Тәртіп бұзған оқушы жазалана ма?

79

Тәртіп бұзған оқушы жазалана ма?

Баяндама.

Атырау қаласы. Жалпы білім беретін № 6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Бактыгожина Альфина Сагадатовна

Адамдардың қоғамдағы мінез-құлқы белгілі бір ережелерге бағындырылады. Қоғам мүшелерінің белгілі бір ережелерге бағынылуы тәртіп деп аталады. Мектеп тәртібі осы қоғам адамдары арасындағы қатынасты білдіреді. Мектеп төртібі біздің қоғамымыздың жағдайында қоғамда қалыптасып отырған қатынастардан ешбір ерекшеленбейді. Тәртіптің негізгі қасиеттері: жауаптылық, саналылық -мектеп тәрбие жұмысының бағытын, мазмұны мен методика әдістемесін анықтап береді. Тәртіп — мақсат, әрі ойдағыдай тәрбиелеу мен оқытудың қажетті құралы және барлық оқу тәрбие процесінің нәтижесі. Тәртіп пен жауапкершілік сезім болмайынша оқуға дұрыс көзқарас тәрбиелеуге, сабақта үйге берілген тапсырмаларды орындау кезінде тәртіп сақтауға үйре-туге болмайды. Жауапкершілік сезімді арттыру бұл оқу-тәрбие жұмысына керекті жағдайлар жасау болып табылады. Тәрбие жұмысында дұрыс бағыт ұстау үшін, мұғалім мектеп төртібінің ерекшеліктерін біліп қана қоймай біздің қоғамымызда қандай адамды толық мәнінде тәртіпті адам деп атауға болатындығы жайлы да түсінігі болуға тиіс. А.С.Макаренко: кімді-кім әрқашан неғұрлым қоғамға пайдалы мінез-құлық көрсете алса, сол адам ғана біздің қоғамымызда тәртіпті адам деп саналады деп жазды.
Балалар өмірін ұйымдастыруда жеке басының тәртібін:
1) Оқушылармен мұғалімнің арақатынасы.
2) Салдыр-салақтың пен тәртіпсіздікке

  1. IV) Күн тәртібінің дұрыс құрылмауы.
    Мұғалім саналы тәртіпке тәрбиелеудегі өзінің рөлі мен дәрежесін жақсы ұғынуы шарт. Егер мұғалімнің жұмыс жүйесі өзінің белсенділігіне және оқушылардың үнсіз тіл алуына негізделген болса, ондай жүйенің, көмегімен саналы тәртіпті тәрбиелеу мүмкін емес. Адамның тәртіптілігінің аса маңызды белгісі — бұл онда ұйымдасқан мінез-құлықтың берік дағдылары мен әрекеттерінің болуы. Олар оқыту мен түрліше қоғамдық пайдалы еңбек процесінде қалыптасады.
    Тәртіпті күшейтуге оқу процесін дұрыс ұйымдастыру, сабақта оқушылардың қолы бос болмауы және белсенділігі, танымдық ықылас, оқу жұмысына әуестік айтарлықтай болады. Тәртіпсіздік — сабақты жаман ұйымдастырғандық.
    Талап қою тәртіптілікті қалыптастырудық негізін салады. Мектеп оқушыларынан күн тәртібін, мінез-құлық мәдениетінің қарапайым ережелерін сақтауға, оқу міндеттеріне деген жауапкершілік талап етіледі. Талап ең алдымен ұнамды іс-әрекет ұйымдастыруға және соған стимул жасауға бағытталды. Солардың көмегімен балалардың іс-әрекетін басқаруға болады. Кейде қойылған талап тәртіпсіздік әрекеттерді тежеуге немесе үнамсыз қылықтарды болдырмауға көмектеседі.
    Талап: өтіну, кеңес беру, мақұлдау, сөгу, аңғарту, ескерту, тәрбиелік қызмет атқарып, тиісті педагогикалық ықпал жасайды.
    Талап қоюды жүзеге асыруда, мұғалімнің психологиялық жағдайы, жинақылығы, өзіне сенімділігі белсенді де батыл әрекетке әзір екендігі, қиын жағдайлардағы сабырлығын сақтау маңызды болып табылады. Тәрбиешінің мұндай қасиеттерін оқушылар жоғары бағалайды және оның талаптарын ықыласпен орындайды. Ал педагогтар педагогикалық әдепті бұзса, қойған мақсатына жете алмайды: олардың талаптарын оқушылар селқос орындайды немесе мүлде орындамайды.
    Мінез-құлық нормалары мен ережелерін түсіндіргенде тәртіптің әрбір талабын көп сөзбен, ұзақ түсіндіріп жатпау керек. Олардың көбі үлкендерге еліктеудің беделін мойындатудық нәтижесінде орындалып жатады. Маңызды нерсе нормалар мен ережелер әдетке сеніп, ішкі қажеттілікке айналу керек.

Тәртіпті оқушы адамға сезімталдықпен қарайды, қоғамдағы қабылданған моральдық нормаларды сақтайды. Сондықтан да оны мінез-құлық мәдениетіне үйрету оқай. Ерке де салдыр-салақ балаға оны үйрету қиын.
Балаларды жас кезінен- ақ жақсы әдет-қылыққа дағдыландыру оларды адамдарға жақсылық жасауға үйрету, үй тұрмысындағы жоғары мәдениетке деген сүйіспеншілік дарыту өте маңызды.. Мектеп пен отбасы алдына балаларға тек үнемі дағдыны сіңіру ғана емес, сонымен бірге олардың жаман әдеттерін жою міндеттері қойылады.

Қазіргімектептердемұғалім мен оқушылар арасындағы қатынастың демократиялануы мен адамгершілікке негізделуі кезінде жазалауды қолдану мәселесі шиеленісуде. Жазалаудегеніміз педагогикалық ықпал ету әдісі, ол жағымсы әрекеттерді алды      алып, оларды тежеуі қажет, өзінің, жолдас-тары мен басқа адамдар алдындағы кінәсін түсінуге шақыруы тиіс.

Жазалау – жағымсыз мінез-құлқы мен іс-әрекетінің теріс екендігін балаға үғындыру және істеген теріс ісіне қынжылту. Мұғалім мектептегі жазалау шарасына өтесақтықпен қарауы тиіс. Оған қойылатын талаптар:

  • жазаны талап қою әдісімен ұштастыру;
  • жазаның кек алу, баланың жеке басының адамгершілік қасиетін кеміту, намысын қорлау, жәбірлеу түрінде болмауы;
  • жазаның әділдігі, әділетсіз жазабалаларды тәрбиеленушілерден алыстатып, ұжымнан бөлектенуіне әкеліп соғады;
  • жаза қолдануда педагогтік әдепті сақтау. Тәжірибелі педагогтар оқушылар ұжымының көмегіне, қолдауына сүйеніп, тәртіпсіз оқушыны жазалайды.

Жазаның түрлері оқушылардың жасжәне дара ерекшеліктеріне сай болып, тәрбиенің басқа тәсілдерімен байланысты болуы шарт.

Бастауыш  сыныпта тәртіп бұзуға мыналар жатады:

  • мұғалімнің талаптарына бағынбау;
  • сынып немесе үй тапсырмасын орындамау;
  • бірлі-жарым кешігулер;
  • сыныптағы, дәліздегі, серуендеуде тәртіп бұзу (жүгіруге, шулауға, қар лақтыруға, орнықтырылмаған орында футбол ойнауға тыйым салынады);
  • нормаға жатпайтын лексиканы қолдану;
  • басқа студенттерді сыйламау;
  • мектеп мүлкін біліп тұрып бүлдіру.
  • мектепте сағызды қолдану;
  • сабақ үстінде және орнықтырылмаған орында тағам жеу, сусындар ішу;
  • ұялы телефонды пайдалану;
  • мектеп мұғалімдері мен қызметкерлерін сыйламау.

Тәртіп бұзған оқушыға әсер ету шараларын қолдану 3 қадамнан тұрады.

1-қадам

Оқушы өз тәртіп бұзушылығын мұғаліммен бірге талқылап, орын алған жағдай туралы өз түсіндірмесін жазады, сондай-ақ өзінің тәртібін түзетудің жоспарын құрады. Хат оқушының ата-анасына жіберіледі және келесі күні олардың қойылған қолымен кері қайтарылады.

2-қадам

Оқушы және оның ата-анасы мұғалімдермен кездесуге шақырылады.

Сынып жетекшісі бұл кездесудің хаттамасын құрастырады. Хаттаманың көшірмесі мектеп әкімшілігінде сақталады.

3-қадам

Оқушы және оның ата-анасы әкімшілікпен кездесуге шақырылады.  Оқушымен жұмыс істеудің осы кезеңіне психолог жұмылдырылады; үнемі тәртіп бұзатын балаларға арналған психологиялық-педагогикалық қолдау бағдарламасынан баланың өтуіне мүмкіндік беріледі.

Сонымен қатар қауіпті тәртіп бұзушылыққа жататындар:

  • тәртіп бұзуды бірнеше рет қайталау;
  • дене күшін қолдану;
  • ұрлық;
  • арты қауіпке апаратын арандату әрекеттері;
  • қоршаған ортаға қауіп төндіретін тәртіп;
  • мектептен әкімшіліктің рұқсатынсыз кетіп қалу.

Жаман әдеттерді жоюда түсіндіру, талап қою, күн тәртібін орнату сияқты амалдар қолданылуы тиіс. Ұнамсыз әдетті түбірінен жою мұғалім мен ата-аналардан барлық амалдар жүйесін ұштастырып, дұрыс қолданылуын талап етеді.

Мұғалім-мектеп- ата-ана үш ұйым жұмыс істегенде ғана тәртіп бұзушылықты болдырмауға болады. Себебі біздің мақсатымыз балаға жеке тұлға ретінде қарап оларға саналы да сапалы білім  мен тәрбие беру.

 
Әдебиеттер:
1. В.А.Сухомлинский. Рождение гражданина. — Москва, 1971.
2. Н.Елікбаев. Ұлттың психология. — А., 1992.
3. Ж.Қоянбаев, Р. Қоянбаев. Педагогика. — Астана, 1998.
4. Н.В.Савин. Педагогика. — Алматы, 1983.