Физиканы Шәкәрім мұраларымен байланыстырып оқыту

44

Физиканы Шәкәрім мұраларымен байланыстырып оқыту

 

 

Шәкәрім-өз заманында әлемдік жетістіктердің  туған еліне енуін армандаған, прогресшіл қоғамдық  күштердің, озық ой – сананың жарқын көрінісі  бола білген ақын. Шәкәрім  мұрасындағы  мол рухани байлықты ұлттық құндылықтардың негізіне айналдырып, оны жас ұрпаққа, шәкірттер жүрегіне жеткізіп, барынша насихаттауға  үлес қосу  бала тәрбиесіндегі  әр бір азаматтың  парызы.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев, «Мәдени мұра»- бағдарламасының  үшінші бағытында да ұлттық әдебиетіміз  бен өнеріміздің  бай мұрасын зерттеп,жүйелеу  мен оны қайта түлетуді міндеттейді.

Осы орайда  филология  ғылымының  докторы шәкәрімтанушы  С.Ізтілеуованың: «Шәкәрім Абай мектебінің  шәкірті. Абайдан кейін жәй ақын болса Шәкәрім көптің ішінде көміліп  қалар еді. Сондықтан оның  рухани  шығармалары  қазақ халқы үшін мол қазына. Егер оны ұлттың санасына қайта сіңіріп, рухын көтеру үшін  пайдалана алсақ бұл үлкен жетістік. Ол үшін ғылыми зерттеулерге де жан-жақтылық қажет. Оған түрлі саланың  мамандары тартылуы тиіс, себебі онда түрлі ғылымның ой-иірімдері тоғысқан… «- деген ойын келтіре кеткім келіп отыр.

Физика пәнін  оқыту  барысында оның гуманитарлық  потенциалын, тәрбиелік  мәнін  көтеру мақсатында көп жылғы іс-тәжірибемде ұлы дала данышпандары Абай, Шәкәрім, Ыбырай еңбектеріне ерекше мән беріп оқушылардың дүниетанымдылық көкжиегін кеңейтуіне ықпал етіп  отырамын.

Шәкәрімнің

«Жаралыс басы – қозғалыс,

Қозғауға керек – қолғабыс

Жан да мейлің, бір мән де

Сол қуатпен бол таныс

Әлемді сол мән жаратқан

Көшпеген нәрсе өспейді

Өспеген нәрсе өзгермес

Түрден ол түрге  түспейді

Қозғалыс түрлеп жаратқан… »

делінетін жиырма алты шумақтан тұратын осы өлеңін кинематиканың  негізгі ұғымдарының бірі қозғалысты  өткен кезде оқушылармен «Жаралыс-мүмкіндігі бар жаратылыс. Жаралыс шындыққа айналу үшін қозғалыс  керек екендігін, дүние қозғалыста өзгерісте,өзгеріске түспейтін еш нәрсе  болмайтындығы  жайлы,  Жаралыс, Қозғалыс, Тән, Жан, Мән, Таза ақыл, Қуат, Дін, Нәпсі, Рух жөнінде  ой бөлісуге  және де оқушылардың  шығармашылық  тақырыптарына  арқау етіп беруге де болады.

Әсіресе  ақынның «Тау басындағы  ой»–атты философиялық толғауы  өлеңдер циклындағы:

… Күннен неге түсіп тұр  мұнша жарық,

Сегіз минут, шерікте  жерге барып.

Әншейін құр жарқырап  тұрып алмай,

Жылылық нұрмен бірге жүр қозғалып .

Бұл дүние жылуы жоқ  нұрсыз болса,

Әлемнен  кім жүре алар  пайдаланып?

Дүние атаулы теп-тегіс  мөлдір болса,

Көлеңке  орнығады  қайда барып?…

өлең  жолдарын  жарықтың  түзу сызықпен  таралу заңымен талдай келе оны есептер жинағындағы мына есепті шешумен дәлелдейміз.

 

№1005.P  Жарық Күннен Жерге дейін  қанша уақытта жетеді?

Берілгені

С=3.108 м/c

R=15.1010 м

Формуласы

С=   ;

t =

Шешімі

t ==

=500с ≈ 8 минут

жауабы:  t =  8 мин

t- ?

 

«Байланыс құралдарының  дамуы «- тақырыбын өткенде ақынның Мұтылғанның  өмірі         (Мұтылған – Ұмытылған мағынасындағы ақын псевдонимі) өлеңін

…Телеграмм жайын білуге

Оны да сынай жүруге,

Бір үйден тарттым бір үйге,

Шекті керіп қадаққа

 

Телеграм олай емес қой,

Ұқсатар ма екем дегем ғой.

Құлақпен естіп жетпек ой,

Тым жас едім ол уақта » – деген

шумақтары  оқушыларға жастық шақта ғылым мен білімді игеру қажеттігі жайлы ой тастайды, өйткені аға сұлтан Құнанбай аулында орталықтағы ғылым, техника жаңалықтарының да кейбірі мәлім бола бастағанда жас Шәкәрім солардың мысалы телеграф, күй аспабы – орган, сағат жүрісі құпияларын  білуге  құштар болған.

Тіршілік, жан туралы отыз шумақтық өлеңдер цикілінде:

…Радийді бұрын біліп пе ең,

Электр ұстап көріп пе ең?

Бәрінде тапқан таза ақыл

Аспанда ұшып жүріп пе ең?

Көрінбес  зат бар бірталай,

Шығады жаннан көп қуат

Спирт гипноз телепат

Пакризм мен лунатик.

Жан сезу, түскер — бәрі жат

Электрядан  не шықты

Істедің талай қызықты!

Дәл өзін көрген адам жоқ,

Шын затын оның кім ұқты?

Ісінен білдік барлығын… – деген

жолдарынан білім мен  ғылымның бағындырмайтын  биігі жоғын  меңзесе  әлі де оның қыр сырына  үңілу қажеттігін айтады.

Электродинамика, атомдық  физика тараулары  тақыраптарын өткенде  ақынның осы дүниетанымдық  толғамын  бала назарына мұғалім ұсынса бір ғасырды ұлы Абаймен аяқтаған  философ ақынды да «Шәкәрім де физик болған ба? «- деп  Абай әлеміненШәкәрім әлеміне еріксіз жетелейтіні анық.

Осы өлеңдердегі телепатия (tele — алыс + гр.pathos — сезім) – ешбір аралық адамсыз-ақ бірталай жерден сезінуден  пайда болатын  көңіл, күйі,сезім.

Гипноз (гр.- ұйқы) – адам мен жануардың  жасанды ұйқыдағы күйі, сендіру, ұйыту.

Лунатик – жүйке ауруына  ұшыраған адамның ми тежелуінен ұйқылы күйінде жүруі сияқты ғылымның әлі де құпия сырларын, түсіндірулерін қажет ететін  құбылыстарын пән аралық байланыс ретінде түсіндірме  сөздіктерден айта кеткеннің  артықшылығы жоқ. Ақынды көрнекті ғалым  Ш.Қ.Сәтбаеваның сөзімен айтқанда: «Шәкәрім қазақ  лирикасының барлық саласын  байытты, оның қай шығармасын алсақ та дүниенің  барлық көріністерін, мың алуан  құбылыстарды бүкіл болмысымен, барлық жүйке сезімімен қабылдай білген ақынның түйсігінде шек жоқ. Ол жердің сырын, желдің үнін, құстардың әнін адамның арман – қиялымен, мұңымен  бірге түсінді. Біз оның өлең ырғақтарынан  өміріміздің жан ырғағымызды таптық» – десе оның әр шығармасына  үңілу арқылы  табиғатты түсіну туралы  пәнді оқытатын  мұғалімнің  өзі де табиғатынан ақын жанды  болса, онда әрбір  балада бар көркемдік  қабілет пен сезімін оятып, оны оқушы көз алдында физикалық  тұрғыдан  тұжырымдайтыны сөзсіз.

Сонымен қорыта айтқанда әдетте қолданылатын әдістермен салыстырғанда оқу процесіне поэзияның эстетикалық элементтерін енгізу оқушылардың ассоциативтік ойлауын дамытуға жәрдемдеседі, бұл әсіресе, гуманитарлық қызығушылығы басымдау оқушылар үшін маңызды. Бұл оқушылардың қайталау оқуының қажеттілігін, бір қарағанда бір-бірінен алшақ құбылыстар арасында жаңа қатынастардың ашылытындығын, ал бұл байланыстардың жаңа ойлар мен сан алуан сезімдерді тудыра алатындығында меңзей отырып, ұстаз оқушының бұнда физикалық білімнің гуманитарлық біліммен байытылуы процесінің жүретіндігін түсінуіне жетелейді. Бұл процестің, жалпы алғанда, адам мәдениетін байытанындығын, оның ойы мен әрекетінде мәдениеттің бір-біріне біріктірілмейтіндей әр түрлі қырларының өзара астасып  жататындығын бағамдауға үйретеді.

Табиғатты ғылыми танып білу мен оны көркем түйсіну бір-бірін толықтыра байыта жүретін адам әрекетіндегі егіз процестер. Табиғат құбылыстарының физикасын білу олардың ішкі үйлесілімдігі мен әсемділігін тереңірек сезінуге жағдай жасаса, соңғысы табиғат құбылыстарын зерттеуді одан әрі жалғастыра беруге талпындыратын қосымша, әрі қуатты стимул. Ұлы физик А.Эйнштейннің «ғылыми ойлау да әрқашан поэзия элменті болуы тиіс»-деген, немесе көрнекті ақын К.Г.Паустовскийдің «Адам білімінің аясы түпсіз тұңғиық поэзияға толы» деген тұжырымдары осының дәлелі.

Міне осындай сабақтар арқылы физиканы оқыту әдістемесі жаңарып, физиканың тар кәсіптік бағыттылық, жалаң заң мен формулалар шеңберінен шығып, әлемдегі өркениет процестеріне жақындап, оқушыларымыздың рухани белсенділігін арттырудағы үлесі мол екендігін білеміз. Көтіріліп отырған мәселе тың, сондықтан оның деңгейі әлі тереңірек философиялық, ғылыми-педагогикалық және әдістемелік зерттеуді қажет етеді. Сондықтан бұл бағыттағы жұмысымды ары қарай жалғастыруды көздеп отырмын.