетіміз-балаларды мектепке дайындау. Бұл мақсатта ата-ананың ролі өте жоғары, ең алдымен әр баланың әлеуметтік жағдайына мән беріледі.

Ол арнайы сауалнама, сұхбаттар беру арқыл, жай әңгімелесу, жеке тапсырмалар беру т.б. әдіс-тәсілдермен анықталады.

Мектепалды даярлықта ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың негізгі міндеттерін үш кезеңге бөлуге болады; I кезең-даярлық, II кезең-негізгі, III кезең- қорытынды.

I кезең-баланың ата-аналары туралы толық мәліметті білу(жасы, жұмыс орны, мекен-жайы, отбасылық жағдайы туралы, отбасындағы қарым-қатынас қағидалары т.б). Ол үшін:

1.Ата-аналарға арналған сауалнама.

2.Баламен және оның ата-анасымен әңгіме.

3.Баланы бақылау.

4.Отбасына бару.

5.«Менің отбасым», «Мектепалды кезеңі туралы менің ойым», «Тәрбиеші қандай        болуы керек?» деген тақырыптарда баланың суреттерін, әңгімелеуін, ой-пікілерін  зерттеу;

ІІ кезеңде- 1.мектепалды даярлық тобының жұмысыны, білім беру, тәрбиелеу процестерін жоспарлауға ата-аналарды қатыстыру(оқу-құралмен, спорт киім т.б. қамтамасыз етуі, не үшін екеніне көз жеткізу).

2.Педагогикалық ұжым мен ата-ана арасында үздіксіз қарым-қатынасты қамтама-

сыз ету(еңбек, спорт, оқу процесі).

Негізгі кезеңнің көрінісін;

*Жағымды көңіл-күйлері (ата-ана, балалардың)

*Балалардың құрдастарымен, тәрбиешілерімен жағымды қарым-қатынас деңгейінен;

*Педагогикалық процеске және оның жағымды бағасына ата-ананың қызығушылығының пайда болуы;

*Ата-аналар бұрышына қысқа да нұсқа, балалардың дамуындағы ілгерлеуді, (сурет салу,мүсіндеу т.б.) жұмыс нәтижелерін көрсету, жариялап тұру;

Кеңестер:

«Мұны білген артық емес», «Ата-ана, сіз үшін», «Балапаным, қай жерің аурады?»,

«Шынықсам шымыр боламын», «Денсаулығы сәбидің-Қуанышы әр үйдің», т.б.

Негізгі кезеңде балалардың денсаулығын сақтау, жетілдіру;

Ата-анамен тығыз байланыста болу; Топтық кеңестер беру-негізгі жұмыстың түрі болып табылады.Тақырыптары «Баланың дамуының көрсеткіштері», «Тіл дамыту негіздері, балалар ойынына талаптар», «Ата-аналарды топ өміріне тарту»;

Сабаққа қатыстыру; безендіру, мерекелік шараларға қатыстыру; Ұжымдық еңбектерге араласу; спорт жарыстарына отбасы болып қатысу-салауатты өмір салтын ұстану т.б.

«Сауалнамалар: Біз қандай ата-анамыз», «Балаңыз мектепке дайын ба?»

Біз, мысалыең алғашқы ұйымдастыру жиналысымызда, балалармен оқу-тәрбие

процесінде пайдаланатын көрнекіліктер, әдебиеттер, ойындар, оқу-құралдар үлгілерінкөрсетіп, қандай мақсатта, не үшін қажеттілігін көрсетіп, таныстырудан бастадық;

Логикалық ойлауын дамытуға көп көңіл бөлдік, тілін, сөйлесу мәдениетін дамыту, өзара қарым-қатынастың жағымды жағын дамыту үшін ойындар өткіздік.

Мысалы: Қарсы мәндес сөздерді атаңыз. Бұл ойындарды балаларыңызбен де ойнаңыз:

Алдында-(артында)

Оңға-(солға)

Жоғары-(төмен)

Алыс-(жақын)

Биік-(аласа)

Ақ-(қара)

Тәтті-(ащы)

Жалпақ-(жіңішке)

Жақсылық-(жамандық)

Қайғы-(қуаныш)

Оңтүстік-(солтүстік)

Суық-(ыстық)

Көп-(аз)

Жаз-(қыс)

Семіз-(арық)

Сұрақтарға жауап беріңіз:

Нені тігеді?

Нені байлайды?

Нені тасиды?

Нені өсіреді?

Нені тоқиды?

Не туралы айтуға болады?

Нені әндетеді?

Заңдылығын және сөздің сыңарын табыңыз.

Қызанақ-көкөніс, райхан-(гүл)

Дәрігер-аурухана, мұғалім-(мектеп)

Кеш-кешкі ас, таң-(таңертеңгі ас)

Балық-су, құс-(аспан)

Күз-жаңбыр, қыс-(қар)

Күндіз-күн, түн-(ай, жұлдыз)

Ойланып, есептерді шешіңіз

Өз жауабыңызды түсіндіріңіз.

1.Ұяға дейін торғай жылдам ұшып жете ме, әлде жұлдызқұрт па?(әрине торғай, жұлдыз құртта ұя болмайды)

2.Терек тұқымынан қанша қайың өсіп шығады?(ешқандай)

3.Қарға қатты қарқылдай ма, әлде көкек пе?(көкек қарқылдамайды)

4.Бір кг мақта ауыр ма,әлде бір кг қант ауыр ма?(екеуінің салмағы бірдей-1кг-нан)

5.Жағаға дейін қаз тез жүзе ме, әлде әтеш пе?(әтеш суда жүзбейді).

Ойланыңыз, не  жөнінде  айтылған?

1.Өзі дөңгелек, жасыл ала, үлкен әрі дәмді. (қарбыз)

2.Бұдыр-бұдыр, кіртілдек, ұзын, жасыл….(қияр)

3.Өзі шырайлы, уылжвған, әрі хош иісі аңқыған…(жеміс)

4.Нәзік, хош иісі аңқиды…(гүл)

5.Ұзын құлақ, сұр, қорқақ…(қоян)

6.Азулы, сұр, ашқарақ…(қасқыр)

Ойланып, сөйлемді аяқтаңыз.

1.Өзен бұлақтан ұзын болса, онда бұлақ…(өзеннен қысқа)

2.Жол сүрлеуден кең болса, онда сүрлеу…(жолдан тар)

3.Терек қайыңнанбиік болса, онда қайың…(теректен аласа)

4.Үлпек тастан жеңіл болса, онда тас(үлпектен ауыр)

5.Қарындасы ағасынан кіші болса, онда ағасы (қарындасынан үлкен)

Отбасы жағдайын анықтау үшін ең алдымен сауалнама арқылы жазбаша түрде анықтап, толыққанда жанұяларға-«Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер», «Мен тараған тек тамыр», «ата-бәйтерек, бала-жапырақ» деген тақырыптармен өз таңдауы бойынша (үлгімен) өз қиялын қосып, баласымен, немересімен бірге отырып,(бүгін жасап әкелген-ұяттық педагогика негізіндегі үлгілерді жасаттық; Фото-Көрме ұйымдастырдық

«Мен жанұяммен», «Мен демалыста болғанда», «Мен кішкентай көмекшімін», «Мен әжеммен біргемін», «Әкеммен балық аулауға барғанда», т.б.

Баланың өзімен 1)Сен бәрінен нені жақсы көресің? Не үшін? Керісінше? Нені өте жек көресің,Не себепті?

2)Сен өмірде кімге ұқсағың келеді? Ол қандай адам?

Керісінше, кімді өте жек көресің? Ол қандай адам?-деп жеке сұрақ қойып, пікірін біліп, жан-дүниесін ұғынуға болады, сонымен бірге сөйлеу дағдысы, тілдік қорын байқауға болады.

Қорытынды кезең: жұмыс нәтижелерін ата-аналарына көрсету, мектепке даярлық деңгейін медицина қызметкерлерімен бірге денсаулық көрсеткіші;

Танымдық процестерінің даму деңгейі (ес, зейін, ойлау ерік.)диагностикасы; «Бірінші сыныбына шығарып салу»-мерекесін ұйымдастыру кезеңі.

«Түлектер  аллеясы», «Саябақты  безендіру»

Білім  деңгейінің  көрсеткіштері – тест, сауалнама, тапсырмалар  орындау, ойлау, жазу, оқу  дағдыларын  сынақтан  өткізу  арқылы  мектепке  қабылданады. Үш  жылға  дейін  мектептегі  мұғалімдермен  пікірлесіп, ата-аналарымен  кездескен  сайын  балалардың  жағдайын  біліп, қуанысып, әңгімелесіп  жүреміз.

Ал, өзің  тәрбиелеп  ұшырған  түлектерің  үлгілі  оқушы, ақылды  азамат  болып

өскенін  көру – бұл  тәрбиеші  мен  ата-ананың  ең  үлкен  бақыты, еңбегінің  үлкен, әрі  биік  шыңы  десе  артық  емес.

Сондықтан, «құрметті  әріптестер, еңбегіміздің  нәтижесі  биіктерден  көріне берсін!» деген  тілек  айтқымыз  келеді.