«Тамшыбұлақ» демалыс лагері-тамаша демалыс мекені

146

«Тамшыбұлақ» демалыс лагері-тамаша демалыс мекені

 

Жаз айлары мектеп оқушылары үшін ерекше ықыласпен  күтілетін кезең. Жазғы демалыстың мектеп оқушыларының жалпы физиологиялық, сана –сезімдік,  дүниетанымдық тұрғыдан  дамуына, жетілуіне көмегі тиері сөзсіз. Сондай-ақ,  бұл уақыт тән -тұрпаттың табиғатпен ерекше  үндестік тауып, көзқарасының қалыптасып, үйренуге ықыласы артатын тамаша мезгіл.Әйтсе де балаларды тынықтыра жүріп, шынықтыру мәселесімен  қатар, түрлі бағыттағы іс-шараларға тарту арқылы тәрбиелеу маңызды орын алады. Осыған орай, балалардың жазғы демалысын ұтымды пайдалану мақсатында  Алматы облысы, Ақсу ауданының ,Қапал ауылындағы  Ғали Орманов атындағы  орта мектеп базасынан  аудан көлемінде 300 баланың тынығуына арналған  жазғы демалыс лагері ашылды. Лагерьдің Қапалда орналасуы әрбір демалушы балаға демалыс күндерін тау бөктерінде, таза, салқын ауамен тыныстауға мол мүмкіндік береді. Қапалдың таза ауасы, қоңыр салқын жанға жайлы ауа райы, мөлдір суы мен тап-таза бұлақтары , өзендері  бала әлеміне  табиғат арқылы  әсер етуге мол мүмкіндік береді.Шоқанның, Дінмұхамет Ахметұлы  Қонаевтың  іздері қалған Қапалда  қасиеті мол «Тамшыбұлақ» суы бар. Тамшыбұлақ суы  әрбір демалушының  жанына шипа болсын, жүрегіне тазалық пен қайсарлық дарытсын деген ниетпен лагерьге «Тамшыбұлақ»  атауы берілді. Лагерь 19 шілде-16 тамыз аралығында 6 кезеңде  жұмыс жасайды. Әр кезеңде 55 баладан демалады.   «Тамшыбұлақ» лагерінің ашылуы шілде айының 25-інде  болып,оған  облыстық білім басқармасы басшының орынбасары Ж.Сүлейменова, аудан әкімі Ә.Далбағаев, аудан әкімінің орынбасары С. Қорғанбаев, аудандық білім бөлімінің басшысы А.Досмухамбетов , «Жетісу сервис» құрылыс компаниясының басшысы Ә.Оспанов , Жетісу телеарна тілшілері , Облыстық Жетісу газетінің тілшісі Алма Есенбаева  қатысты.  Осы қуанышты ресми Лагердің ашылу туралы Облыстық Жетісу газетінің № 74
« 26 » маусым  күні газетте  ««Тамшыбұлақ»  таңғажайып лагерь» тақырыбында  мақала жарияланды.
Бұл күні қатысушылар демалушы балаларға жылы лебіздерін, тілектерін білдіріп, ауыл жұртшылығы мен балаларды қуанышқа бөлентті.
Демалуға келіп жатқан балаларың  «Тамшыбұлақ» лагері тәрбиеленушілердің демалыс уақытын  тиімді  ұйымдастыру мақсатында  мына бағытта  іс-шаралар атқарады:
— салауатты өмір салты;
— өлкетану және туризм;
— азаматтық, патриоттық және құқықтық тәрбие;
— экологиялық тәрбие;
— ата-бабалар мұрасын сақтау, дәріптеу;
— біз бақытты балдырған;
Аталған бағыттар бойынша  міндеттер мен  мақсаттар белгіленіп, жұмыс жоспары құрылып, бекітілді. Лагерьдің күнделікті жұмысы жоспар бойынша  таңғы сағат 8.00-ден ертеңгілік дене шынықтыру жаттығуларын жасаудан басталып, күні бойы түрлі іс-шаралар өткізіліп , түнгі сағат 22.00-де ұйқыға жатумен аяқталады. Әр күні бекітілген маршрут  арқылы  «Тамшыбұлақ» тұма суынан ем қабылдап,  күнделікті  төрт уақыт тамақтан кейін жатар алдында  денсаулықтарын нығайту мақсатында тоқсан тоғыз ауруға  ем, ұлттық сусынымыз — қымыз ішеді. Сонымен қатар   сағат 16.00-17.00 аралығында балалар  лагерге арнайы салынған  бассейініне түсіп, күнге  қыздырынады.
Сондай –ақ, балалар лагерде демалумен қатар компьютерлерді пайдаланып, электронды оқулықтарды қолданып, ғаламтор желісіне қосылып ақпараттық ой-өрістерін дамытумен қатар ,балаларға арналған түрлі әдеби кітаптармен жабдықталған кітапханада қызықты  мәліметтер, ертегілер оқып, ой -өрістерін жетілдіруде.  Алматы облысы «Жастар саясаты орталығы» КММ филиалы-«Ақсу ауданының жастары» жетекшісі Арай Ахмет, аудандық білім бөлімінің  бас маманы  Салтанат Айтқожақызы  Қожанованың  қатысумен
6 шілде күні  Астананың 15 жылдық мерейтойына  орай   «Жасай бер, арайлы Астанам!»  тақырыбында  әдеби- музыкалық кеш  жоғары деңгейде өткізілді. Аталған шара барысында  аудандық әкімдік тарапынан балаларға  алуан түрлі сыйлықтар беріліп, тәрбиешілер алғыс хаттармен марапатталды.
Ал ағымдағы жылдың 19 шілдесінде  Нұр Отан партиясы аудандық филиялының төрағасының бірінші орынбасары Күләйхан Тұрсынбекқызы Даулетбекова  үш топ арасында  өткізілген «Толағай» эстафеталық жарыста төрелік етіп, соңында балаларды сыйлықтар, медальдармен марапаттады.
2012 жылы  Мектеп ауласында  58 шырша арнайы  отырығызылған . Оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін, ағаш өсіру жауапкершілігін арттыру, бәсекеге қабілеттілігін дамыту  мақсатында
2013-2014  оқу жылын үздік  аяқтаған балаларға әр қарағайды бекітіп беріп, маңдайшаларға үздіктердің есімдері жазылды.

Рухани демеуші республикалық ғылыми-танымдық, көпшілік «Гүлстан» журналы. Атап айтқанда үстіміздегі жылдың 18 мамыр күні  мектебіміздің  сегіз мұғалімі  Алматы қаласындағы «Гүлстан» гүлзар  бағына арнайы барып,  өсімдіктердің алуан түрлерімен танысып қайтқан болатын.  Мұндағы басты мақсат аудан әкімі Әділбек Егеубекұлы Далбағаевтың  «Туған елге туыңды тік» акциясына өз үлесімізді  қосып, туған ауылымыз, мектебімізді  көгалдандыру болатын. Мақсатымыз іске асып, «Гүлстан» республикалық ғылыми-танымдық көпшілік журналының бас редакторы   Құлжабаева Гөзел апайдың сыйға тартқан  қырық шақты бұталар мен гүлдерін мектеп ауласына отырғыздық.«Гүлстаннан» әкелінген бозкілем  өсімдігін  пайдалану арқылы  мектеп ауласына ата-ана Есімбеков Жанат пен Құмарбеков Еркіннің көмегімен елік мүсіні жасалды.
Егеменді еліміздің ұрпақтарын қашанда табиғат жанашыры болумен қатар, оның сырға толы ғажайыптарын зерделей білетін, айналысын жасыл желекпен безендіретін  елжанды болуға тәрбиелеуде «Гүлстан» гүлзар бағының көмегі ерекше екеніне көз жеткіздік. Осы қасиеттерді бала бойына сіңіру міндетін мектебіміздің тәбиеші ұстаздары  жауапкершілікпен  сезіне отырып, демалушыларды мектеп ауласына отырығызылған  гүлдердің тіршілігімен таныстырып, оларды баптау, күту туралы кеңінен дәріс беруде. Сондай-ақ,  «Гүлстанның» өсімдіктер боямақтарын бояту арқылы балалардың ана тілінде өсімдіктіктердің атауын , есте сақтау қабілеттерін, қол маторикасын дамытып, ертегілерін оқу арқылы табиғатқа деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын, жанашырлығын арттырып шығармашылыққа баулуда.  «Гүлзар» қоғамдық бірлестігінің директоры Батима апай Қабдолова 10 шілде күні  мектебімізге арнайы келіп, ұстаздармен жүздесіп келешекте атқарылатын іс-шаралар  егжей-тегжей талқыланды. 2014-2015 оқу жылының «Гүлстан» журналының әдістемелік  көмегі арқылы  ғылыми конференция, тәжірибелік семинар, мектеп ауласын, дәліздерін  көгалдандыру жұмыстары жылдық жоспарына енгізіліп, жалғасын таппақ.     Мектеп ұстаздары әр баланың болашағының жарқын  болуына аянбай қызмет жасап, жазғы демалысында үйреншікті  тіршілік қарекетінен босап, жазғы демалыстарын көңілді өткізуге күш жұмсамақ.

 
Алматы облысы Ақсу ауданы Қапал ауылы
Ғали Орманов атындағы орта мектебінің директоры, лагерь басшысы Қасымова Алима Саятқызы