Сабақтың тәрбиелік функциясы

 

Сабақтың тәрбиелік функциясы

Елбасымыздың «Болашақта еңбек етіп, өмірсүретін, жас ұрпақты мұғалім қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан да ұстазға жүктелетін міндетте ауыр», — деген сөздері үлкен жауапкершілікті жүктейді. Бүгінгі таңда тиянақты білім беру жүйесінде оқушылардың сабақтағы  тәрбиелік мақсатын дамыту басты мәселе болып отыр.  Тәрбиелік мақсаттың негізі міндеті — өркениетті, прогресті бағыттағы азаматтық- адамгершілік қасиеті мол, сондай-ақұлттық тілін жоғалтпаған, өзге елдегі замандастарымен тең дәрежеде бәсекелесе алатын биік, өрелі, терең ұрпақты тәрбиелеу болып отыр.

Тәрбие дегеніміз- халықтың ғасырлар бойы жинақтаған , іріктеп алған озық дәстүрлерін келешек ұрпаққа сіңіру. Тәрбие- бұл тұлғаны қалыптастыруға мақсатты бағытталған үдеріс.

Жаратылыстану пәндерінің   сабақта тәрбие беруде  маңызы мен рөлі жоғары. Оқушылардың рухани байлығын кеңейтіп, өзінің қоғамдағы орнын түсінуге көмектеседі, ұрпақтың ізгі  талап-тілегін оятады. Сабақта ойын элементтерін қолдану   тәрбие функциясының негізі саласы болып саналады.Мысалы   биология сабағында  «жемістер»  тақырыбында олардың түрлері бойынша қандай өсімдіктер жататын  анықтауда  немесе  химия пәнінде заттардың химиялық қасиеттерін өрнектейтін  реакция теңдеулерін жазуда   « Домино»   ойынын қолданамын.   Рольдік ойындар биология, химия пәндері бойынша өте тиімді. Мәселен «Синтектикалық каучук»,  «Бір атомды қаныққан спирттер»,   биологияда «Экология салалары» сияқты сабақтарда берері мол.Көрнекті Нидерландық оқымыстысы Иохан Хейзинганың «Ойнаушы адам» деген дүние жүзіне кең тараған еңбегінде

«  Ойын адамзат әрекетінің жан-жақты қамтылған әдісі, адамзат тіршілігінің әмбебап категориясы ,ойын — өмір сүру тәсілі емес, бірақ адам әрекетінің құрамды негізі» және «Ақылды адам дегеніміз- ең әуелі ойнайтын адам»  деген екен.Мысалы «Жүрек, қантамырлар жүйесі» тақырыбында    рольдік ойындарды  пайдаландым.  Нәтижесі —  салауатты өмір  салтына жағымды көзқарас пен оған ұмтылу, өз денсаулығымен бірге  өзгелердің денсаулығына деген жауапкершілікке тәрбиелеу.

Ойын арқылы оқушы    нені меңгереді?

  1. Оқушылар нақты қызмет тәжірибесін меңгереді
  2. Оқушылар тек бақылаушы ғана емес  өздері қатыса отырып, қиын мәселерді шешуге үйренеді.
  3. Оқушы әрекетіне негізделген оқу көлемін басқарады.
  4. Оқу процесінде алған білімді нақты істе қолдануға мүмкіндік алады..
  5. Шешім қабылдауда аса жауапкершілікке үйренеді.
  6. Уақытты үнемдеуге үйренеді.

Тәрбиенің келесі функциясының бірі- халықтық педагогика.   Халық педагогикасын сабағымызда пайдалану- жас ұрпақты еңбекке үйрету, өнер- білімге баулу.Отбасын,  Отанын, ел-жұртын қорғауға тәрбиелеу. Халық педагогикасының бір саласы – мақал-мәтел. Мақал-мәтел — бабаларымыздың ғасырлар заманалар бойы жинаған даналығының інжу- маржаны.  Мысалы  6-сыныпта « Көгалдандыру» тақырыбында«Бір тал кессең, он тал ек», «Атаңнан мал қалғанша , тал қалсын», «Ағаштың жемісін жеймін десең түбіне балта  шаппа»  деген сөздерінде қаншама сыр бар екенін анықтауға  жұмыс жүргізіледі.   7-сыныпта «Құстар» тарауы бойынша  пайдаланылған «Аққуды атпа ,досыңды сатпа», «Д егелек келді, жаз келді, бала-шағы мәз болды»деген  мақалдарда тәрбие қайнары  жатқандай.

Халық педагогикасы  оқушыға не береді?

  1. Оқушының логикалық ойлауын дамытады.
  2. Нақты мәселелерге қолдана білу білігін арттырады.
  3. Ана тілді құрметтеуге және тіл ұстартуға үйретеді.
  4. Сөйлеу мәдениетін қалыптастырады.
  5. Іздену және зерттеу жұмыстарын жүргізуге бағыттайды.
  6. Ұлттық тәрбие алады

Нәтижесінде сабақты  ұйымдастырғанда     оқушылар іс-әрекетінің мазмұнын,  оқыту мен тәрбие мақсаттары мен міндеттерін  нақты анықтау керек :

-оқушының дүниетанымыны мен дербестік қасиеттерін қалыптастыру

-Әлемнің эстетикалық, адамгершілік қасиетін дамыту

-Жағымды сезімдік хал-ахуал қалыптастыру

-Қарым- қатынас іс-тәжірибесін байыту.

Осындай тәрбиелік талаптар орындалса,жеке тұлғаны тәрбиелеуде  білім алуға қызығушылығы оянып, қабілеттері ашылып, нәтижеге бағытталған  білімдері тұрақтанады. Бойында рухани адамгершілік  құндылықтары жинақталған , өз міндетін айқын сезіне алатын қайырымдылық, қарапайым мінез- құлқы қалыптасқан әлеммен жарыса ойлай алатын елдігіміздің мәңгілік болатына  қызмет ететін саналы ұрпақ өседі  деп сенемін.