«Сын тұрғысынан ойлау» модулінің әдіс-тәсілдерін практикада қолдана білуге үйрету

70

 

 «Сын тұрғысынан ойлау»  модулінің әдіс-тәсілдерін практикада қолдана білуге үйрету

Сабақтың  тақырыбы «Сын тұрғысынан ойлау»  модулінің әдіс-тәсілдерін практикада қолдана білуге үйрету

 

Мақсаты «Сын тұрғысынан ойлау»  модулінің  мақсаттарымен ,әр түрлі әдіс-тәсілдерімен,негізгі түсініктерімен танысу және оларды  практикада қолдануға бағыттау

 

Күтілетін нәтиже «Сын тұрғысынан ойлау»  модулінің әр түрлі әдіс-тәсілдері туралы біледі,оларды оқу процесінде мақсатты түрде қолданады.

 

Түйінді  идеясы Сын тұрғысынан ойлау

 

Дереккөздер Флипчарттар,маркерлер,әр түсті стикерлер,парақтар,видеороликтер

 

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері Уақыты Коучтің және коучингке қатысушылардың іс-әрекеттері

 

Сәлемдесу 2 мин Коуч тақырыппен  және оның мақсатымен таныстырады

 

Сергіту сәті (эмоционалдық көңіл-күй қалыптастыру)

 

7 мин Ойын

Сағат тілі бойынша танысу

Топқа бөліну 2 мин Конфет  үлестіру
Шақыру 10 мин Әдіс «Идеялар мен түсініктер себеті»

 

Модуль туралы сұрақтар жазылған слайд

Сұрақтар:

1) Сын тұрғысынан ойлау туралы не білесіз?

 

2) Блум таксономиясы туралы не білесіз?

 

3) Сын тұрғысынан ойлаудың қандай тәсілдерін білесіз?

 

Топта талдап, дәйексөздерді стикерге жазу және постерде бейнеленген себетке салу керек.

 

Рефлексия 3 мин Ойлау дағдыларына байланысты түйінді сөздер. Сіздің сөздеріңізден сын тұрғысынан ойлауды:    талқылау, проблемаларды шешу процесі ретінде және тиімді рефлексивті тәсіл ретінде анықталуы керек.

 

Теориялық материал 10 мин Презентация  (Сын тұрғысынан ойлаудың әр түрлі анықтамалары)

 

Топпен жұмыс 10 мин Әр топқа танысу үшін материалдар беріледі, сын тұрғысынан ойлаудың сипаттамасы туралы кластер жасау. Спикер жұмысты қорғайды. Тәсіл «Кластер-жүзім шоғы»

 

Рефлексия 2 мин «2 жұлдыз,1 тілек тәсілі» бойынша көрші топтарды бағалау

 

Сергіту сәті 2 мин Би

 

Топпен жұмыс 10 мин Өткен оқиғалар тізбегін хронологиялық тәртіппен орналастыру.Логикалық тізбек  жасау. («Шатасқан логикалық тізбек» тәсілі бойынша торт дайындау)

 

Рефлексия 10 мин Осы тәсілді сіз сабағыңызға қалай қолданар едіңіз? Сіз онан қандай нәтиже күтесіз? Бұл тәсілді қаншалықты тиімді деп ойлайсыз? Бұл тәсіл  қандай дағдылар мен икемділіктерді жетілдіруге көмектеседі?

 

Ақпараттық материал 5 мин Блум таксономиясы

 

 

Топпен жұмыс 15 мин Флипчартте тапсырма орындау.

Блум таксономиясы  бойынша берілген сұрақтарды талдаңыздар.

 

1) Сусыннан босаған ыдыстардың (баклажка) пайдасы бар ма?

 

2) осы ыдыстардан жасауға болатын бұйымдардың тізімін жазыңыз.

 

3) Осы бұйымдардың қайсысын сіз тұрмыста көбірек пайдаланасыз?

 

Рефлексия 5 мин Сұрақтар мен тапсырмаларды орындауда сізде қандай қиындықтар болды?

 

Рефлексия 10 мин «Бұрыштар тәсілі» бойынша 2 топтың бірі модульді жақтап,екіншісі даттайды,ал 3-топ тыңдай отырып таңдау жасайды.