Зерттеушілік әрекет дарынды балалармен жұмыс жасау әдісі.

222

 

Зерттеушілік әрекет дарынды балалармен жұмыс жасау әдісі.

 

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын таныту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Дарынды балаларға білім беруді әр ғылымның бүгінгі дәрежесіне сәйкес жүргізу бір жағынан қоғамға талантты мамандар даярлауда тиімді болса, екінші жағынан қоғамға ерекше дарынды балалардың тек өзінің интеллектуалдық дамуын қамтамасыз етеді.
Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар бере білу ерекше қиын іс.

Алайда әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу-ұстаз парызы. Баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту-бүгінгі күннің басты талабы.

Дарындылық мәселесін зерттеушілердің еңбектері көп болғанымен, дарындылықтың мән-мағынасы жөнінде олар ортақ бір пікірге келе қоймады. Сондықтан да, біз баланың дарындылығы деп, оны өз құрдастарымен салыстырғанда бірдей жағдайда білім игеру деңгейінің шоғырлығымен аса ерекше байқалатын шығармашылық қабілетінің байқалуы деп түсінеміз.
Дарындылыққа педагогикалық энциклопедияда төмендегідей анықтама берілген:

«Дарындылық-белгілі бір әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам             қабілеті дамуының жоғары деңгейі».
В.Крутецский өзінің математикалық қабілеттіліктің құрылымын зерттеген еңбегінде: «Егер қабілеттіліктер деген ұғымды жеке психикалық қасиеттер деп түсінсек, онда дарындылық дегенді адамның ерекше қабілетінің жиынтығының бірлігі деуге болады»,-деп тұжырымдады.
Дарындылық ұғымымен қатар шығармашылық, талант, данышпандық ұғымдары да бар.

Шығармашылық-өзінің жаңашылдығымен, өзгешелігімен ерекшеленетін өнім алуға мүмкіндік жасайтын, жеке тұлға бойындағы қабілеттіліктің, білім мен біліктіліктің болуы.
Талант-қабілеттіліктің ең жоғары деңгейі.

Данышпандық-қоғам өмірінде тарихи маңызы бар, шығармашылықпен сипатталатын дарындылықтың жоғары деңгейі.

Бүгінгі таңда білім саласының алдында жүйелі дайындалып берген білімді, дағдылары меңгеретін шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар алатын, бір тума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру бұл әрине, оқушылардың шығармашылық әрекетін дамытудың маңызы мәселе екендігін дәлелдейді. В.В. Давидо «Жеке тұлға негізінде  шығармашылық бастау жады: жеке тұлғаның маңызы жасампаздыққа мұқтаждығына және қабілеттігіне байланысты» деп есептеген. Б,Элькони шығармашылыққа мынадай анықтама береді: «Шығармашылық-бұл ерекше тұрғыдағы жасампаздық, жаңадан жасалынған нәрсе, бұрынғы нәрселердің механикалық қайталануы емес, өзінің сопылығымен, бір тумалығымен ерекшеленетін болса, онда бұл нәрсені туғызатын шығармашылық акт туралы сөз қозғауға болады»

Дарынды балаларды анықтау-баланың дамуын таңдаумен байланысты ұзақ процесс. Осы айтылғандарды ескере отырып, дарынды балаларды анықтаудың мынадай ұстанымдары тұжырымдалды:

  1. Баланың қызығушылығы мен бейімділігіне барынша сәйкес келетін қызмет аясында баланың іс-әрекетіне талдау жүргізу.
  2. Дамытушылық ықпал ете отырып, баланың психологиялық кедергілерін жоюға мүмкіндік беретін тренингтік әдістерді пайдалану.
  3. Баланың дарындылық белгісін оның психикалық дамуының нақты деңгейінде ғана емес, сондай-ақ оның болашақтағы даму мүмкіндігін де есепке ала отырып бағалау.
  4. Жұмыс нәтижесін талдау, бақылау, әңгімелеу, мұғалімдер мен ата-аналардың сипаттамалық бағалары.
  5. Түрлі ақпарат алу көздерін пайдаланып, бала қабілеттерін кең көлемде қамтуға мүмкіндік беретін баланың мінез-құлқы мен іс-әрекетін жан-жақты бағалаудың кешенді сипаты. Білім беру жүйесінде жаңаша мазмұн беру арқылы жан-жақты дамыған шығармашыл, рухани ой-өрісі кең жеке тұлғаны тәрбиелеу міндеті тұр.

Дарынды оқушымен жұмыс істедің негізгі мақсаты-олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсат қажет  оқу бағдарламасын тереңдетіп, оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.
Дарынды оқушымен жұмыс істетін мұғалімге қойылатын педагогика-психологиялық талаптарды мынадай кезеңдерге бөлуге болады.

  1. Мұғалімнің бағыт-бағдарына байланысты талаптар:

— дарынды оқушымен жұмыстың әлеуметтік қажеттілігін сезінуі;

— оқушыны жақсы көруі және қабілеті жоғары оқушылармен жақсы қарым-қатынаста болуы;

— дарынды оқушымен жұмысқа тұрақты қызығу таныту және нәтижелі әдіс-тәсілдерді талмай іздеуі;

— дарынды оқушының ата-анасымен тығыз байланыс орнатуы;
— дарынды оқушымен жұмыс кезінде жоғары нәтижелерге жетуге ұмтылуы;

  1. Мұғалімнің біліміне қойылатын талаптар

— өзінің сабақ беретін пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейде білуі;

— қызмет нысанын, яғни бірыңғай педагогикалық үрдісті білуі;

— оқушы дарындылығын моделін білуі;

— жеке тұлға теориясын, оны қалыптастырудың әдіс-тәсілін білуі;

— дарынды оқушыны анықтаудың психодиагностикалық әдіс-тәсілін білуі;

— қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын білуі;

— дарынды оқушыны оқыту, тәрбиелеу үрдісінде үлгерімге ғана көңіл бөлмей, оның басқа көрсеткіштерімен байланысына да көңіл бөлуі;

  1. Мұғалімнің іскерлігіне қойылатын талаптар:

— дарынды оқушыны анықтау әдістерімен жұмыс жасай алуы;

— дарынды оқушыларды оқытуға арналған тереңдетілген бағдарлама құрастырып, сонымен тұрақты жұмыс жасай білуі;

— оқушы дарындылығын дамытуға қажетті зерттеу жұмыстарын жүргізе алуы;

— дарынды оқушыны зерттеуге психодиагностикалық күнделік жүргізуі;

— оқушылармен қарым-қатынасын психологиялық тұрғыдан сауатты орната білуі;

— дарынды оқушының ғылыми-ізденіс жұмыстарымен айналысуына жетекшілік етуі;

Оқушының дарындылығын анықтауда төмендегідей әдіс-тәсілдерді қолданамыз:

— баланың отбасы жағдайын зерттеу;

— шығармашылық қабілетін анықтау;

— сауалнамалар, психодиагностикалық тренингтерді өткізу;

— ата-анасымен әңгімелесу;

— пәндік олимпиадаларға, ғылыми жоба жарыстарына, пікір сайыс ойындарына қатыстыру;

Осы айтылған тұжырымдарды қорыта келе, дарынды балалардың қабілетін дамытудың келесі жолдарын іріктеп алуға болады:

  1. Сабақтар, ОҚҒ-ның жұмысы;
  2. Пәндік үйірмелер;
  3. Тіл мерекесі;
  4. Абай оқулары;
  5. Олимпиадалар;
  6. Интеллектуалдық ойындар, дебат (пікір сайыс) клубы;
  7. Ғылыми-практикалық конференция (ізденімпаздық жұмыс, зерттеу жұмысы, рефераттар қорғау, жоба қорғау);
  8. Оқушылардың білім деңгейлерін арттыру (мұражайға бару, белгілі адамдармен кездесу);
  9. Шеберлер байқауы (ақындар айтысы, шешендер сайысы, би үйірмесі, шебер қолдар үйірмесі);
  10. Оқушылардың аудандық, облыстық, республикалық шығармалар, жобалар байқауларына қатысу.

Информатика пәнінің көп жақтылығын ескере отырып, оқушыларға тек қана дәрістік тәрбие беріп қоймай, сонымен бірге сыныптан тыс немесе сабақ өту барысында әр түрлі ғылыми жаңалықтарды пайдалану арқылы білім деңгейін көтеруге болады.

Бүгінгі ақпараттық қоғамда өмір сүруге лайық жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру үшін мектепте оқылатын бойынша оқушының шығармашылық қабілетін дамытатын әртүрлі сабақтан тыс жұмыстар  ұйымдастыру қажет екені белгілі. Осындай жұмыс түрі информатика курсы бойынша жүргізілетін сабақтан тыс жұмыстардың бірі-оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру болып табылады.  Информатика пәні  бойынша  сабақтан тыс жұмыстарды зерттеуге арналған еңбектер өте аз. Бұл мәселе оқушылардың түрліше ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамытуда маңызды рөл атқарады.

Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытатын информатика пәнінен ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру әдістемесін жасау информатиканы оқыту әдістемесі теориясындағы негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін информатиканы оқыту процесінен  тыс  оқу жұмыстары ұйымдастыруы тиіс. Информатика пәнінен өткізілетін оқушылардың ғылыми зерттеу жұмысының  мазмұны мен өткізілу формасын оқытушылар қадағалауы тиіс.

Информатика пәнінен оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмыстарын бейімдеу барысында ақыл-ойды сатылап қалыптастыру теориясына сай жүргізілген жағдайда оқушылардың стандарт талаптарына қанағаттандыратын оқу жұмысына қол жеткізуге болады.

—  Оқушыларды зерттеушілікке тартатын сабақтар бірқатар белгілермен сипатталатының ескергені жөн. Олар. Проблемалық жағдайлар жасау,оқушылардың ғылыми –зерттеу әдістерін( теориялық талдау,  эксперимент) қолдануы, жаңа білім алуда немесе өтілген материалды қайталауда оқушының өзі жұмыс істеуі. Оқушылардың өз бетінше зерттеушілігін ұйымдастыру және басқару үшін, мұғалім өтуге тиісті оқу материалына алдын-ала теориялық психологиялық талдау жасау қажет.    Зерттеу жұмысын жүргізу кезінде мұғалім алға қойған мәселені анықтау үшін зерттеудің мақсатына қарай оқушыларды бағыттап отырады.

Нәтижеге жету үшін:

1/ Мақсатын анықтап алу

2/ Қандай құбылыстарға басты назар аудару керектігін дәлме-дәл белгілеп алу

3/ Салыстыру тәсілін пайдалана отырып, оқушылардың белсенділігін арттыруға жағдай туғызу

Алынған нәтижелерді талдауға және қорытындыны тұжырымдауға  тікелей де, жанама түрде де басшылық жасау. Оқушылардың зерттеушілік жүргізу біліктілігі артқан сайын, мұғалім жанама басшылыққа көңіл бөледі де, оқушылардың дербестігі мен сабаққа ынтасы арта түседі, Бұл оқушыларда зерттеушілік қызметтің қалыптасуына , дамуына ықпал етеді. Оқушының бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетеді

1/ Жауапкершілігі артады

2/ Қажет болса көзқарасын өзгертеді

3/ Өз ойын тұжырымдап қорытынды шығарады

4/Басқаларды тыңдай біледі

5/Қарым-қатынас жасауға үйретеді

6/Практикалық іс әрекетте болады

7/ Өзін-өзі бағалайды.

В.Крутецский өзінің математикалық қабілеттіліктің құрылымын зерттеген еңбегінде:

«Егер қабілеттіліктер  деген ұжымды жеке психикалық қасиеттер деп түсінсек,онда

дарындылық дегенді адамның ерекше қабілетінің жиынтығының бірлігі деуге болады»,-деп

тұжырымдады.

Дарындылық    ұғымымен қатар шығармашылық, талант, данышпандық ұғымдары да бар.

Шығармашылық өзінің жаңашылдығымен, өзгешілігімен ерекшеленетін өнім алуға мүмкіндік жасайтын,жеке тұлға бойындағы қабілеттіліктің, білім мен біліктің болуы.

Талант қабілеттіліктің жоғары деңгейі.

Данышпандық – қоғам өмірінде тарихи маңызы бар,шығармашылықпен сипатталатын дарындылық тын жоғары деңгейі.

Дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастырудағы басты міндет балалардың қабілеттері мен таланттарын жан-жақты аша түсу үшін, дарындылық тын ерекшеліктерін анықтау мен айқындау болып табылады.Дарынды балаларды анықтау-баланың дамуын таңдаумен байланысты ұзақ процесс. Осы айтылғандарды ескере отырып, дарынды балаларды анықтаудың мынадай ұстанымдары тұжырымдалады.

  1. Баланың қызығушылығымен бейімділігіне барынша сәйкес келетін қызмет аясында баланың іс әрекетіне талдау жүргізу.
  2. Дамытушылық ықпал ете отырып, баланың психологиялық кедергілерін жоюға мүмкіндік беретін тренингтік әдістерді пайдалану.
  3. Баланың дарындылық белгісін оның психикалық  дамудың нақты деңгейде  ғана емес, сондай ақ оның болашақтағы даму мүмкіндігін де есепке ала   отырып бағалау.
  4. Жұмыс нәтижесін талдау, бақылау, әңгімелеу, мұғалімдер мен ата аналардың

сипаттамалық бағалары.

  1. Түрлі ақпарат алу кездерін пайдаланып, бала қабілеттерін кең көлемде қамтуға

мүмкіндік беретін баланың мінез-құлқы мен іс-әрекетін жан-жақты бағалаудың    кешенді сипаты. Білім беру жүйесінде жаңаша мазмұн беру арқылы жан-жақты дамыған шығармашыл, рухани ой-өрісі кең жеке тұлғаны тәрбиелеу міндеті тұр.

Оқушы дарындылығының дамуы,қабілетінің ашылуы көбінесе мұғалімнің кәсіби біліктілігіне және оның тұлғалық қасиетіне байланысты екеніне айдан анық

Дарынды оқушымен жұмыс істеудің негізгі мақсаты олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыру дайындығын қалыптастыру.Ал мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдеп, оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асыру.

Дарынды оқушымен жұмыс жүйесінде мұғалім маңызы орын алады. Оқушының  болашақтағы  мамандығы,яғни кәсіби тағдыры тек қана жақсы мұғалімге байланысты.

Дарынды баланы анықтау,дамыту, оған қолдау көрсету қазіргі уақытта білім жүйесіндегі қолға алып жатқан өзекті мәселе екеніне қарамастан, еліміздегі жоғары оқу орындарында дарынды оқушылармен  жұмыс істейтін мұғалімдерді  даярлау мәселелерін  нақты қарастырмаған. Дарынды оқушыны  анықтау, дамыту және оқытуға арналған ғылыми әдістемелік   оқулықтар тапшы. Сондықтан әрбір мұғалім өзінің жинақтаған және семинарларда алған тәжірибесі деңгейінде ғана оқушымен жұмыс жасайды.

Ал бұл дарындылық дәрежесін шешуге қиындық туғызады. Сондықтан  арнайы дайындықсыз мұғалімдер дарынды оқушымен жұмыс жасаған кезде мынадай келеңсіз жағдайларға душар болады:

  • көп деген жағдайда олар дарынды оқушыға немқұрайлы қарайды және олардың ішкі дүниесіне үңіле алмайды;
  • тіпті дарынды оқушыларды жақтырмайтын да жағдайлар кездеседі,себебі олар оның беделіне қауіп төндіреді;
  • дарынды оқушының ерекшеліктерін, қажеттіліктерін және онымен жұмыс жасаудың кешенді диагностикалық әдістемелерін білмегендіктен дарынды оқушыны анықтауда төмен нәтижелер көрсетеді ;

—       Олар дарынды  оқушылармен жекелей, арнайы жұмыстар  жүргізбейді, ал жұмыс жасағанның өзінде оған тапсырма берген кезде оның қиындығының, яғни сапасына гөрі көптігіне көңіл бөлу арқылы  қателіктер  жібереді;

— дарынды оқушы дарындылығын дамытудағы ғылыми зерттеу жұмыстарының қажеттілігін сезінбейді;

— ал біліктілігі жоғары немесе арнайы дайындықтан өткен мұғалімдер өзінің мынадай қасиеттерімен ерекшеленеді;

— дарындылықты анықтау, дамыту мәселесіне ерекше көңіл бөледі және сол бағытта талмай жұмыс жасай алады;

— олар дарынды оқушыларға қосымша тереңдетілген бағдарламалар жасай алды және сол бағытта талмай жұмыс істеуіне, шығармашылық ізденістеріне қажетті кеңестер бере алады;

— жұмысқа қажетті материалдар мен тиімді әдістерді таба біледі және жұмыстың  мақсатын нақты қоя біледі;

— оқушыға дұрыс бағыт-бағдар беру арқылы оның ғылыми-зерттеу жұмысына айналысуына көркем жасай алады;

— педагогикалық үрдісті диагностикалау жұмысын жүргізе алады және оларды бір-бірімен байланыстыра алады;дарындылықты ақтауда әр түрлі психо-диагностикалық әдістемелерді, ал дамытуда оқытудың әр түрлі жаңа технологияларын тиімді қолдана біледі ;

Демек, дарынды балаларды анықтау арнайы бағдарлама мен білікті мамандардың қатысуын қажет ететін өте күрделі мәселе және дарынды балалармен жұмыс істеудегі қажетті кезең болып табылады.

Білім беру жүйесінде жаңаша мазмұн беру арқылы жан-жақты дамыған шығармашыл, рухани ой-өрісі кең жеке тұлғаны тәрбиелеу міндеті тұр, өйткені білім  мен  ғылымды көтеріп, еліміздің абройын асқақтатып, дүниеге танытатын жеке тұлғалар. Сол жеке тұлғалар бүгінгі  біз тәрбиелеп жатқан дарынды балалардан шығады. Дарынды оқушының белгілі бір нәтижеге жету қаржылық еңбек тін, шығармашылық ізденістің нәтижесінде болатыны даусыз.

Дарынды баламен жұмыс сыныпта сабақ бермеумен шектелмеуі керек. Ол жұмыс мұғалімнің қаржылы еңбегін көп уақытын, педагогикалық шеберлігін қажет етеді.

Мектеп гимназияда дарынды балалармен жұмыс істейтін, оның жұмысын бақылап, бағыт беріп отыратын педагогтардан ғылыми кеңес жұмыс жасайды.

Оқушының дарындылығын анықтауда төмендегідей әдіс-тәсілдері қолданамыз;

  • баланың отбасы жағдайын зерттеу;
  • шығармашылық қабілетін анықтау ;
  • сауалнамалар, психодиагностикалық тренингтерді өткізу;
  • ата-анасымен әңгімелесу;
  • пәндік олимпиадаларға, ғылыми жоба жарыстарына, пікір сайыс ойындарына қатыстыру;дарынды оқушыларды жан-жақты дамыту ісінде әлі күнге дейін шешілмей келе жатқан кейбір мәселелерді де ортаға салғымыз келеді.

Дарынды балаларды оқыту   мен тәрбиелеу  үшін, әлі күнге дейін базистік оқу жоспары жасалмаған. Білім беру мазмұнында да дарынды балалардың ерекшеліктері ескерілмеген. Бұл проблема оқулықтар мазмұнында да кездеседі.

Еліміздің ертеңгі болашағы ұрпақ тәрбиесіне байланысты екені баршаға белгілі.

Сондай-ақ дарынды оқушымен нәтижелі жұмыс жасайтын мұғалімнің кәсіби  «бейне»мынадай қасиеттерден тұрады;Жоғары кәсіби біліктілік, даралық қасиет, білімпаздық, ойлап табуға және ғылыми-зерттеу жұмысына қабілеттілік, кәсіби қызметін өздігінен жетілдіруге ұмтылушылық. Дарынды оқушымен жұмыс мұғалімнің өзіне, қызметіне және кәсіби біліктілігіне жаңа талаптар қояды. Тіпті оның кәсіби жетілуіне өзгеше емтихан болып табылады.

Мұғалімнің дарынды оқушымен жұмысқа дайындығының қалыптасуының мәселесі арнайы ғылыми зерттеуді қажет етеді. Ал қазіргі жағдайда республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін интелектуалдық әлеуметтілікті арттыру аса қажет.Сондықтан мұғалімдер жетілдіру арқылы және,әріптестермен тәрбие алмасу арқылы осы бағыт бойынша кәсіби деңгейді жоғарлату тиіс.

Мұндай жұмыстары оқушыларға берер тәрбиелік мәні зор.Осындай жұмыстардың орындау барысында оқушылар ізденеді,еңбектенеді,шығармашылықпен жұмыс жасауға дайындалады.

Ұлы ойшыл Плутарх кезінде былай депті: « көптеген табиғи талант дарынсыз ұстаздардың табиғи  құбылысына терең бойлай алмай» тұлпарды есекке айналдырады, құртып тынады.

Міне, ұстаз осындай келеңсіздікке жол бермеуі керек.

Әрине, атқарылған істер аз емес.

Дегенмен, әліде болса бізді ойландыратын,толғандыратын істер жетерлік. Атап айтқанда, олар білім сапасын арттыру, оқушылардың дарындылығын айқындап, біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейіне оқыту, ғылыми ізденіс қабілеттерін қалыптастыру, өйткені ХХІ ғасыр білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой-өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты, парасатты ұрпақ керек екенін бір сәттен естен шығармауымыз жөн.

Пайдаланған әдебиеттер:

 

  1. Информатика негіздері ғылыми-әдістемелік журнал  №1-2011жыл

 

  1. Мектеп директоры  республикалық ғылыми-әдістемелік журнал  2-2009жыл

 

  1. Т.С. Сыдықов, А.Е. Әбілқасымова, «Оқушылардың танымдық белсенділігін

қалыптастырудың дидактикалық негіздері» Алматы,2008 жыл,журнал

 

  1. Қазақстан мектебі «Дарынды бала ұғымы»   №12, 2006жыл

 

  1. Қазақстан мектебі «Дарынды оқушымен жұмыс» №2, 2005жыл