Ә дыбысы мен әрпі

23

Сабақтың тақырыбы: Ә дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:

  • Ә әрпімен таныстыру, ә дыбысын дұрыс айтуды үйрету, ә дыбысы дауысты дыбыс екенін меңгерту; бекіту.
  • Оқушылардың сөздік қорын молайту, өз бетімен жасай білуге баулу.
  • Сауатты әрі көркем жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: пысықтау сабақ

Сабақтың әдісі: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ жауап, практикалық, көрнекілік

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, мазмұнды суреттер, қима суреттер, кеспе әріп.

Сабақтың барысы:

І. Қызығушылықты ояту

  1. Оқушылармен амандасу

Армысың досым

Кел маған қосыл (қолымен шақырады)

Алақанға салып алақан

Шеңберге бірге тұрайық (қолдарын ұстайды)

Жер шарындай айналып

Әлемге жарық ұқсайық (айналады)

Қолымызды көтеріп

Күннің нұрын алайық (қолдарын көкке созады)

Ортамызда күн нұры

Құшаққа оны алайық (құшақтасады)

  1. Сөз жасам
Ә т е ш
л е м
с е м
д і л
м і р
ш і р

3.Үй тапсырмасын тексеру: 58-59 бет оқу

 

ІІ. Мағынаны тану

  1. Көрнекілікпен жұмыс.
  • Ә әрпін көрсету
  • Ә әріп қандай ұяшықта орналасқан?
  • Қызыл ұяшықтарда орналасқан дыбыстар қалай аталады?
  • Дауысты дыбыстар қалай айтамыз?
  • Дауысты дыбыстарды неге әндетіп, созып айтамыз?
  • Ә дыбысын айту (ә-ә-ә)
  1. Сергіту сәті

Бір аяғым – оң аяқ

Бір аяғым – сол аяқ

Оң-солымды үйрендім

Ажырата аламын.

3.Дәптермен жұмыс

  • Дәптердегі тапсырманы орындау

Көркем жазуға арналған жаттығулар:

Әә                   Әә

Аа                    Аа

әтір          әтір

әмірші     әмірші

нәрлі               нәрлі

нәсіл               нәсіл

мәсі         мәсі

мәнді               мәнді

шыдау             шыдау

 

 

ІІІ. Толғаныс

  1. Сұрақтар мен тапсырмалар
  2. Үйге тапсырма: жұмбақтар жаттау.

 

 

 

 

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ:

 

  1. Ә дыбысына қатысты жаңа сөздерді ұғынып, дыбыстық талдау жасайды. Ә әрпіне байланысты сөздерді жазып талдайды.

 

 

 

 

  • Сабақ аяқталды!
  • Сау болыңыздар!