Кембридж оқулары

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің магистранты: Сарыбев Әмзе Төреханұлы

 

Қоржынында жиналған дәріпті істер,

Ұстаздық мамандықты сүйікті іс дер.

Жанына жаңа үмітті среік еткен,

Армысыз тілегі бір әріптестер?

 

                                                                     

«Ұстаздың биігі ойлана қарасаң биіктей береді, үңіле қарасаң, тереңдей береді, қол  созсаң қарсы алдыңда, айналсаң артыңда тұрғандай», – деп Сократ айтқандай,  егеменді еліміздің алдыңғы саптағы отыз мемлекеттің қатарына қосылуға табандылықпен жылжу саясаты қоғамымыздың барлық саласын түбегейлі өзгерістерге әкеліп, жаңа талаптар қойып отыр. Сол өзгерістердің бірі білім саласында болып жатқаны баршамызға белгілі. «Қайтсек білім сапасын арттырамыз?», сонымен қатар «Егемеменді еліміздің тізгінін ұстар өскелең ұрпақты жеке тұлға ретінде адами факторларын қалай дамытамыз?» деген өзекті тақырып бүгінгі күннің басты мәселесіне айналды. Мен осы сұрақтардың аясында өз тәжірибем мен ізденістерімді саралап көрейін.

Кез келген оқыту белгілі мөлшерде адамды дамытады. Оқитын пән қаншалықты жаңа, бағалы болса да, мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болсын, мұғалім мен оқушы өз белсенділігін туғыза алмаса, берген білім  күткен нәтиже бермейді. Оқушының адам ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады. Білім берудің жаңа инновациялық стратегияларының мақсаты – заман ағымына ілесе отырып, қоғам дамуына үлес қоса алатын жеке тұлға қалыптастыру.

Әйгілі зерттеуші Л.С.Выготскийдің «Дәстүрлі оқыту — бала дамуына тек қондырғы болып, дамуға стихиялы әсер етсе, яғни, «дамудың соңында жүрсе», жаңаша оқыту — «дамытуды өзімен бірге ала жүреді» —  деген болатын. Сондықтан тек дәстүрлі оқытумен шектеліп қалмай,  мұғалім әрқашан ізденісте болып, өзіне және шәкірттеріне тиімді жақтарын қарастырып отыруы тиіс. Мәселен: Әрбір мұғалім өз сабақтарында оқушылардың шығармашылықпен айналысуына барынша тиімді жағдай жасау керек. Сонымен бірге әлемдік деңгейдегі танымал оқыту жүйесі «Диалогтық оқыту», «Сын тұрғысынан ойлауға үйрету», «Білім беруде ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану» секілді инновациялық оқыту жобаларын пайдаланғанымыз нәтижелі болмақ. Бұл сөзіме әлемдегі білім саласы дамыған Сингапур, Ұлыбритания, АҚШ секілді мемлекеттердің осы бағытты ұстана отырып, жеткен жетістіктері дәлел болмақ. Сондықтан да барша әріптестерімді Елбасымыздың өзі ұйытқы болап отырған Кембридж университеті мен Назарбаев зияткерлік мектептері бірлестігінде жүзеге асырылып отырған үш деңгейлі курстар негізінде білім жетілдіріп, сол бағытта жұмыс жасауға шақырамын.

Сонымен қатар, Білім және Ғылым министрлігінің алға тартып отырған «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында атқарылатын жұмыстар біршама. Оқушыларды ғылымға тартудың алғышарты болып табылатын еліміздің, өлкеміздің тарихи-мәдени мұраларын зерттеуді мектеп қабырғасынан бастасақ, табысқа қол жеткізеріміз анық. Біріншіден, оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын оятсақ, екіншіден, еліміздің ғылыми-мәдени дамуына елеулі үлес қосқан болар едік.

Құрметті ұстаздар! Жоғарыда аталған мәселелерді саралай келе тамыз кеңесіне:

  1. Оқушыларды ғылымға жетелеу мақсатында Мақтарал аудандық оқушылардың ғылыми қоғамын құруды ұсынамын. Сонымен қатар барша әріптестеріме оқытудың инновациялық статегияларын пайдалана отырып, жаңаша білім беруге үндеу тастаймын.

Мұғаліммін жігері жарқылдаған,

Минутым кем ой қуып шарқ ұрмаған.

Бойдағы білімімді жас ұрпаққа,

Беруде күш-қайратым сарқылмаған.

 

Мұғаліммін тыншымас білім десе,

Көз майымды тауысты түнім неше.

Мақсатым алдымдағы әр шәкірттің,

Болашағы алдымнан күлімдемсе.

Осы өлең жолдары барша әріптестерімнің ұранына айналса екен.

Рахмет!

.