БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ АДАМГЕРШІЛІГІ МОЛ, ТОЛЕРАНТТЫҚ ТҰЛҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

140

Тақырыбы :   БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ АДАМГЕРШІЛІГІ МОЛ,  ТОЛЕРАНТТЫҚ  ТҰЛҒАНЫ  ҚАЛЫПТАСТЫРУ

 

Тәрбие адам  тағдырын ойластырады, болжайды, алдын ала адамның рухани өмірінің көптеген негіздерін сақтайды.Тәрбие үрдісінде ғана адам рухани жетімді.Адам тіршілігіне тек материалдық жағдайлар емес, тәрбие де адамзат тіршілігінің міндетті шарты.Сол себепті философ  В.Соловьев «Адамгершілік бір адамның екінші адамға сыйлай салатын заты емес, ол өзінің тәжірибесі арқылы ғана жететін адамның ішкі жағдайы» деп адамгершіліктің құндылығына ерекше тоқталған.

Қай ғасырда болсын, ұлт өмірін өркендетуші саналы да сауатты, ұлтжанды, рухы биік, ақыл парасаты мол, мәдени – ғылыми өрісі кең, төзімді  тұлғаны қалыптастыру – қоғам алдындағы басты міндет.Халық  өзіне дейінгі қоғамда қолы жеткен тәрбиелік жақсы дәстүр атаулыны жинақтап пайдалана отырып, шынайы  адамгершілік, табандылық қасиеттерге баулып тәрбиелеуді мақсат етіп отырған. Ұрпақ бойындағы осы қасиеттерді қалыптастыру  талабы  қазіргі білім беру орындарының алдына ерекше міндеттер қоюда.Өйткені өмір сүру қаншалықты күрделі болса, алдындағы мақсатынан айнымай, жолда кездескен қиындықты өз бетімен шеше алатын, адами мінез –құлық қасиеттерін басқара алатын өмір сүруге бейімделген, тұрақты тұлғаны  тәрбиелеу оңай мәселе  емес.Бүгінгі таңда   тәрбие саласында жиі кездесетін толеранттық ұғымына тоқталатын болсақ,  қазақ ойшылдарының еңбектерінде  тікелей толеранттық ұғымы табылмағанымен, гуманизм, ізгілік, халықтық бірлік туралы идеяларының  ерекше дамуын ХХ ғасырдан байқауға болады.

« Толерант» сөзі (парсы тілінен аударғанда – төзім) деген ұғымды, яғни төзімділік,шыдамдылық, қоршаған ортадағы жағымсыз әсерлерден жоғары қабілеттілікпен шыға білу дегенді білдіреді.Төзімділік көзқарасты жеке тұлға деңгейінде табысты қалыптастыру үшін төзімді  және төзімсіз тұлға арасындағы негізгі айырмашылықтарды ажырата білу өте маңызды.Төзімділіктің белгілері: тең құқылық, өзара сыйластық, аз ұлтты халықтың салт – дәстүрлері мен тілдерін сақтау, ұлтжандылық, отансүйгіштік, ал төзімсіздіктің белгілері: біреуді қорлау, тіл тигізу,менсінбеу, елемеушілік,ұлтшылдық.

ХХІ ғасыр әлемдік жаһандану саясатында Қазақстан Республикасының мемлекеттік болмысын қалыптастыру,оның егемендігін нығайтып,ар — намыс, мінез – құлық, дүниетанымын, шыдамдылық қасиеттерін қалыптастырып,ұлттық рухани құндылықтарымыз арқылы  әлемдік өркениетке жету, білім  мен біліктілікті  жетілдіруде  халықтың асыл мұраларын пайдалану маңыздылығы артуда.

Осындай асыл қасиеттерімізді жас ұрпақ бойына, ақыл – парасатына азық ете білуге қалыптастыру жолында  класта және кластан тыс өткен  іс – шаралардың мәні өте зор.

Тәрбие жұмысындағы  басты мақсатымыз  заман талабына сай  өз Отанын сүйіп  және құрметтейтін, өзара қарым – қатынас жасай білетін, өзін – өзі жетілдіру арқылы өмірлік мақсатына жете алатын, жоғары адамгершілік қасиеттерін қастерлейтін қоғам талабына сай толенартты тұлғаны қалыптастыру.Тәрбие жұмысының  түрі, мазмұны мектептің жағдайына сай, барлық тәрбиелік іс – әрекеттер мақсатқа лайықтанып таңдалып, класс жетекшілері мен мұғалімдердің шығармашылығын дамытуға, жаңа тәрбиелік – технологияларды пайдалана білуіне жағдай туғызып, оқушылар белсенділігін, жан – жақтылығын дамытуға бағытталды.Тәрбиенің әр бағыты бойынша жас ерекшеліктеріне сәйкес тақырыптар негізгі бағдарламалармен байланыстыра жасалды.

Бастауыш кластарда төзімділікке тәрбиелеу  мақсатында «Ынтымақ түбі- береке»  атты  тәрбие сағаты  өткізілді.Сабақтың мақсаты: осы кезге дейін әртүрлі  жеке әлеуметтік ортадан келген, түрлі өмірлік тәжірибе алған және қатынастық іс – әрекетке  қалыптаспаған              20-30 баланың арасында қарым – қатынас қалыптастыру. Білімнің нәтижесі болу үшін класта жалпы негізде қарым – қатынас барысында осы қарама – қайшылықты бірлестіру. Күшпен емес, сыйластықпен, кластағы сәйкестік қарым – қатынас, төзімділікке  тәрбиелеу, ынтымақтастықты дамыту.

Ынтымақтастық негізі отбасында қаланады. Отбасы тәрбиесі қоғамдағы өзгерістермен тығыз байланысты. Отбасы – ең алғашқы тұлғаны дамытатын  әлеуметтік орта болып табылады. Отбасында баланың тұлғалық  қасиетіне ықпал ететін көптеген жағдайлар болады.Тұлғалық қасиетінің қалыптасуына  отбасы мүшелерінің қарым – қатынасындағы мейірімділік керек.Сондықтан, оқушыларды  өзара қарым – қатынас жасай білуге, басқаларға деген кешірімділік көрсете алуға, ортадағы өзара қатынаста туған қиыншылықты даусыз шешуге тәрбиелеу мақсатында «Ынтымақты отбасы», «Мен отбасыммен біргемін» тақырыптарында  байқау, сайыстар өткізілді.

Сонымен бірге 4 класта өткізілген «Менің  класым – менің ұжымым» тақырыбындағы    тәрбие сағатының мақсаты : ұжымның адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, татулық, сыйластық қарым – қатынастарын дамыту, төзімділікке,бірлікке,сыйластыққа тәрбиелеу.Сабақ барысында  оларға  класты ұжым деп айтуға болатынын, ұжым мақсаты бір, бірімін – бірі тең құқылы,сыйлы, сыйласымды адамдардың бірлестігі екендігі түсіндіріледі.Жеке адамның жақсы, төзімді, шыдамды мінез – құлқы ұжымда қалыптасады.Класс ұжымындағы балалар бір – біріне көмек беру, кластастарын ренжітпеу, көпшіл болу,кешірімді болу сияқты қасиеттерді бойларына сіңіреді. Бір – бірімен сырласады,достасады, қандай қиындық болса да біріге отырып шешеді.Бұл бағытта ұйымдастырылған ұжымдық шығармашылық  қызмет балаларды жалпы іс – әрекетке жұмылдыруға,  балалар арасындағы жеке тұлғалық шиеленістерді болғызбауға, балардың жақсы қасиеттерін  көрсетуге мүмкіндік береді.Іс – әрекетті  ұжымдық  талдау басқа адамдардың іс – әрекеттері туралы өз көзқарастарын айтуға дұрыс баға беруге үйретеді.Осы  жұмыс барысында балалар арасындағықарым – қатынас, өзара іс – әрекеттерін дұрыс үйлестіріп отыру қажет.

Жасөспірім жасында төзімділікке тәрбиелеуге ерекше назар аударылады.Осы бағыт жолдарында    әлемнің көп қырлы мәдениеті мен өз халқының мәдениетін бағалай білу және түсіну,  ана тілінің қадір – қасиетін, құдіретін түсіну, өзге ұлт өкілдерінің тіліне деген қызығушылықтарын  арттыру,  көзқарасы басқа адамдарға  шыдамдылық таныту қабілеттерін қалыптастыру мақсатында «Қазақстан  — бар ұлысқа шаңырақ»,

«Ынтымақтастық – достық кепілі», «Мемлекеттік тіл —  ұлт тірегі» тақырыптарында түрлі кештер, байқаулар, тақырыптық класс сағаттар, үйірмелер өткізілді.Кеш барысында еліміздің түрлі ұлт өкілдерінің достығы мен өзара татулығын танытатындай әртүлі тілдердегі өлеңдері оқылып, әндері шырқалды.Өлең жолдары қай тілде айтылмасын,олардың  мазмұнында берілген  елге деген сүйіспеншілік, тілек – арманның мағынасы бірдей.Өйткені олардың ұлты басқа болғанымен түп негізі – адам.Адам қай ұлттың өкілі болмасын, қай елде тұрмасын бір – бірімен адами қарым – қатынас жасау қажеттілігін ұмытпауы тиіс.Бұл халықты сыйластыққа, бірлікке, достыққа жетелейді.

Қазіргі таңда еліміздегі тұрақтылық, бейбіт өмір халықтар арасындағы өзара сыйластық пен ынтымақтастық – Қазақстанның мақтанышы. Еліміздің болашағын гүлдендіре алатын,мейірімді,сыпайы,кішіпейіл, адамгершілік қасиеті мол ұрпақ тәрбиелеу барысында «Адамгершілік – асыл қасиет» тақырыбында кеш  ұйымдастырылды. Кеш барысында оқушылар адамгершілік құндылықтары туралы өз ойларын ашық  жеткізсе, кеш соңында  достығымыз берік, сыйластығымыз ұзақ болсын деген мақсатпен бірі – біріне өз қолдарымен дайындаған сыйлықтарын ұсынды.Бұл оқушылардың   бір – біріне деген қарым – қатынасын нығайтып,, мейірімді, жанашыр,кішіпейіл, қамқор  болатындығын көрсетеді.

«Қатыгездіксіз, зорлық – зомбылықсыз балалық шақ» атты республикалық акция аясында «Азаматтар тобы» арасында  іс – шара  ұйымдастырылды.  Мектеп психологы Ахмет Манаргүл тақырыпқа сай баяндама  жасап, мектептің қоғамдық инспекторы құқық бұзушылықтың алдын алу барысындағы жұмыстармен таныстырды.Тақырып негізінде мектеп директоры ,белсенді оқушылар өз пікірлерін білдірді.Іс – шара қорытындысында тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қатысушы жас ұрпақты бір – бірімен дос болуға және қатігездікке еш уақытта бармауына, бір – біріне мейірім сыйлауға шақырды.

Бұл жұмыстардың нәтижесінде жас ұрпақ бойында байсалды тыңдай білу , өзінің басқаларға деген жеке көз қарасын әдеппен айта білу дағдылары, ізгілік, адамгершілік, имандылық, төзімділік қасиеттері дамиды. Оның шеңбері кеңейген сайын оқушылар көптеген адамдармен, құрбыларымен жеке қарым – қатынасқа түсе алады. Қандай жұмыс түрінде болсын  төзімділік қасиетті жүзеге асыру үшін адамдар арасындағы адамгершілік қарым – қатынас қолдануы тиіс.

Қорыта келгенде егемен еліміздің келешегі мен кемел білімі  ұлағатты тәрбиеге байланысты. Бүгінгі біздің алдымызда тұрған негізігі міндет: ел президенті атап көрсеткендей «Республикадағы қазіргі ұлтаралық жарасым ахуалын көздің қарашығындай сақтай білу – барлық ұлттың, әрбір азаматтың жауапты міндетін алдымен осы атамекеннің иесі – қазақ халқы өз мойынына алуы керек. Өйткені халқымыз ұлтаралық жарастықты, сыртқы дүниемен өзара тиімді ынтымақтастықты жүзеге асыра алса ғана өзінің өркениетті мемлекетіне ие бола алады» деген сөзі арқылы қазақ халқының атадан – балаға мирас болып келген рухан – имандылық қасиеттері бүгінгі жаһандандыру, заманында қазақ елі өркениетті елдер қатарында болуына негізгі тірек болары сөзсіз деп сенім артады.

Қазіргі жаһандану ғасырында бүкіл әлемді мойындата алатын ұрпақты тәрбиелеу қажеттілігі туды. Осы орайда   қазіргі заманға, болашаққа лайық, өзін – өзі дамыта алатын қоятын проблемаларды шеше алатын тұлға тәрбиелеу үшін тәрбие жұмысын жүйелі жүргізіп,  бала жүрегінен орын таба білейік.

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

 

1.Тәрбие сағаты №4 2012ж     15 – 16 бет

2.Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептердің оқушыларына арналған тәрбие  бағдарламасы

3.Сынып жетекшісі №3.2010 жыл  3 – 4 бет

  1. «Патриоттық және толеранттық қасиеттерді қалыптастыру – Қазақстандық тәрбиенің

басты бағыттары» тақырыбындағы облыстық  ғылыми – практикалық конференция

материалдары

  1. Тәрбие сағаты № 4 2012 жыл 17 – 18 бет