Жаңаша әдіс – тәсілдерді қолдану арқылы оқушының шығармашылық қабілетін дамыту.

Жаңаша  әдіс – тәсілдерді  қолдану арқылы  оқушының 

шығармашылық  қабілетін  дамыту.

 

«Білімді  ұрпақ – болашақ  кепілі», —  демекші,  қазіргі  таңда  елдің  болашақ  азаматтарын  қалыптастыру  бағытындағы  білім  беру  мәселесі – мемлекетіміздің  басты  саясатының  бірі.  Білім  мен  ғылымның  ел  дамуына  оңтайлы  әсер  етуі  үшін  оқыту  жүйесін  заман  талабына  сай  үйлестіре  алу  міндеті  туындап,  білімге,  бүкіл  оқу – әдістемелік  жүйеге  жаңа  талаптар  қойылуда.  Сондықтан  ұстаз  іс – әрекетін  жаңа  талап  тұрғысынан  ұйымдастыру – бүгінгі  күннің  өзекті  мәселесі.

Сабақты  жаңашыл  үрдіспен  өткізу – оқушылардың  білім  сапасын  арттырып,  олардың  шығармашылық  және  ойлау  қабілеттерін  дамытып  отырады, ал  ұстаздар  үшін  кәсіби  шеберліктерінің  өсуіне  жәрдемдеседі.

Мектептің  тірегі  де,  жүрегі  де,  білімнің  тұтқасы  да —  мұғалім.  Бала  тағдыры  қолына  сеніп  тапсырылып  отырған  басты  тұлға  да  ұстаз  екені  барлығына  белгілі.

Тәуелсіз  елдің   тірегі – білімді  ұрпақ,  өркениет  біткеннің  өзегі – білім, ғылым, тәрбие  дейтін  болсақ,  осының  барлығының  бастауы – бастауыш  мектепте.

Ал  бастауыш  буынның  негізгі  міндеті – баланың  жеке  басын  бастапқы  қалыптастыруды  қамтамасыз  ету,  оның шығармашылық  және  ойлау  қабілеттерін  дамыту,  өздіктерінен  ойлана  алатын,  ізденгіш  саналы  ұрпақ  тәрбиелеу.

Шығармашылық  қабілет  әр  баланың  табиғатында  болуы  мүмкін.  Біздің  міндетіміз  оқушыға оның  бойында   көрінбей  тұрған  мүмкіншіліктерін  ашып  көрсету. Осы  міндеттерді  орындауға  мұғалімге  бірден – бір  керегі – дұрыс,  тиімді  әдіс – тәсілдерді  таңдап     пайдалану.

Бүгінгі  таңда  технологиялар  өз  қолдауларын  тауып,  оқу  үрдісіне   қолдануда.  Технология – бұл  қандай  бір  жұмысты,  өнерді шеберлікпен  іске  асыру  жиынтығы. Бастауыш  сыныптарда  сыни  тұрғыдан  ойлау  технологиясы  қолданылуға  ыңғайлы,  былайша  айтқанда  маңызымен  мәні   зор  идеяларды  игеруге  болатын  нақты  әдістер  мен  тәсілдер.

Сыни  тұрғыдан  ойлау  дегеніміз  не?

«Оқу  мен  жазу  арқылы  сын  тұрғысынан  ойлауды  дамыту»   бағдарламасы  бойынша  ол:

— шыңдалған  ойлау, кез – келген даму деңгейіне  байланысты   мәселелерге  сын  көзбен  қарау;

— күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды, жауапты шешім  қабылдауға  құштарлық;

— үйрету  мен  үйрену  бірлігінің,  үйренудің  қызығушылығынан  тұратын,  үйренушінің  сеніміне  негізделген  құрылым.

«Сыни  тұрғыдан  ойлауды  дамыту»  технологиясы  үш  кезхең  бойынша  қолданылады:

  1. Қызығушылықты ояту
  2. Мағынаны ашу

3.Ой  толғаныс

Осы  кезеңдердің  ұтымды  өткізілуі мынадай  мәселелерге  қол  жеткізеді:

Оқушылар  басқалармен  қарым – қатынас  жасай  береді;

Басқаларды  тыңдай  білуге, кезкелген жауапқа  сыйластықпен  және түсінікпен  қарауға  үйретеді;

Өз  ойын  топ  алдында  ашық  айта  алуға, қорғай  білуге  баулиды;

Керек  кезінде  өз  көзқарасын  дұрыс  өзгерте  білуге  үйретеді,  оның  дамуын  қамтамасыз  етеді;

Ең  бастысы – оқу  мотивациясы  өзгереді,  өз  бетінше  ізденуге  ұмтылады, сабаққа  қызығушылығы  артып,балалардың  белсенділігі  өте  жоғары  болады;

Мысалы: 3 сыныпта  ана  тілі  сабағында   Міржақып  Дулатовтың  «Қош  келдің, Наурыз!» тақырыбында өткен сабағымда  4  орталық  бойынша  жұмыс  жасадым.

  1. Оқу – жазу орталығы;
  2. Өнер орталығы;
  3. Бейнелеу орталығы;
  4. Жарнамалау орталығы;

Әрбір  оқушы  осы орталықтар  бойынша  өз  ойларын  ашық  жеткізді,  бірлесіп,  ұжымдасып  жұмыс  жасады, бірінің  ойын  бірі толық  тыңдады  және  толықтырып  отырды, барлық  оқушы  толық  қамтылды,  бір  оқушының  өз  бетінше  өлең  шығаруға  төселіп  қалғанын,  сөздік  қорының  мол  екендігін  көрсетсе, ал  бір  қызым  5  минуттық  эссе  жазып,  өз  ойларын  толық  жеткізе  алды, сурет  салу  бойынша  өз  ойын  жүйелі  жеткізе  білген  оқушылар  көп  болды.

Тақырыптың  жан – жақты  мағынасы  ашылып,  оқушылар  көптеген  мәліметтер  жинақтады  және  ізденіс  жұмыстарын  жасады.

Бұған  дейін  оқушы  мұғалім  мен  оқулыққа  ғана  бағынатын  болса,  енді  сыни  тұрғыдан  ойланып  өз  ойын  дәлелдей  алатын  тұлғаға  айналады.

Ал  математика  сабақтарында  «БиС»  Биоинформатика  және  Синергетика  технологиясы  карталарын  қолдану  өте  тиімді. МПМ  бұл  оқушылардың  сыныптағы  отыратын  орнына  тікелей  байланысты.

МПМ

МПМ  жұмыс  істеу  ойландырудың  тағы  бір  шартын  яғни  кеңістік  координат  бағдарламасы. Оқушыны  өз уақытында  бағалау,  оның  жетістігін   көре  білу —  бұл  оқушыға берілген  дұрыс  баға  деп  ойлаймын. МПМ – нің  жұмысының  мақсаты: оқу  процесінің  сапасын  арттыру  бұл  көңіл – күйді  біріктіру  және  хабарды  ұжымдық  жылдам  өндіру. МПМ – те  әрбір  жауап   +  —  таңбасы  арқылы  белгіленіп  отырады  және  үнемді, жылдам  жұмыс  жасауға  жол  ашады.

«Триада – Алгоритм»  картасы  бойынша  3 – ші сыныпта «5 – ке  көбейту  және  бөлу  кестесі»  тақырыбы  бойынша өткенімде  мынадай  нәтижеге  қол  жеткіздім: оқушылардың  ойлау,  есте  сақтау  жылдамдықтары  артты,  барлық  оқушы  толық  сабаққа  тартылды,  жаңа  сабақты  меңгеру

Байқау

Бекіту

Есте сақтау

кезеңдері  бойынша  оқушының  түсінбеген  жерлері  қайта – қайта  түсіндіру  арқылы  85 % -ға  жетті.Жұптық  жұмыс   түрлері  оқушының  бір – біріне  деген  сенімін  арттырып,барлығы  жақсы  баға  алуға  талпынды. Сабаққа  деген  оқушының  қызығушылығы  артты,  барлығы  сабаққа  белсене  қатысты.

Қазақ  тілі,  дүниетану  сабақтарында  қолданып  жүрген  «Таңертеңгілік  жиын», «Шаттық  шеңбері», «Топтастыру  стратегиясы»,  «Венн  диаграммасы»,  «Кубизм  стратегиясы», «Сәйкестендіру»  және  «Болжау  стратегиясы»  оқушылардың  білім  жинақтауда  жан – жақты  ашыла  түсуіне   үлкен  жол  ашады.

Елбасы Н.Назарбаевтың: «Біздің  міндетіміз —  бәсекелестікке  лайық  ұрпақ  тәрбиелеу», —  деген  пікіріне  қосыла  отырып,  саналы,  білімді  ұрпақ  тәрбиелеуде  шаршамай  еңбек  ете  білейік.