НӘТИЖЕГЕ БАҒЫТТАЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА МЕКТЕП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ АҚПАРАТТЫҚ ҚҰЗЫРЛЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

49

Аңдатпа

 

Бұл баяндамада нәтижеге бағытталған білім беру жағдайында мектеп мұғалімдерінің ақпараттық құзырлылығын қалыптастыру және ақпараттық білімді педагогтарды меңгеру мәселесі қарастырылған.

Құзырлылық нормаларын және деңгейлері мен компоненттері арасындағы матрицалық жүйесі бойынша жұмыс жасалған.

 

 

 

Аннотация

 

В этом докладе рассмотрены проблемы, направленные на формирование информационной компетентности  учителей образовательных школ и освоение педагогами информационных навыков.

Работа выполнена в форме компетентных норм и нормативов,  а также  по матричной системе.

 

Annotate

 

This report the know ledge of computer studies by the talent teacher’s information.

The work made from competent of normal between matrix component’s system.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

 

  • Ақпараттық – білімдік ортада педагогтардың ақпараттық-коммуникациялық құзырлылығын

Қалыптастыру;

 

  1. Мектептегі мұғалімдердің ақпараттық құзырлығын қалыптастырудағы информатика пәні

мұғалімдерінің рөлі.

 

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

 

НӘТИЖЕГЕ БАҒЫТТАЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА МЕКТЕП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ АҚПАРАТТЫҚ ҚҰЗЫРЛЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

 

Қасымбекова Гүден,

Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебі

 информатика пәнінің мұғалімі

 

Қазіргі заман жылдам әрі терең өзгерістермен ерекшеленеді. Білім беру жүйесі ауқымды қоғамдық жүйенің бір саласы ретінде өмірде болып жатқан жаңалықтарды есепке ала отырып, педагогикалық инновация жүйесiн жaңартудың қажеттi факторы болып табылады. Бұл мәселеге көптеген еңбектер арнaлған мәселен, М.С.Бургин, Н.Д.Молахов, Н.И.Лaпин,          А.И.Пригожин «инновация», «инновациялық құбылыс» түcініктерінің негiзiн қарастырса,       К.Ангеловский , В.А.Сластенов , В.С.Лазерев, С.,Ц.Поляков, М.М.Поташник, бiлiм саласындағы инновациялық құбылыстардың мазмұнын анықтайды  Инновациялық өзгерiстердiң әлеуметтiк- психологиялық кедергілерi туралы В.И.Антошок, В. Г.Зазыкина,   Р.Л.Кричевский, Л.К.Маркова, Н.Р.Юсуфбекова зерттеулерiнде талдаулар жасaғaн.

Қазіргі таңда әлеуметтік жағынан қорғанған адам – ол технология ауысуына және нарық талабына сай терең білімді, әрі жан-жақты адам. Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Бiлiм беру саласында инновациялық үрдiстi жүзеге асыру мұғалiмдерден өз мінез — құлқтарын, ұстанымдарын, мүмкіндіктерін түрлендiрудi талап eтедi. Инновациялық ic — әрекет адамдардың шығармашылық жемiстi қызметiнiң бip түpi және оған мотивациялық, креативтік, технологиялық, шартты компонеттер жатады. Сонымен қоса мотивациялық компонент педагогтардың педагогикалық жаңалықтарға деген сұранысын, ол жаңалықтарды қабылдау дәрежесiн көрсететін кәсiби шығармашылық бағыттарының мазмұнын анықтайды.

Жалпы бiлiм беретiн оқу орындары білім алушыларға  ақпараттық — коммуникациялық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетiн қалыпастыру қазiргi таңда үздiксiз педагогикалық бiлiм беру жүйесiндегi ең көкейтестi мәселелердiң бiрiне айналып отыр. Қарастырылып отырған мәселе «Жаңа ақпараттық — коммуникациялық технологиялар» ұғымының пайда болуымен және бiлiм беру саласында компьютердiң қолданыла бастауымен тығыз байланысты.

Жаңа ақпараттық технологиялар дегенiмiз — бiлiм беру iсiнде ақпараттарды даярлап, оны бiлiм алушыға беру процесi. Соңғы жылдарда бiлiм беру жүйесiне енген «құзырлылық» немесе «құзiреттiлiк» ұғымы жеке қасиеттерi мен бiлiм, бiлiк, дағды, ic тәжiрибесi, түсiнiгiнің бiрлiгiн сипаттайды.

Қазiргi уақытта құзырлылықтың бiрнеше түpi бар, соның бiрi — aқпараттық  коммуникациялық құзырлылық. М.В.Лебедева мен О.Н.Шилова мұғалiмнiң ақпараттық – коммуникациялық құзырлылығын «оқу, тұрмыстық, кәсiби мiндеттердi aқпараттық және коммуникациялық технологиялардың көмегiмен шеше бiлу қабiлеттiлiгi» деп анықтайды[1].

Авторлар мақалада ақпараттық  коммуникациялық  құзырлылықты қалыптастырудың базалық, жалпы және кәсiби кезеңдерiн бөлiп көрсетiп, ақпараттық технологияларды оқу қызметiнде қолдану мен кәсіби мiндеттердi шешуде қолданудың ара жiгiн ашып көрсетедi.

Сонымен, құзырлы тұлғаның ақпараттық – коммуникациялық құзырлылығын қалыптастырудың негiзгi тәсiлдерiне мыналар жатады:

— ақпараттарды өңдеудiң компьютерлiк технологияларын теориялық  және практикалық тұрғыда оқып — үйрену;

— әр түрлi қолданыстағы бағарламалық қамтамасыздандыруды оқып — үйрену және оны оқу процесiнде қолдану мүмкiндiктерiне талдау жасау;

— ақпараттық және коммуниациялық технологияларды   оқытуда қолданудың тиiмдiлiгiн негiздей және дәлелдей бiлу.

Ақпараттық-комуникациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр. Білім беруді ақпараттандыру, білім салаларының барлық қызметіне ақпараттық технологияны енгізу және ұлттық модельді қалыптастыру Қазақстандық білім беруді сапалы деңгейге көтерудің алғы шарты.

Білім беруді ақпараттандыру жағдайында кез келген педагогқа ақпараттық білім негіздерін игерту, ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарын өзіндік білім алуға қолдану мен оның мүмкіндіктерін кәсіби қызметтеріне танымдық және дидактикалық құрал ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастыру қажет. Олай болса, бұл қоғам кез келген педагогтан өз пәнінің терең білгірі ғана болу емес, теориялық, нормативтік-құқықтық, психологиялық-педагогикалық, дидиактикалық, әдістемелік тұрғыдан сауатты және АКТ құралдарының мүмкіндіктерін жан-жақты игерген ақпараттық құзырлылығы қалыптасқан маман болуын талап етіп отыр.

Ақпараттық  білімді педагогтарға қалыптастыру келесі мәселелерге, атап айтқанда, мемлекеттік ақпараттық қоғамның саясаты мен келешегіне, білім беруді ақпараттандырудың мақсатына, АКТ құралдарының дамуына байланысты педагогтардың ақпараттық-коммуникациялық құзырлылығын қалыптастыру жүйесіне; мектептің материалдық-техникалық базасының қамтамасыз етілуіне; педагогтардың санатына; олардың біліктілікті көтеру деңгейлеріне, алған білім деңгейлері мен кәсіби шеберліктеріне және тәрбиелік міндеттердің ақпараттық қоғамның даму бағытымен өзара байланыстылығына тәуелді.

Педагог кадрлардың ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолданудағы құзырлылық нормасы адам қабілетін дамытуға негізделген білім беру реформасындағы үш амал мен алты компоненттің  қиылысуы арқылы қарастырылады:

  • Техникалық сауаттылық, білімді қалыптастыру және білім беру жүйесіндегі 6 компонент:
  • Саяси және тұжырымдама;
  • Бағдарлама және бағалау;
  • Педагогика;
  • АКТ;
  • Ұйымдастыру және басқару;
  • Мұғалімдерді кәсіби бағытта даярлау.

Құзырлылық нормаларын қалыптастыру деңгейлері мен компоненттері арасындағы матрицалық байланыс келесі кестеде берілген.

 

Құзырлылық  нормаларын қалыптастыру деңгейлері мен компоненттері арасындағы матрицалық байланыс

№1 – кесте

 

Саясат және тұжырымдама Техникалық сауаттылық (базалық дағды) Білімді тереңдету (арнайы дағды) Білімді қалыптастыру (кәсіби дағды)
Бағдарлама және бағалау

 

Педагогика

 

АКТ

 

Ұйымдастыру және басқару

 

Мұғалімдерді кәсіби бағытта даярлау

Базистік білім

 

Технологияны енгізу

 

Негізгі құралдар

 

Қарапайым сынып

 

Цифрлық сауаттылық

 

 

Білімді қолдану

 

Қиын деңгейдегі тапсырмаларды шешу

Күрделі құралдар

 

Ынтымақтасу тобы

 

Басқару және бағыттау

Ақпараттық сауаттылық пен мәдениет дағдылары

АКТ арқылы өзіндік басқару

Технологияны кеңінен қолдану

Алған білімді практика-да қолдана білу

Мұғалім үйренушінің моделі

 

 

Бастапқы кезеңде АКТ бойынша педагогтардың құзырлылық нормасы техникалық немесе компьютерлік сауаттылықтарды дамытуда электрондық оқу құралдарымен, жаттықтыру программаларымен, интернет ресурстарымен немесе қарапайым техникалық құралдармен жұмыс жасау дағдылары қарастырылады.

Білімді тереңдету амалы негізінде педагог кадрлардың біліктілігін АКТ бойынша қалыптастыру негізге алынады. Оларды кәсіби бағытта ақпараттық-коммуникациялық технологияның дидактикалық мүмкіндіктерін жан-жақты қолдану мәселелерін қарастыру ұсынылады. Сонымен бірге бұл амалдың талаптарын іске асыруда ақпараттық-коммуникациялық технология бойынша арнайы дағдыларын қалыптастыру әдістері қарастырылады. Сондықтан мұғалім оның мақсаты мен стратегиялық бағыттарын анықтау мазмұнын жан-жақты игеріп, оны кәсіби бағытына қолданатындай түсінік қалыптастыру керек. Бұл әдістер біліктілікті арттыру жүйесінің оқу-тақырыптық жоспары мен бағдарламасына өзгерістер енгізуді талап етеді. Ал білім сапасының бағасы педагогтардың АКТ-ны меңгеру білімімен сипатталады.

Қазақстан Республикасында ғылыми — техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Қоғамды ақпараттандыру – экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамуының негізгі шарттарының бірі. Осы мәселені шешудегі басты рөл білім беру ордаларына жүктеледі.

Ақпараттық мәдениетті, сауатты адам — ақпараттың қажет кезін сезіну, оны тауып алуға, бағалауға және тиімді қолдануға қабілетті, ақпарат сақталатын дәстүрлі және автоматтандырылған құралдарын пайдалана білуі керек.

Ақпараттық мәдениет дегенiмiз — адамға ақпараттық кеңістіктің қалыптасуына қатыcyғa және ол кeңicтіктe epкін бағдарлай алуға, ақпараттық өзара ic — әрекетке түсуге мүмкiндiк беретiн бiлiм деңгейi. Э.Л.Семенюктiң пiкiрi бойынша «ақпараттық мәдениет — адамның, қоғамның немесе оның бiр бөлiгiнiң ақпараттармен жұмыс iстеудiң барлық түрлерi — ақпараттарды алу, өңдеу, жинақтау және осының негiзiнде сапалы жаңа aқпаратты құру және  практикалық қолдану  бойынша жетiлу деңгейi.»[2].

Жалпы, педагог – кадрлардың ақпараттық мәдениетiн қалыптастыруда факторлардың екі тобын бөлiп көрсету қажет сияқты. Бiрiншiсi — педагогикалық бiлiм беретiн информатика пәні мұғалімдерінің ақпараттық мәдениетiн қалыптастыру:

— интернет арқылы халықаралық байланыс;

— ақпараттық- коммуникациялық технологияларды оқытудың пәндік арнайы курстары;

— дербес компьютердің болуы;

— телекоммуникациялар;

— қызығушылық;

— белгілі бір бағыттағы ақпараттық қажеттілік;

— ғылыми — зерттеу қызметі.

Екiншi тобына бiлiм беру ұйымдарындағы педагог — кадрлардың ақпараттық мәдениетiн қалыптастыру жатады:

— білім беру ұйымдарында, оқу кабинеттерінде компьютерлік базаның болуы;

-педагогикалық қызыметінде коммуникациялық  технологияларды қолдануға деген қызығушылық;

— педагогикалық жобалау;

— компьютерлік сауаттылық;

— біліктілік көтеру арнайы курстары;

— электрондық оқу — әдістемелік кешендердің болуы;

— педагогикалық қызмет пен педагогикалық процесті модернизациялау.

Менің негізгі қарастырғым келіп отырған мәселенің бiрiншiсi — мектептегі мұғалімдердің ақпараттық құзырлығын қалыптастырудағы информатика пәні мұғалімдерінің рөлі.

Мектептегі мұғалімдердің ақпараттық құзырлығын қалыптастырудағы информатика пәні мұғалімдерінің рөлі. Қазiргi таңда үздiксiз педагогикалық бiлiм беру жүйесiндегi ең көкейтестi мәселелердiң бiрiне айналып отыр. Қарастырылып отырған мәселе «Жаңа ақпараттық — коммуникациялық технологиялар» ұғымының пайда болуымен және бiлiм беру саласында компьютердiң қолданыла бастауымен тығыз байланысты.

Бүгінде білім беруді одан әрі ақпараттандырудың  кезеңі  мазмұндық тұрғыда болады және компьютерлік сауаттылықтан жеке тұлғаның ақпараттық мәдениетінің іргелі операциялық негіздеріне ауысуды білдіреді, мұнда әрбір оқушы ақпаратқа, қазіргі ақпараттық технологияларға назар салып қана қоймай, оны тиімді қолдана білуі, интернет желісін пайдалана алуы тиіс.

Алайда, ақпараттық технологияның тез жаңаруы мәселені қиындата түседі. Жағдайды жақсарту үшін білім беру технологиялары мен ақпараттық қарым-қатынастық технологияларды кіріктіру қажет, сонда педагог өзі білетін, жақсы меңгерген, бейімделген техникалық құралдарды сабақта тиімді қолданады. Қазіргі технологияларды білім жүйесіне енгізгенде, оқыту материалдарының педагогикалық мазмұндылығы мен әркімнің өзінің үйренуіне жағдай жасаудың маңызы зор. Оқыту ісінің тиімділігі мен сапасы көбінесе өздігінен оқып үйрену процесін тиімді ұйымдастыру мен пайдаланатын материалдардың сапасына тәуелді болады.

Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға жетелеп, нәтижесінде — өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашуы керек. Олай болса, олардың тұлғалық қасиеттері мен мамандық құзырлықтарына жоғары талап қойылады. Қазіргі уақытта мұғалім білім беру жүйесіндегі кез келген қайта құруларды педагогикалық процестің негізгі субъектісіне айналып отыр.

Қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалім қажет. Бір уақытта педагог, психолог және оқу-процесін ұйымдастырушы технолог бола білуі керек. Сонымен қатар оқушының шектеусіз қабілетін дамыта алатындай білім берудің әлемдік кеңістігін құруға қабілетті бола білуі шарт. Бұдан мұғалімнің мамандық шеберлігі анықталады.

Басқаша айтқанда, білім беруді ақпараттандыру процесі педагогтың дайындық деңгейі мен мамандық сапасына үлкен талап қояды. Ол мұғалімнің өзін-өзі дамуына, өзіндік білім алуына және шығармашылық түрде өздігінен қызметтерін іске асыруға мүмкіндік береді педагог мамандардың біліктілігін көтеру ақпаратттық әлемде оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың негізгі құралдарын, жаңа әдістер мен формаларды кез келген уақытта таба білуіне мүмкіндік туғызу. Мұндай жағдайда педагог мамандар өзін-өзі дамытуына және өздігінен білім алуына мүмкіндік алады. Бұл жағдайда дамытудың өзектілігі – жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие процесіне жан-жақты, әрі еркін пайдалана білуге үйрету дайындау кезеңдерінің сапалығымен анықталады.

Ал өз кезегінде, білім берудегі ақпараттық технологиялар: компьютер, телекоммуникациялық және желілік құралдар ақпараттарды қабылдаудағы әдістерді өзгертіп, әртүрлі әрекеттерге жаңа мүмкіндіктерді аша отырып, қазіргі қоғамның даму кезеңіндегі оқыту мақсатының көкейкесті және маңызды мәселелеріне қол жеткізеді. Білім берудегі ақпараттық технологиялар оқытуда қолданылатын электронды құралдар мен оларды функционалдау тәсілдерінің жиынтығын анықтайды. Білім беруде қолданылатын бағдарламалық-техникалық құралдардың классификациялық белгілері ретінде мыналарды айтуға болады:

— дидактикалық бағыт;

-бағдарламалық ұсыныс;

— техникалық ұсыныс;

— пәндік аумақта қолданылуы.

Қорыта келе, білім беру – адамға үздіксіз оқуға, білім алуға жан — жақты білім қызметін ұсынатын, ақпараттық технологияны меңгерген көпсалалы болуы керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

 

  1. Е.К.Хеннер, А.П.Шестаков. Инфармационно-коммуникационная компетентность учителя: структура, требования и система измерения. Информатика и образование; 2004; №12; 5-6 бб.
  2. Д.Ш.Матрос, Д.М. Полев, Н.Н.Мельникова. Управление качеством образования на основе новых информационных технологий; М.;2001;30-33бб

3.М.В Лебедева, О.Н.Шилова. Что такое ИКТ-компетентность студентов педагогического университета и как ее формировать. Информатика и образование; 2004; №3; 96-100 бб.

4.Информатика негіздері ғылыми-әдістемелік журнал; №1-2010 жыл