«Бастауыш сынып оқушыларын мемлекеттік аралық бақылауға дайындау»

520

Құрметті, әріптестер!

Қазіргі кезде елімізде бастауыш сыныпты аяқтағалы отырған оқушы үшін Мемлекеттікаралық бақылау тапсыратыны бәрімізге аян.

Міне бүгінгі қозғалатын тақырыпта «Оқушыларды Мемлекеттік аралық бақылауға дайындау әдістері» деп аталады. Барлықтарыңызға белгілі болғандай 4 сынып оқушылары МАБ-ға қатысып міндетті 1 пәннен тест тапсырып өздерінің білім сапасын көрсетіп шығады.

Әлемде тестік тапсырмалар арқылы білім сапасы мен деңгейін тексеру, жоғары технологиялар қатарына жатады.

Соңғы жылдары тестік әдіс оқу білімге қатысты  барлық ұйымдарда кеңінен қолданып жүр. Тест дегеніміз не?

Тест арқылы сынауда қандай жаңалық бар? Оның сұрақтары қалай дайындалады, оны қалай өткізеді, тест арқылы сұраққа қалай дайындалу керек?

«Тест» — ағылшын сөзі, сынақ, байқау деген мағынаны білдіреді. Ең алғаш рет оқушылардың білімін тексеру үшін тестіні ағылшын педагогы Дж. Фишер 1864 жылы қолданған.

Бүгінде  тест қолдану оқытушылармен қатар оқушылар үшін де көп тиімді екенін өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Нәтижесі тікелей белгілі болады. Тестік әдіс оқушылардың білім дәрежесін анықтауда көп уақыт алмайды.

Тест —  оқушылардың білімін және дағдыларын тексеретін  құрал болып табылады.

Өткен оқу жылында мен жетекшілік ететін 4 сынып оқушылары математика  пәнінен Мемлекеттік аралық бақылауға қатысып өз білімдерін 100% сапа көрсеткішпен бағалап көрсетіп шықты.

Оқушыларды Мемлекеттік аралық бақылауға қалай дайындауға болады?

Жалпы МАБ жағдайына дайындық оқушылар арасындағы ғана емес, олардың отбасы, ата-анасы, мектепте психолог мамандар арасында, мектеппен жанұялық өзара қарым-қатынаста жүреді.

Мектептегі психологиялық қызмет мақсат-міндеттерінің бірі оқушылардың  психологиялық денсаулығын  қамтамасыз ету болып табылады. Осы мақсатта МАБ-ға психологиялық дайындық мектебімізде қыркүйек айынан бастап  жүргізіледі. Оқушылар мен ата-аналардан сауалнамалар алынып, тренингтер өткізіліп отырады.

Сонымен қатар оқушыларға сдайдта көрсетілгендей кеңестер беріліп отырылады.

В тобындағы витаминдерді қабылдау керек,

Тамақтанғанда грек жаңғағын, сүт өнімдерін, балықты, етті, көкөністі,жеміс-жидектерді қолданған дұрыс.

Дене жаттығулары да пайдалы.

Сабаққа арналған орын қандай болу керек?

Үстел үстіне сары немесе күлгін түсті суреттер мен заттар қою керек себебі ол интеллектуалдық белсенділікті артады.

Мектепте алдын ала қыркүйек айында мектепшілік жоспар құрылған болатын, сол жоспарды басшылыққа ала отырып  оқушылардың білімдерін ескеріп жеке жоспар құрдым.

-МАБ талаптары мен стандарттарына сай білім бағдарламаларын жетілдіру;

— МАБ-ға дайындық жұмыстарын жүргізу, қосымша сабақтар өткізу;

-Ата-аналар жиналысын өткізу;

-Ата-аналар мен оқушыларға түсінік жұмыстарын жүргізу;

-Психологиялық жұмыстар жүргізу;

-Апта сайын тест жұмыстарын алу,нәтижесін талдау;

-Оқушы бағасын әділ қою;

-Жауап парақтарын толтыруда икемдік дағдыларын жетілдіру жұмыстарын жүргізу,оқушыларды жаттықтыру.

Негізі тест жұмысына дайындықты осы сыныппен 3 сыныптан бастап дайындық жұмыстарын жүргізе бастаған болатынмын. Яғни 3 сыныпта оқушыларға жауап парақшасымен қалай жұмыс жасау керектігін , ондағы секторлармен қалай жұмыс жасау ережемімен толықтай таныстырып өткен болатынмын. 4 сыныпқа келгенде қыркүйек айынан бастап жауап парағымен жұмыс істей бастадық. Және де жұқмыс жасау кезінде ешқандай қиындық кездеспеді. Әр аптаның жұма күні міндетті түрде тест алып  отырдым., оқушылар да осыған дағдылана бастады. Алынған тест жұмыстарын күнделікті бағалап, қорытындысын сыныпта талдап, арнайы папкаға жинақтап апта сайын рейтингісін  шығарып оқушыларға көрсетіп отырдым. Және де әр тест сайын қай оқушының қай жерден меңгермей отырғанын анықтап 1 жұма бойы меңгерілмей отырған тапсырманы қосымша сабақта түсіндіріп отырдым. Келесі тест күні сол тапсырманы қайтадан өзгертіп алдым. Біртін-біртін күрделендіре бастадым. Тест жұмысын сынып жетекші ғана емес директордың оқу-ісінің меңгерушісі айына бір алып балалардың дайындығын тексеріп отырса, бастауыш сынып бірлестік жетекшісі 2 аптада 1 рет алып рейтингісін шығарып бірлестік жиналысында талқыланып отырды. Және де тест тапсырмаларын бастауыш сынып мұғалімдері кезектесіп құрастырып алмасып отырдық.

МАБ өткен оқу жылында математика пәнінен алынған болатын. Сол себепті де осы пән бойынша жүргізілген дайындықтар бойынша тоқталып өтсем:

Қыркүйек айында математика пәнінен алынған тест жұмыстарының қорытынды сараптамасы:

№1 тест сапа 36%, үлгерім 73%

№2 тест сапа 36%, үлгерім 75%

№3 тест сапа 48%, үлгерім 86%

№4 тест сапа 51%, үлгерім 86%

Қыркүйек айында сапаның 15 пайызға, үлгерімнің 13 пайызға өскені көрініп тұр.

Қазан  айында математика пәнінен алынған тест жұмыстарының қорытынды сараптамасы:

№1 тест сапа 55%, үлгерім 73%

№2 тест сапа 58%, үлгерім 88%

№3 тест сапа 62%, үлгерім 94%

№4 тест сапа 63%, үлгерім 100%

Қазан  айында сапаның 27 пайызға, үлгерімнің 27 пайызға өскені көрініп тұр.

Әр айда осылай қорытынды шығарылып отырылды. Қыркүйек айынан наурыз айына дейін мектеп әкімшілігінің алған тест тапсырмаларын қоспағанда барлығы 23 тест жұмысын алдым. Қыркүйек айында алғаш 36 пайызбен бастаған сынып жоғары дайындықтың нәтижесінде ақпан айында 100 пайыз сапа көрсеткішке қол жеткізді.

Мемлекеттік аралық бақылауға 15 оқушы қатысып өз білімдерін сынады. 15 оқушының 13-і –«5», 2-і –«4» деген баға алды.

МАБ-ға жүйелі дайындықтар жүргізгеннің нәтижесінде математика пәнінен сыныптың білім сапасы 58 пайыздан 80 пайызға көтерілді.

Тест жұмысына дайындалғанда мұғаліммен оқушының іс-әрекеті қандай болмақ?

Мүғалім тестіні таратып береді, керекті материалдар мен әдебиеттерді көрсетіп, бағыт-бағдар юереді.

Оқушы тестіні шешеді, өз беттерімен оқып, білімдерін жоғары деңгейге көтереді.

Жүйелі тест жұмыстарын жүргізудің нәтижесі қандай болмақ?

  1. Ынтасы, қызығушылығы артады
  2. Өзін-өзі таниды,бірін-бірі таниды
  3. Білімді өз беттерімен алудың жолдарын үйренеді
  4. Өз-өзіне сенімділігі қалыптасады
  5. Танымдық іс-әрекеті, ойлау белсенділігі, тапқырлығы, тез шешім жасау әрекеті дамиды
  6. Математика пәнінен МАБ қорытындысы бойынша сапа 100%
  7. Математика пәнінен сыныптың білім сапасы 58%-80% көтерілді.
  8. 2009-201 о.ж. “Сарыарқа дарыны” зияткерлік сайысында 1 оқушым Әбдірахман Бекзат ІІІ орын
  9. 2010-2011 о.ж. ІІ облыстық “Бастау” математикалық турнирінде 4 оқушым:

Әбдірахман Бекзат

Ерланұлы Арғын

Зарықбай Бекзат

Сулеев Нұрасыл ІІІ орын алды

«Ізденген жетер мұратқа» демекші , мұғалім келешек ұрпақ тағдырының жолбасшысы. Сондықтан қоршаған ортаға өзіндік пікірі бар саналы шешім қабылдай алатын жеке тұлға даярлауда іздене берейік, әріптестер!

Баяндама тақырыбы: «Бастауыш сынып оқушыларын мемлекеттік аралық бақылауға дайындау»

 

 

 

 

2011-2012 оқу жылы