7 санына көбейту және бөлу

50

Сабақтың тақырыбы: 7 санына көбейту және бөлу

Сабақтың мақсаты: 7-ге көбейту және бөлу тәсілімен оқушыларды таныстыру. Есептер шығарту. 7 саны туралы ұғым беру. Таза,ұқыпты жазуға баулу. Сабаққа деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың көрнекілігі: Тақырыпқа байланысты плакаттар,киіз үйдің макеті,суреттер,кеспе қағаздар.

Сабақтың әдісі:Түсіндіру,сұрақ-жауап,ойын

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Пәнаралық байланыс: Дүниетану,ана тілі.

Сабақтың барысы:І Ұйымдастыру кезеңі

А) Оқушыларды түгелдеу

Ә)Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау

ІІ Өткен сабақты қайталау

6 санына көбейту және бөлуді ауызша сұрау

ІІІ Жаңа сабақ

 

Ж Е Т І
 7 2 9 1

санына көбейту және бөлу
Балаларға кеспе есептерді беріп тақырыпты ашу.

Жарайсыңдар балалар бүгін біз 7  санына көбейту және бөлуді өтеміз.7 саны киелі сан,тақтаға қарайық:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7 ата: әке,бала,немере,шөбере,немене,жекжат,туажат

7 күн:Дүйсенбі,сейсенбі.сәрсенбі,бейсенбі,жұма,сенбі,жексенбі

Қазақта 7 күнді былай атаған: Бүгін,ертең,бүрсігүні,арғы күні,қасиетті күн,соңғы күн,азына.

 

Балалар бүгін біз есеп шығару арқылы қымызхана ашамыз. 1-ші есепке тақтаға қараймыз:

(тақтадағы есеп арқылы түсіндіру)

7*7=7*6+7              7*7=49         49:7=7

8*7=8*6+8              8*7=56        56:7=8

9*7=9*6+9              9*7=63        63:7=9

Көбейту және бөлудің компоненттерін атату

Балалар қазір бізде 7соттық жер бар

Енді біз киіз үй бөліктерін құрастырып қымызхана ашамыз

Киіз үй неше бөліктен тұрады? (кереге,уық,шаңырақ,сықырлауық)

 

Қазір біз №2 есепті шығару арқылы кереге мен уығын жинаймыз.

 

 

а )шарты: Әкелінді-63тері

Әрқайсысына-7 тері

Тігілді-7тон

Сұрағы:Қалды-?

Шешуі:63-(7*7)=14

Жауабы:Қалғаны 14 тері

ә)шарты:Жұмсалды-2тері

Тігілді-7 құлақшын                 ?

Қалды-12

Шешуі:(2*7)+12=26
Жауабы:Барлығы 26 тері

 

Сергіту сәті: Оңға-оңға түзу тұр,

Солға –солға түзу тұр,

 

 

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым,

Жоғары –төмен қарайық,

Орнымызды табайық!

 

 

№3

8*7=56

56:7=8

56:8=7

7*8=56

 

Балалар енді біз киіз үйді безендіруіміз керек

 

керегенің сырты

9*7=63

63:7=9

63:9=7

7*9=63

 

 

Уықтың сырты

7*7=49

49:7=7

49:7=7

7*7=49

 

 

 

сықырлауық : 70*7 =490          80*7=560

7*70=490           7*80=560

490:7= 70         560:7=80

Балалар біз киіз үйді құрадық, бізге қымыз құятын ыдыстар қажет. Қане балалар атсалысайық.

№4

Торсық(қымыз құятын ыдыс)

56:7=8                                           Шөміш   56:8=7

8*7=56                                                        7*8=56

№6

 

7+21:7=10

(7+21):7=4
210:7+180=210

(22+8)*7-10=200

 

 

7*6+29=71

45+5*7=80

 

 

 

Балалар қымызханамызды ашсақ болады.оның жазуын ілейік. Ол үшін №7 есепті шығаруымыз керек.

ҚЫМЫЗХАНА

24*1=24                4*6=24

3*8 =24                   6*4=24

8*3=24                   12*2=24

 

 

Сабақты қорыту: Жарайсыңдар балалар! Енді қымызхананың бастығын таңдап алайық. Ол үшін «Кім жүйрік» ойынын ойнайық. Кім жүйріктік танытса,сол басқаратын болады. (Жүйрік алқасын тағу)

Үйге тапсырма №5

Оқушыларды бағалау.