Қысқа мерзімді сабақ жоспарының рефлексивтік есебі

286

Қысқа мерзімді сабақ жоспарының  рефлексивтік есебі

Оқыту үдерісіндегі басты элемент – сабақ, қысқа мерзімдік жоспар жасау барысында, оқушылардың ойлау қабілетін дамыту үшін қандай жұмыс түрін пайдаланатынымды ойластырдым және 7 модульді кіріктіруге негіздедім.

Негізгі мақсатым: тақырыптың  мән-мағынасын ашу. Орыс тіліндегі сөздік қоры артып, күнделікті сөйлеу жүйесінде қолдандыра білуге үйрету. Оқушылардың қиялын, шығармашылық қабілетін дамыту. Өзінің және өзгенің даралығын бағалауға баулу.

Нәтижесінде өз ойларын жеткізе біледі, бағалайды, мәтінмен жұмыс жасайды, оқиғаға өзіндік баға береді. Топта  жұмыс жасау қабілеттері қалыптасады.

Сабағымның басында оқушылардың қызығушылықтарың ояту ,түрлі ой тастау, психологиялық ахуал қалыптастыру үшін «Жылы сөздер» тренингін өткіздім. Оқушылар шаттық шеңберін құрып, бір-біріне жақсы тілек, жылы лебіздерін білдіре отыра осы күнге сәттілік тіледі.

Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығымен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсеткен болатың. Сондықтан сабағымда диалогтық оқытуды қолдану арқылы оқушылардың орыс тілі пәніне қызығушылығын арттырумен қатар білім деңгейлерінің жоғарылауына ықпал еттім. Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, сабақты әріқарай диалог арқылы жүргіздім.

Сұрақтың түрткі болу, сынақтан өткізү, қайта бағыттау түрлерін пайдалана отырып, оқушылар өткен сабақты еске түсірді, ол үшін мен «Қобдишадағы сұрақтар» жаттығуын өткіздім. Әңгімедегі кейіпкерлерді ата. Володя деген кім? Ол туралы не білдін? Автор әнгімеде қандай жылдарды көрсеткен? Мысал келтіре аласың ба? деп сынақтан өткізу сұрақтарын қойып, оқушыларға бағдар беріп отырдым осы кезде Назерке, Гүлсая, Жансая еш қиналмастан жауап берді.

Жаңа сабаққа кіріспе ретінде «жылдар сөйлейді» әдісі бойынша  Алдымен оқушыларға    жылдар жазылған қиындыларын ұсындым да  оларды тандау арқылы оқушылар үш топқа бөлінді: I топ-1937 жыл, II топ – 1948 жыл, III топ – 1986 жыл. Өтілетін тақырып жыл мен тікелей байланысты болғандықтан, осы жылдарға шолу жасау мақсатында Александердің зерттеген диалогтың бес үлгісінің бірі талқылау – ақпараттарды тарату және мәселелерді шешу мақсатында ой бөлісу / Александер 2001,2008, 51 бет/ «Жылдар сөйлейді» стратегиясы бойынша үш түрлі тапсырма бердім. Алғашқы тапсырма бойынша Мерсердің құрдастар тобындағы өзара қарым-қатынастың оқуда маңызды рөл атқаратынын ескере отырып / Мерсер,2005 29 бет /, оқушылар жұпта немесе топта жұмыс істегенде олар «оқушы – мұғалім» сұхбаты түріндегі өзара іс-қимылға қарағанда мейлінше «симметриялы» болып табылатын өзара іс-қимылға тартылады, осылайша, негізделген дәлелдерді әзірлеуде және қадағаланатын оқиғаларды сипаттауда түрлі мүмкіндіктерге ие болды, әр топ өз жылы туралы айтып берді. Ал Дианаға, Назеркеге,  Әділетке 1948, 1937, 1986 жылдар  туралы  шағын презентация жасап келіндер деген, озық тапсырма бердім, оны оқушылардың ассоциация жаттығуынан сон өздерін тексеру мақсаты мен көрсеткен болатынбыз. Бұл презентациялар оқушыларға ұнады, ол үш шапалақпен ынталандырылды. Жауаптарынан жаңа сабақтың мазмұны туындады.

Қызығушылықтарын ояту және жаңа сабақтың мазмұның айқындау мақсатында кинодан үзінді көрсеттім, қарап болғаннан кейін әңгімелесу арқылы фильм туралы пікірлерін тындадым. сабақтың тақырыбы мен мақсатын өз беттерінше анықтауды ұсындым. Сабақтың тақырыбын қиындықсыз айта білді де, мақсатың менің сұрақтарымның көмегімен кідірінкіреп барып айтты, бұрын соңды сабақта мақсатты өзім айтатынмын, оқушылар сыни ойлауға бейім екенін көрсетті және де мақсат қоя білу, қорытындылауға үйренді. Оқушылар кейіпкерлер туралы өз ойларын айтты, топтарға үлестірме ресурстарға жазылған сұрақтар таратылды, сол бойынша 1 және 2 топ арасында пікір-талас әңгіме жүргізілді, ал 3- топ Володя мен Лидия Михайловнаның ара қатынасы туралы шағын қойылым көрсетті. Осы кезде оқушылар бір-бірімен  сөйлесіп,топ болып ақылдасып,ұтқыр шешімдер айту арқылы диалогқа түсті. Балаларды диалогпен дәйектеуге, талқылауға тарту белсенді жүргізілген жағдайда олардың оқуы тиімдірек және зияткерлік жетістіктері жоғары болатының дәлеледейтін зерттеулерде көбейе түседі деген теорияны негізге ала отырып, тапсырмаларды орындау барысында оқушылар әңгіме дебатқа түсті. Пікір-таласта  оқушылар өз ойларын жеткізе білді, бір-бірімен әңгіме–дебатқа түскен кезде  маған Наргиздің «Володя ақшаға еріккеннен ойнаған жоқ, ол өз күнін өзі көрді» деген дәлелдемесі ұнады, мұнда бұрын әлсіздік білдіретін Наргиздің топқа жаны ашып өз пікірін айтқаны мені іштей танғалдырды. Бұл жұмыс түрі оқушылар  өздері жасақтаған критерийлер бойынша бағаланды, дайын үлестірме қағазға: 1) қатысымы; 2) өз ойың айта білуі 3) тәртібі, деген критерийлер жазып, өзін-өзі бағалады. «Бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігі мен тәртібін мұқият бақылауы болып табылады» (Н-57) критериалдық бағалау тапсырманы орындау барысында жүзеге асырылып отырды. Бұл әдістің тиімділігі оқушылар сабақта бірін-бірі бағалау арқылы өздерінің әлсіз және күшті жақтарын көреді, сол арқылы өзін-өзі реттейді.

Осы тапсырмадан кейін оқушыларға сергіту сәтін ұйымдастырдым (Балапан биі)

Кері байланыс қамтамасыз ету мақсатында оқушыларға  кластер стратегиясы бойынша, таныстырылым дайындау берілді, бұрынғы білетіндерін жаңа біліммен ұштастыру арқылы Володя , Лидия Михайловна,  1948 жыл  сөздерін бере отырып, жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырып кеңейте түсті. Таныстырылым дайындаған кезде топта келіспеушілік те байқалды. Топтағы жұмыста балалар бір-біріне көмектесіп, керек кезде қателерін өзгертіп жатты, кейін таныстырылымды әр топтан бір оқушы шығып, қорғады. Бұрын сабаққа араласпайтын Наргиз сурет салуда дарындылық танытты, оның Володяны салып суреттегені керемет болып шықты. Нұржан оны қорғаған да өз ойын орыс тілінде  жеткізуден қиналды, ойын қазақ тілін де айт деп мүмкіндік бердім. Топтық жұмыстар кезінде оқушылардың сыни ойлары дами түсті, бірігіп жасалынған жұмыста олар өз беттерінше талдау жасады, бірін-бірі бағалады. Өз жұмыстарың сынып алдында қорғауға алып шыққанда өздерін еркін, көңілді сезінді. Бірақ, уақытты тиімді пайдалану үшін әлдеде жұмыс керек екенін білдім. Оқушыларға әлде де өзін-өзі реттеу жұмыстарын жүргізу қажет, топтағы тәртіптеріне де көңіл бөлу қажеттігі туындады. Сондықтан, өз тәжірибемде топтық жұмыстардың түрлерін пайдаланамын деп жоспарладым. Кластерді таныстырған кезде оқушыларды алға ұмтылдыру мақсатында от шашу мен шапалақ әдістерімен ынталандырылды.  Сабақ соңында мен критериалдық бағаларын жинап алып жиынтық баға қойдым.

Оқушыларға  сабақта сеніммен қарау керегін түсіндім, мұғалім бақылаушы немесе координатор. Нәтижесінде оқушылар жауап беруден қорықпайды, бірін-бірі тындауға үйренеді, көмектеседі, дербестік танытады.  «Оқытуды басқару мен көшбасшылық» модульдін идеясын толығымен пайдалануға тырыстым, өзімнін сыныптағы рөлімді өзгерттім. Осы сабақта оқушылар белсенділік танытты, оларға берілген тапсырманы орындау түрлері ұнағандығын мен сабақты қорытындылағанда кері байланыс парақтарын талдағанда көрдім: «Маған бүгінгі сабақ өте ұнады, мен топта жұмыс барысында бірлесіп жасағанда білмейтін жерлерімді басқалардың көмегімен білдім», дейді Әділет, ал Айнұр: « Топта жұмыс жасауға үйрендім», деп жазыпты, бұл оқушы алдыңғы сабақтарда бірлесіп оқудан бас тартып, бірақ басқалардың бірлескен жұмыстарына қызыға қарайтың, «Бұрын сонды мұндай сабақ неге болмады?» деген Назеркенін сұрағы өте орынды болды, бұл сұраққа мен жауабын бердім. Оқушыларға өзімнің сабақ туралы ойымды айтып, оларға алғысымды білдірдім.

Сабақта жағымды ахуал қалыптасты, өздерін еркін ұстады, өз ойларын ұялмай айтты, бір-бірімен достық қарым-қатынаста болды. Сабақта мақсатыма  жеттім, оқушылар анализ жасауға, мақсат қоя білуге, қорытындылауға бейімделді. Тақырып бойынша өз білімдерін толықтырды, өз беттерінше жұмыс жасауға дағдыланды, бірін-бірі және өзін бақылауға үйренді. Оқушыларымның жетістіктері мені қуантты:

-оқушылардың білім денгейлері көтерілді;

-оқушылар өз беттерінше ізденді.

Бұл бағдарламаның менін шығармашылығымды, сыни ойымды дамытуына көмегі зор. Менің сабағыма қатысқан әріптестерім, қызығып, осы жобаға қатысуға ерік білдірді.

Өзімді болашақта:  сабақтарымды жоспарлағанда бағдарламадан алған теориалық және практикалық білімді пайдаланып, үздіксіз көтеріп отыру, К.Д.Ушинскийдін сөзімен айтқанда « Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға болып табылатын мұғалімнің қазіргі таңдағы ұстанымы орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген сындарлы (конструктивті) теориялық оқытуға негізделген болуы қажет. Алдағы уақытта сындарлы оқытуды мақсат ете отырып, оқушыларға өз бетінше орындай алмайтын тапсырманы орындауға мүмкіндік беремі; оқушыны тапсырманы өз бетінше орындауға мүмкіндік беретін құзыреттілікке жеткізуді мақсат ету; өзін-өзі реттеудін түрлі аспектілерін (өзін-өзі бағалау, өзін-өзі талдау, өзін-өзі түзету, өзін-өзі бақылау, өзіндік рефлексия) сабақта қамтуға тырысамын. Өздігінен реттелу тапсырмаға қызығушылықтың неғұрлым жоғары деңгеіне жеткізуіне жағдай жасаймын: әр жұмыстың критерийлерін айқындап, оқушылардың осы стандарттар мен критерийлерге сәйкестік дәрежесі туралы пайымдауларын қалыптастырамын.

Пайдаланған әдебиет

Қазақстан Республикасының білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші (негізгі) деңгей