КОМПЬЮТЕРЛІК ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫНЫҢ ОҚУ-ЗЕРТТЕУШІЛІК ҚАБІЛЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ

76

КОМПЬЮТЕРЛІК ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУ  АРҚЫЛЫ  ОҚУШЫНЫҢ ОҚУ-ЗЕРТТЕУШІЛІК ҚАБІЛЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ

«Ешбір адамға білім алу мен жетілу жай беріле салмайды немесе тек айтумен ғана іске аспайды. Оған қол жеткізуге тырысатын әрбір жан соған өз еңбегімен, өз күшімен ұмтылуы тиіс», — деп Дистерверг айтқандай, жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге жаңа көзқарас, жаңа тәсіл керек. Жаңа педагогикалық ізденістер мен идеялар қажет.Мұғалім ролін арттыратын процесс жүргізілуі тиіс.Бұрынғы педагог-мұғалімнен қазіргі кездегі оқушыларға арналған технологияларды пайдалана алатын ұйымдастырушы педагог дәрежесіне көтерілу керек. «2015 жылға қарай білім беру ұйымдарының 50 % — ы электронды оқытуды пайдаланып, 2020 жылға қарай оның саны 90 % — ға дейін артады» («Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы) деген Елбасымыздың бастамасы біз  оқытып жатқан еліміздің болашағы,шәкірттерге, білім беруде алар орны ерекше. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін компьютерлендіру — еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі ХХІ ғасыр – білім беру жүйесін компьютерлік ақпараттандыру ғасыры екені бесенеден белгілі. Біздің мектебімізде  аталған мәселелердің шешімін табу үшін біршама жағдайлар жасалып, оқу – материалдық базасы компьютерлермен, электронды оқулықтармен, әр түрлі техникалық құралдармен, сонымен қатар, интерактивті тақталармен толықтырылған.

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, өзім де сабақ барысында қазақ тілі мен компьютерді, электронды оқу бағдарламалары мен әр түрлі жаңа педагогикалық технология мәселелерін интерактивті тақтамен байланыстырып оқыту әдісіне үнемі көңіл бөліп, күнделікті оқушымен жұмыс барысында пайдалану жолдарын қарастырып жүрмін.

Бұл үшін компьютермен оқытудың мынадай мүмкіндіктерін пайдалана алсақ, аталған мәселелер шешімін табады деп ойлаймын:

  • сабақ барысында компьютерлік мүмкіндіктерді пайдаланып, слайдқа түсіру;
  • интерактивті тақтамен жұмыс жүргізу;
  • сөздік жұмыстарын компьютерге микрафон арқылы жаздырып, тыңдалым қабілеттерін арттыру;
  • мәнерлеп оқу дискілерін пайдалана отырып, диктор даусымен өлеңдерді тыңдату;
  • арнайы дайындалған электронды оқулықтар арқылы өтілетін тақырып төңірегінде оқушыға жан-жақты білім беру;
  • әр түрлі тесттік тапсырмалар мен басқа да компьютерлік нұсқадағы тапсырмаларды өз бетінше ойлана отырып, шешімін табуға мүмкіндік беру т.б.

Соңғы кезде оқушылар сабақта жай ғана тыңдаушы рөлінде отырғысы келмейді, оларды мұғалімнің айтқандарын, дайын мағлұматтарды жазып алу қызықтырмайды. Олар материалдармен танысу кезінде өздерінің жеке жұмыс істеп, ойлау қабілеттерін де көрсете алатын, ізденісте болғанын жүзеге асыра алатын оқытудың жаңа түрлерін күтеді. Сол себепті де әр сабақта  мұғалім  өзі ізденіп, балаларды жалықтырмайтындай  іс-шара жасай отырып, оларды да ізденушілікке , зерттеушілікке ұмтылдыру басты міндет. Өйткені  ізденбей тек қана дайын  мағлұматты  ғана пайдаланатын оқушының білімі тек жаттанды түрде болуы мүмкін.                                                                       Білім беру ісінде ақпараттық технологиялардың оқытудың дифференциалдық және жеке адамға бағытталған түрлерін жүзеге асыра алатын мүмкіндіктері бар. Мұғалім сабақта әрбір балаға дараланған схема бойынша тиянақты түрде талдауға қол жеткізетін жаңа мәліметтермен жеке жұмыс істеу мүмкіндігін бере алады.Мұғалім компьютер желісі арқылы әрбір оқушымен тығыз байланыста болғандықтан, ол оқытуға тиянақты түрде көңіл бөліп, әрбір баланың жеке деңгейін анықтап, оларға жеке шаралар қолдануына да мүмкіндік болады.Қазіргі кезде жаңа ақпараттық технологиялар енгізу оқушылардың мүмкіндіктері мен талаптарын компьютер арқылы жүзеге асыруды жылдамдатып, болашаққа қарай екпінді қадам жасатып отыр. Ол үшін бүгінгі күні сабақ берудің жаңа тәсілдерін жасау бағытында жақсы жұмыс істеу қажет, олар оқушылардың білім деңгейін, шығармашылық қабілеттерін арттырып, компьютерді де тез игеруге жағдай  жасап отыр.                                                                                                        Мен өз тәжірибемде  оқытуда компь ютерлік технология әдістерін қолдана отырып құрылған Ахмет Байтұрсынов  тарауы бойынша жасалған  электронды  жинағымды  ұсынып отырмын. ( 1сурет)

Жинақ «Ахметтану»» модулі бойынша «хронология», «Қазақ  тілбілімінің негізін қалаушы», «аудармалары», «түркітану», «әдебиеттану», «әдебиеттанытқыш», «шығармалары», «ғалымның жарық көрген еңбектері», «мерзімді басылымдарда жарық көрген мақалалары», «Ахмет атаның туыстары»,  «фотосуреттер», «мұражайы», « Ахмет байтұрсынов атындағы марапаттаулар», «өзіңді өзің тексер»,  «интеллектуалдық ойын»   мазмұнында  берілген.    Берілген оқу материалдары, фото бейнелер,ойын ережелері, тапсырмалар мультимедиалық анимациялардың және бейнетізбектердің көмегімен       түсіндіріледі.  Оқушылар 16 түсініктемені қажетті оқу материалдарын толық оқып-меңгергенше бірнеше рет қайталап  қарап көре  алады. Мұнда оқушылар Ахмет байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығын, оның отбасы,туыстары жөнінде таныса алады. Сондай ақ  бірнеше өлеңін оқып,оны жаттауға мүмкіндік бар.  Сонымен бірге  Ахмет байтұрсыновтың мұражайы бойынша мағлұматтар ала отырып, фото суреттер арқылы  мұражайға саяхат жасауға, онда сақталған құнды мұрағаттармен танысуға   болады..(2-сурет)  Берілген тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар алған білімдерін өздері бағалай алады.
Бұл жинақ  оқушыларға мектепте қазақ әдебиеті сабағында немесе үйде өз бетінше жұмыс істеу үшін пайдалануға ұсынылады.

Бүкіл әлемде мектепте компьютерлер пайдалану тәжірибесі мынадай болжам айтқан: компьютер, біріншіден, оқушыға қарындаш немесе қалам құралы ретінде қолданылса, ал екіншіден, оқыту процесінде көрінбейтін ақпараттық процестер арқылы оқушының қызығушылығын туғызатын құрал ретінде қолдануға   болады. Қазіргі кездегі компьютерлік технологияның білім беру жүйесін дамыту ісіне берері ұшан теңіз. Кезінде К. Д. Ушинский: «Бала табиғаты көрнекілікті қажет етеді», — деген болатын. Көрнекілік схемалар, кестелер немесе суреттермен шектеліп қала алмайды, олар қозғалыссыз, статистикалық түрде тұр.  Сол себепті де балаларға  бұл жинақ бойынша жұмыс жасата отырып, оларды ізденушіліке ұмтылдырамыз. Яғни балаларға тапсырма бере отырып  жинақтың бір тарауын оқушылардың көмегімен толықтыруға болады. Ойткені бұл сандық білім беру ресурсы ретінде  электронды оқулықтан  ерекшелігі  балалардың жинақтаған материалдарымен  үнемі  толықтырып отыруға мүмкіндік береді.  Сонымен бірге Ахмет шығармаларына деген оқуылардың қызығушылығын арттырады. Ол үшін төмендегідей   жұмыстар атқарылуы тиіс.

—  Оқушылар арасында  «Ахмет оқуларын» өткізіп, «ең үздік» танылғандарының  өлеңдерін  аудио жазу арқылы жинаққа енгізу.

—  Ахмет Байтұрсыновқа арналған «фото- шежіре»  буклеттер байқауын  жариялау, сол арқылы жинақта жоқ  фотосуреттерді  енгізу

— Ахмет ата мысалдарынан қойылым әзірлеу және  бейне ролик жасау.

-Ахмет Байтұрсынов мұрасы бойынша  сөзжұмбақтар, ойын тапсырмалар немесе тестік     тапсырмалар құрғызу. т.б  Сонымен бірге  осы  Ахмет Байтұрсыновқа арналған тарау бойынша барлық материалдарды  толықтырып жинақтау жұмысын аяқтағаннан кейін, бұл жинақты интернет желісінде тарату. Бұл балалардың   өз жұмыстарының  басқаларға да пайдасы тигенін , оны біреулердің  өз қажеттіктеріне жаратқанын көрген кезде, басқа да   ақын жазушылар туралы мағлұматтарды іздеп, жинақтауына септігін тигізеді.   Мұндай жинақтың балалар арқылы  бірнеше ақын жазушыларға арнап жинақтаса әрі қарай балалар осындай  жұмысқа тез бейімделіп кететіндіктерін байқауға болады.  Бұл балаларға  өз білімдерін  толықтырып отыруға  септігін тигізбесе кері әсерін тигізбейді.

 

Қорыта келгенде  Ахмет Байтұрсынов шығармашылығын компьютерлік технологиялар арқылы оқыту  оқушылардың білім алуға деген қызығушылығын артыру мен қатар оларды өз бетімен ізденуге де  ұмтылдырады. Біз бұл жұмысымыз  арқылы  Ахмет Байтұрсынов атамыздың  140жылдық мерей тойына  өз  үлесімізді қосқанымыз деп білемін.