«Химия пәні мен биология пәнінің тығыз байланыстылығы –оқушының құзіреттілігін арттырады»

133

«Химия пәні мен биология пәнінің тығыз байланыстылығы –оқушының  құзіреттілігін арттырады»

 Кіріспе

Химия және биология байланыстылығы. Сабақта тиімді қолданылуы.ҰБТ нәтижесіне ықпалы.

Химия, биологиядан пәнаралық байланыста экологиялық білім және сабақ үстінде әр тақырыпты өткенде жан-жақты байланыстыра отырып білім  беру үшін  материалдарды сұрыптағанда қоршаған ортадағы болып жатқан әр түрлі құбылыстарды жалпы және жеке заңдар мен ережелер негізінде түсіндіруге бастаса, оқушыларда қоршаған орта жүйесіндегі түрлі үдерістерге танымдық көзқарас қалыптасып, ол жалпы білімнен мамандықтарына қатысты кәсіби білімге ұласады. Ал мұндай білім беру жүйесін іске асыру үшін, ең алдымен пәнаралық байланыста оқытылатын пәннің мазмұны оқытудың мақсатын, нәтижесін анықтайтындай оқу бағдарламасында көрініс табуы қажет.

Химия, биологияның тақырыптары мен олардағы материалдар бойынша

пәнаралық байланыста беруге болатын ғылыми экологиялық ұғымдар, биологиялық және химиялық ұғымдар ,экологиялық  білім оқушылардың мүмкіндігінше тиімді пайдалану негізге алынған. Оқу құралдарының мазмұны, оқытудың формалары, мұғалімнің оқытудағы іс-әрекеті мен тұлғаның оқу әрекеттерінің қабысуы негізінде оларда теориялық біліммен қатар адамгершілік, инабаттылық тәрбиесін жоғары деңгейге көтеру мақсаты жүзеге асады.

Химия және биологияны оқушыларға оқытқанда кез-келген тақырыптағы мәліметтер бір-бірімен байланысып отыратыны анық. Соның әдісін тауып, оқушыларға ұғындыру пән бойынша нәтижесін береді. ҰБТ кезіндегі жетістіктер мен нәтижелерге қол жеткізіледі.Және тақырып үнемі жаңғырып отырады. Мысалға айтар болсақ, оқушы 11 сынып табалдырығына келіп, барлығын сонау 6 сыныптан қайталап бір жылда меңгере алмай, төмен балл жинап жататыны барлығымызға аян. Ал осы кіріктірілген пән әдісін қолданып отырсақ, жақсы нәтиже берері хақ.

Жаратылыстану пәндерінен экологиялық білім беруге пәнаралық байланысты тудыра отырып, керекті қосымша әдебиеттер және күнделікті ақпарат құралдарынан алынатын мағлұматтар мен ғылыми – экологиялық материалдар жүйесі дайындалуы тиіс. Ал оқулықтан және жинақталған оқу материалдарынан оның тиімді тұстарын анықтап, таңдап алуы мұғалімнің шеберлігіне байланысты.Жаратылыстану пәндерін пәнаралық байланыс арқылы оқытудың тиімділігін арттыруда мына мәселелер даралап

алынып қарастырылады:

— пәнаралық байланыс негізінде берілетін экологиялық білімнің қажеттілігін

дәлелдеу;

— химияның немесе биологияның жаратылыстану пәндерімен байланысында қандай тақырыптарды оқыту керектігі;

— пәндер арасындағы өзара байланыс қандай бағытта жүзеге асады және қандай тақырыптарды өзара байланыстыруға болады;

— пәнаралық байланысты қандай формада және қандай әдіспен оқыту керек;

— Химияны немесе биологияны пәнаралық байланыста оқыту үдерісінде мына

міндеттер іс жүзіне асырылады:

— химияның немесе биологияның жаратылыстану пәндерімен байланысын үздіксіз қолдана отырып, экологиялық білім алуда және әр сынып деңгейіне өткенде материалдарды жаңғыртып отыру,зертханалық, сарамандық

жұмыстарға шығармашылық деңгейге көңіл бөлу;

— зертханада, өндірісте, қоршаған ортада, табиғатта және күнделікті тіршілікте байқалатын сандық, сапалық өзгерістерді бақылауда өзінің білімін қолдана білу және сол арқылы экологиялық проблемалардың мәнін түсіну

— пән бойынша алған білім жүйесін басқа пәндерде алынған білім қорымен

байланыстырып, табиғат туралы материалистік көзқарас қалыптастыру;

— ағзалармен, табиғи заттармен, оларды зерттеп-танып білуге қажетті көрнекі

және техникалық құрал –жабдықтармен жұмыс жасай білудің біліктері мен

дағдыларын қалыптастыру;

— экологиялық білім, білік, дағдыны оқу үрдісінде, өмірде, қоғамға пайдалы

еңбекте жүзеге асыра білуге үйрету;

— тұлғаның экологиялық білім, білік қалыптастырудағы шығармашылық

дербестігін қалыптастыру, табандылығын тәрбиелеу;

— тұлғаның пәнге көзқарасын, икемі мен құштарлығын пәнаралық байланыс

негізінде экологиялық білім бере отырып дамытып, болашақ мамандықтарына

бағдар беру.

Қорытынды

Химия және биология пәндері басқа да жаратылыстану пәндерімен өте

тығыз байланыста болады. Қазіргі кезде білім беру саласына қойылып отырған басты міндет – білім сапасын көтеру, компьютерлендіру, интернет, компьютерлік желі, электронды оқулық дайындау және пайдалану. Бұлардың барлығының қазіргі заман талабына сай білім алуына, білім сапасын арттыруда тигізер әсері мол. Қазіргі таңда оқытылатын пәндер оқушылардың болашағы, таңдайтын мамандығына қарай бағытталуда, яғни мақсатты білім беру ісіне ерекше мән беріле бастады. Бұл мақсатқа жету үшін оқушының өзі арқылы ойлау қабілетін дамытады. Оқушы белгілі білім жинақтайды, оны өз тұжырымына салып қорытады, қабылдайды. Ең бастысы ҰБТ таңдауында жоғары балл жинауға мүмкіндік алады. «Нені ұғындым, қалай ұғындым?»  деген сұрақтарға жауап беру арқылы өзінің жинақтаған білімін ой

елегінен өткізеді. Ендеше сабақтардағы пәнаралық байланыс мектеп материалы ретінде химия, биологияда қарастырылған барлық мәліметтерді байланыстыра оқыту оқушының бүкіл дүниесімен, табиғатпен, қоғаммен  қатынас жасауына бағыт болып саналмақ.

 

Пайдаланылған әдебиет

  1. «Биохимия пәнінен оқу-әдістемелік кешен». Ж.Қ.Әлжаппарова. Астана 2010ж
  2. «Жаратылыстану пәндерін оқытуда пәнаралық байланысты қолдану.» Нұрғалиева Б.К Ақтөбе қаласы.
  3. Бейсенова Ә.С. Қазақстанда экологиялық мәселелерді шешудегі мамандар даярлауды қажеттігінің тұжырымдамысы. /Атамекен, 1996ж., №24, 36-42 б.
  4. Нұрғазина Қ. Пәнді экологияландыру /Химия мектепте, 2005ж., №5,25-29б.
  5. Иманғалиева Б.С.Жаратылыстану пәндерін кіріктіре оқыту. ҚР Химия және биология мұғалімдерінің І Сьезі, өскемен,”Қазақстан мектебінде“,№3, 2012ж.,8-11б.
  6. Жаратылыстану Бейсебеков М.Қ,Әбілов Ж.Ә Органикалық химия (биоорганикалық химия элементтерімен): оқулык. — Алматы: Қазақ университеті, 2012. — 339 б.
  1. Кенжебаева С.С. Биотехнологиядағы казіргі эдістер: оқу кұралы. — Алматы: Қазақ университеті, 2011. — 210 б.