СТО анықтамасы және сабақ құрылымының ерекшелігі

СТО анықтамасы және сабақ құрылымының ерекшелігі

 

Қазіргі заман талабы жаңаны да, жақсыны талап етеді. Ол тек қана өндіріс саласында ғана емес, білім беру орындарында болатын жағдай. Әрқашанда адамның «көп білгені өзіне жақсы нәрсе ғой». Қашанда адамды үйретем десең де, оның көңіліне жақпаса, үйрену, үйрету сезімдерін қондыру қиынға түсетіні бізге аян. Өзімнің сабақтарымды жоспарлауға көз жүгіртсем, өз жұмыстарымда үнемі бір нәрсе жетіспейтінін сезетінмін. Сондықтан да білім сусынымен сусындату мақсатында ізденіп, әр түрлі әдебиет, журналдардан педагог-әдіскерлердің, ғалымдардың, жаңашыл мұғалімдердің еңбектерімен, мектебімізде басталған алғашқы оқыту семинарларына қатысып,  СТО жобасымен тереңірек танысып сол сұраққа жауап тапқандай болдым. Мен алдымда отырған оқушыларға сабақ қызықты болу үшін сабақ жоспарымды жаңаша тұрғыда құруым қажет болды. Бұл жұмыста СТО жобасы маған көмекке келді. Бұл жерде түрлі стратегияларды ұтымды пайдалану, оқытудың, үйретудің шығармашылық сипатын күшейте түсуіне маңызы зор екенін айта кеткім келеді. Оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беру мақсатында RWCT бағдарламасының семинарына қатысып, оқып үйреніп, өзімнің сабақтарымның әр кезеңдерінде осы стратегияларды пайдаланатын болдым. RWCT бағдарламасының стратегияларын сабақтың әр кезеңінде пайдаланудың нәтижесінде, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы, белсенділігі, ұйымшылдығы бір шама арта түсті. Күнделікті сабақта «кубизм», «эссе», «Жигсо-1», «талдау кестесі», «түртіп алу стратегиясы», «негізгі идеяны суреттеу», т.б стратегияларын пайдаланудың арқасында оқушылардың ойлау, шығармашылық, өз пікірін айта алу, жаза алуы қабілеттері жоғары деңгейге көтерілді. Ол үшін мен өз жұмысымды 3 кезеңнен тұратын үлгіде құрудан бастадым. Бұған дейін сабақтарымда басым әрекет өзімде ғана болатын. Оқушылар тек қана тақтадағыны көшіріп, сұрақ сирек қойылатын, диалогқа да сирек араласатын. Егер сызба түрінде көрсететін болсам, ол төмендегідей үлгіде болатын:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ой толғаныс
Мағынаны ашу

СТО жобасы негізінде 3 кезеңде құрылған сабақ жоспары төмендегідей мазмұнды құрайды.

 

Қызығушылықты ояту

 

 

 

 

 

СТО жобасы бойынша сабақ өткізілгенде оқушылардың белсенділігі менің белсенділігімнен жоғарылай бастағаны байқалды. Ол төмендегідей қарым-қатынас жағдайында көрінді. Оқушыларда топпен, жұппен, жеке жұмыс жүргізіледі. Сыныптағы түгел оқушылар сабаққа қатысады, қысқа уақыт ішінде көп мәлімет алады, уақыт тиімді болады.

Қазіргі уақытта білім беру жүйесіндегі өзгерістер – олардың талаптарына жылдам жауап бере алатындай икемді, шығармашыл мұғалімнің ролін көтеруде. Білім беру мазмұны жаңарып мұғалімдерге талап күшейген уақытта СТО жобасы мұғалімдердің кәсіби өсуіне жағдай туғызып, өз қабілеттері мен мүмкіндігін танып білуге көмекші болып отыр. Осы методиканың негізгі қасиеті: оқушыларға тыянақты білім беру, оның сабаққа деген қызығушылығын арттыру, ізденгіштігін, байқампаздығын дамытып, жеке тұлға дамыту деп ойлаймын.