«Қазіргі заман сынып жетекшісінің портреті»

 

«Қазіргі заман сынып жетекшісінің портреті»

Оқу –тәрбие жұмыстарын мазмұнды, үлкен даярлықпен, жауапкершілікпен ұйымдастырып, уақытпен санаспай, жүзеге асырушы басты тұлғалардың бірі- сынып жетекші.

Шәкірттеріне бағыт-бағдар беріп, өмірлік тәжірибелерін үзік сырлармен өрнектеп, алдыңғы толқын ағалар өмірін үлгі етіп, күрделі тіршілік туралы ақын-жазушы шығармаларымен таныстырып, оқытып, дамытады.

Сынып жетекшісінің еңбегі еш кетпейді. Оқушының күнделікті сабақтарға қатысуына, тәрбие жұмыстарына белсене араласуына, сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарына үлес қосуына, үйірмеге, әдебиет пен өнерге ынталануына, ғылым мен техникаға қызығуына сынып жетекшілерінің тигізер ықпалы да мол.

Сынып жетекшінің жұмысы  тек оқу-тәрбие үрдісімен ғана шектелмейді. Сынып жетекшінің жұмысы кең ауқымды да күрделі іс. Ол әр күнің оқушылар мен бөліседі, яғни қуанышы мен үрейімен, жетістіктері мен сәтсіздіктерін .

11сынып оқушыларына  «Аяқталмаған сөйлем» тәсілі ұсынылған болатын, олар «Сынып жетекші-ол…»  деген сөйлемді аяқтау керек. Жауаптар әр түрлі болды.

Кейін оқушылар  сөз таптарын пайдаланып,  «Сынып жетекшінің портретін» құрастырды.

Сынып жетекшінің портреті

I топ-зат есім

II топ- сын есім

II топ- етістік

* Тәрбиеші

* Кәсіби шебер

* Дос

* Психолог

* Оптимист

*  Көшбасшы

*  Көмекші

*Төзімді

* Еңбекқор

* Толерантты

* Мейірімді

* Қамқоршыл

* Көңілді 

* Көмек көрсетеді

* Түсінеді

* Қолдайды

* Тындайды

* Кеңес береді

 

Қазіргі заман сынып жетекшісінің маңызды кәсіби сапалары:

Беделді болу

Тез қабылдау

Педагогикалық әдіс-тәсілдерді білу

Мейірімділік

Игі істер жасауға қалауы

Мықты денсаулық

Балаларға деген сүйіспеншілік

Кәсібилік

Толеранттылық

Парыз сезімі

Талап қоя білу

Төзімділік

Оптимистік көз қарас

Оқушылар мен ата-аналар бірігіп  ақылдаса отырып, қазіргі заман сынып жетекшісіне тән қасиеттерін атады:

Кәсібилік шеберлігін— өз пәнін жетік білетін, жаңа технологияларды сабақ үрдісінде тиімді пайдаланатын маман;

Балаларға деген сүйіспеншілігін- білім беріп, қамқорлық жасайтын, сыйластықпен қарайтын, жауапкершілігі мол жан;

Заманауи имджін— сыртқы және ішкі бейнесі (киім киісі, шаш үлгісі,көңіл-күйі, дауыс ырғағы т.б.)

Толеранттылығын – әр кез төзімділік пен шыдамдылық көрсету

Мықты денсаулығын— психологиялық тұрғыданда.

 

 

Сынып жетекші болу- бұл:

*Жауапкершілікті сезіну;

*Тыңдай және түсіне білу;

*Әр балаға қамқор болу;

*Адамгершіліктің биік үлгісі болу;

*Өзін-өзі дамытуға, қоғаммен, ата-анамен, әлеуметпен қарым-қатынас жасауға,      

  оқуға,үйренуге қолдау көрсету.

*Тәртіпті қалыптастыру және  қолдау;

*Әрқашан әділ болу.     

Сынып жетекшінің ұстанымы:

*Ата-аналармен,оқушылармен   сенімді қарым-қатынас жасау

* Өзара сыйластықты орнату

 *Қызығушылықты ояту,

* Компетентілік,

*Ұйымдастырушылық қабілетін арттыру.

Күнделікті жұмыс барысында сынып жетекші жаңа технологияларды пайдаланып, жұмысын жаңартып отыру, іздені, жаңалыққа ұмтылу- бүгінгі күннің талабы.

Көптеген инновациялық технологиялардың негізгі идеясына оқушылардың танымдық қабілеттерін өздері дамыта отырып, өзін-өзі  анықтауына , өзін-өзі бағалауына қол жеткізеді.

Құзіреттілік – оқушының әрекет тәсілдерін жан-жақты  игеруінен көрінетін

білім нәтижесі. Ақпараттық құзыреттілік- бұл жеке тұлғаның әртүрлі ақпаратты қабылдау, табу, сақтау, оны жүзеге асыру  және ақпараттық коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін жан- жақты қолдану қабілеті.

 

АКТ-ны қолданудың мақсаты:

*Әр түрлі әдіс-тәсілдерді оқу- тәрбие процессінде тиімді қолдану.

*Тәжірибе алмасу, тарату.

*Байланыс орнату.

*Шығармашылыққа баулу.

Қазіргі кезде ақпараттық- коммуникациялық технологияны дамыту- білім берідің бір бөлігі. Соңғы жылдары ақпараттық- коммуникациялық технологияны  заман ағымына сай күнделікті сабақ барысында немесе тәрбие шараларында компьютер, интерактивті тақта қолдану айтарлықтай нәтиже беруде.

Ақпараттық -коммуникациялық технологияны қолдану сынып жетекшісінің жұмысын жеңілдетеді. Сыныпқа қатысты құжаттарды электрондық түрде жасақтап, күнделікті өзгерістер еңгізіп отырады; тоқсандық және жылдық бағаларын еңгізіп, оқушы үлгерімін және пәндер бойынша орташа балын  –электрондық кесте –Microsoft  Excel арқылы есептеуге болады(мониторинг, социометрия). Сынып  оқушылары  және ата-аналары туралы жалпы мәліметтер базасын-  Microsoft Access негізінде жасалады.

Интернет арқылы сынып оқушылары мен және ата-аналармен де байланыс жасауға болады.

Интернет –форумдар арқылы ата-аналар жиналысын өткізуге де болады, ата-аналар  тек сынып жетекшіге ғана емес,  мектеп әкімшілігіне де басқа да мамандарға өз сұрақтарына  жауап ала алады.

Ақпараттық -коммуникациялық технологияны пайдаланып сынып жетекші өзінің және оқушылардың шығармашылығын дамытуға болады.

АКТ-ны қолданудағы күтілетін нәтиже:

Сынып жетекші:

АКТ тәсілдерін күнделікті жұмыс барысында қолданады.

Шығармашылық топтар құрұлады.

Өзара тәжірибе алмасып, жетістіктерге жетеді.

Ата-аналармен, оқушылармен, білім беру мекемелерінің мамандарымен байланыс орнатады.

Оқушы:

Дарындылар өздерінің қабілеті мен икемділігін одан әрі бекіте түседі, әлсіздер оқуға, қоғамдық тәрбиелік шараларға ниет білдіріп, сенімсіздіктен арылады.

Оқушының оқуға деген ынтасы артады.

Оқушыға әр түрлі пәндер бойынша тереңірек білім алуына жағдай туады.

 

Қолданған әдебиеттер:

  1. «Жайық ұстазы» газеті
  2. «Сынып жетекшісы» журналдары
  3. «Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар» журналдары